PPAR-γ , бұлшықет пен май тіндерінде глюкоза және липидтер метаболизмін белсендіреді
0,6–1,5
IV. Инсулин және инсулиннің туындылары Белгілі бір кезеңде ҚД-2-мен сырқаттанған науқастардың 30–40%-ы инсулин дәрілік заттарын қабылдай бастайды. ҚД-2 кезінде инсулиндік терапияға көрсеткіштер 7.4 бөлімде көрсетілген. ҚД-2-мен сырқаттанған науқастарды инсулиндік терапияға көшірудің жиі варианты әсері ұзартылған инсулинді (БХП инсулині, гларгин немесе детемир) таблетка түріндегі қант деңгейін төмендететін дәрілермен қатар тағайындау болып табылады. Ашқарындағы гликемия деңгейін метформинмен реттей алмаған жағдайда немесе соңғысына қарсы көрсеткіш болғанда, науқасқа кешке (түнде) инсулин егуі тағайындалады. Таблетка түріндегі дәрілермен ашқарынға немесе постпрандиальды гликемияны реттеуге мүмкіндік тумаса, науқас моноинсулинотерапияға көшіріледі. Әдетте, ҚД-2 кезінде инсулиндік терапия «дәстүрлі схема» бойынша жүргізіледі, яғни ұзартылған немесе қысқа әсерлі инсулиннің бекітілген мөлшерін тағайындау. Бұл кезде бір флаконда қысқа (ультрақысқа) немесе ұзақ әсерлі инсулині бар стандартты инсулин қоспаларын қолданған ыңғайлы. Дәстүрлі инсулиндік терапия ҚД-2-мен сырқаттанған егде жастағы науқастарға тағайындалады, себебі мұндай науқастар инсулин мөлшерін өзбетінше реттеп өзгерте алмайды. Сонымен қатар, басты мақсаты қалыпты, яғни қалыпты гликемияға жақын деңгейде көмірсу алмасуының компенсациясын қамтамасыз етуге негізделген қарқынды инсулиндік терапия гипогликемияның даму қаупін арттырады.
Егер жас науқастарда жеңіл гипогликемия аса қауіпті болмаса, гипогликемияны анықтайтын табалдырықтың төмендеуі байқалған егде науқастарда ол жүрек-қантамыр жүйесі жағынан жағымсыз асқынуларды тудыру мүмкін. ҚД-2-мен сырқаттанған жас науқастарға, сонымен қатар сәтті оқытуға болатын науқастарға инсулинотерапияның қарқынды варинатын тағайындауға болады.
Болжамы ҚД-2-мен сырқаттанған науқастардың өлімі мен мүгедектігіне әкелетін басты себептердің бірі кеш асқынулар, әсіресе диабеттік макроангиопатия болып табылады (7.8 бөлімді қараңыз). Жеке кеш асқынулардың даму қаупін анықтайтын кешенді түрткілерді тиісті бөлімдерде талқылаймыз. Олардың дамуына әкелетін басты әмбебап түрткі- созылмалы гипергликемия. Мысалы, ҚД-2-мен сырқаттанған науқастарда HbA1c деңгейінің 1%-ға төмендеуі жалпы өлім көрсеткішінің шамамен 20%-ға, ал 2 % және 3 % төмендеуі —сәйкес 40 % және 60 %-ға төмендеуін көрсетеді.