Эндокринология



бет223/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   285
7.8.4. Диабеттік нейропатия
Диабеттік нейропатия (ДНЕ) дегеніміз жүйке жүйесінің зақымдануы нәтижесінде дамитын синдромдардың ұштасуы. ДНЕ жүйке жүйесінің бөлімдерінің зақымдануына (сенсомоторлы, автономды) мен таралуына және ауырлық дәрежесіне қарай жіктеледі (7.20 кесте).


I. Сенсомоторлы нейропатия:
— симметриялық;
— фокальды (мононейропатия) немесе полифокальді (краниальді, проксимальды моторлы, кеуде және аяқ-қол мононейропатиясы).
II. Автономды (вегетативті) нейропатия:
— кардиоваскулярлы (ортостатикалық гипотензия, жүрек денервациясы синдромы);
— гастроинтестинальды (асқазан атониясы, өт жолдарының дискинезиясы, диабеттік энтеропатия);
— урогенитальды (бүйрек және жыныс жүйесі қызметтерінің бұзылуы);
— науқаста гипогликемияны түсініп білу қабілетінің бұзылуы;
— көз қарашығы қызметінің бұзылуы;
— тер бездері қызметінің бұзылуы (дистальды ангидроз, тағам қабылдау барысында дамитын гипергидроз).


7.20 кесте. Диабеттік нейропатия



Этиологиясы мен патогенезі

Глюкоза метаболизмінің полиолды жолының белсенуі, жүйке жүйесі жасушаларының мембраналық және цитоплазмалық ақуыздарының гликолизденуі; микроангиопатия vasa nervorum

Эпидемиологиясы

ҚД-нің екі түрінде де таралу жиілігі шамамен 30% .

Басты клиникалық көріністері

Сенсомоторлы нейропатия: парестезия, сезімталдылықтың төмендеуі, аяқтың ауруы, «мазасыз аяқ синдромы». Вегетативті нейропатия: тыныштық тахикардиясы, ортостатикалық гипотония, гастропарез, нейрогенді қуық, эректильды дисфункция

Диагностикасы

Сезімталдықтың әр түрлерін бағалау (ең алдымен, табанның), вегетативті нейропатияның диагностикалау мақсатында функциональды сынақтар (ортостатикалық, Вальсальва)

Салыстырмалы диагностикасы

Басқа генезді нейропатия. Автономды нейропатияның басқа генезді органды патологиямен салыстырмалы диагностикалау қажет

Емі

Қант деңгейін төмендететін терапияны оңтайландыру, аяқ күтімі, нейротропты дәрілер, симптоматикалық терапия

Болжамы

Ерте сатысында тұрақты ҚД-тің эугликемиялық компенсациясы сақталғанда үрдіс қайтымды





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет