Физиологиялық (неонатальды, жасөспірімділік), дәрілік препараттар (эстрогендер, спиронолактон, алкоголь, наркотиктер), ісіктер (эстроген- және ХГ-өндіруші), эндокринді аурулар (тиреотоксикоз, Кушинг синдромы), жүйелік аурулар (бауыр циррозы) және т.б
Патогенезі
Эстрогендердің абсолютті немесе салыстырмалы артықшылығы
Эпидемиологиясы
Пубертатты гинекомастия — 13–14 жас аралығында сау ер балалардың 50–70 %-да көрініс береді. 30жастан кіші ер адамдардың 30 %-да, ал 45 жастан асқан ер адамдардың 50%-да дамиды
Көкірек безінің қатерлі ісігі, жалған гинекомастия, гинекомастияның даму себептерін анықтау
Емі
1. Неонатальды және пубертатты гинекомастия емдік шараларды қажет етпейді және өздігімен жазылады.
2. Мүмкін болса — гинекомастия дамытқан себеп түрткіні жою.
3. Косметикалық мәселелер мен\немесе көкірек безі ұштарының тітіркенуіне байланысты тұрақты сақталған гинекомастия кезінде мастэктомия жасалынады
Болжамы
Неонатальды және пубертатты түрлерінде болжамы — қолайлы. Басқа жағдайларда гинекомастияның дамуына әкелген себептерге тәуелді