Эндокринология


ҚАНТТЫ ДИАБЕТ ЖӘНЕ ЖҮКТІЛІК



бет230/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   285
7.9. ҚАНТТЫ ДИАБЕТ ЖӘНЕ ЖҮКТІЛІК
Гестацилық қант диабеті (ГҚД) — алғаш рет жүктілік кезінде анықталған глюкозаға деген толеранттылықтың өзгерісі (7.23кесте). Бұл анықтама жүктілікке дейін де көмірсу алмасуының патологиясының болу мүмкіндігін жоққа шығара алмайды. ГҚД-ін бұрын диабетпен ауыратын әйелде (жасына қарай, жиі ҚД-1) жүктіліктің даму жағдайынан ажырата білу қажет.


Этиологиясы мен патогенезі
ГҚД ҚД-2 ұқсас. Овариальды және плацентарлы стероидтардың деңгейінің жоғары болуы, бүйрек үсті безі мен кортизол өндірілуінің артуы жүктілік кезінде физиологиялық инсулинрезистенттіліктің дамуына әкеледі. ГҚД кезінде дамитын инсулинрезистенттілік және инсулинге деген жоғары сұраныс бейім әйелдерде ұйқыбездің β-жасушаларының функционалдық мүмкіндігінен асып кетеді. Босанғаннан кейін гормональды және метаболикалық арақатынастардың бастапқы күйіне қайта оралуынан, әдетте бұл жағдай өтеді.


7.23 кесте. Гестациялы қант диабеті



Этиологиясы мен патогенезі

ҚД-2 ұқсас.
Тұқымқуалаушылық физиологиялық гестациялы инсулинрезистенттілікпен және қауіп факторларымен ұштасады:
— жас шамасының 30 жастан жоғары болуы
— артық дене салмағы
— жақын туыстарында ҚД-2 болуы
— глюкозурия
— гидрамнион және құрсақтағы баланың ірі болуы
— алдыңғы жүктілігінде дене массасы 4000 г нәресте туылуы немесе өлі туылуы
— ҚД-2 даму қаупі жоғары нәсіл мен ұлтқа жатуы

Эпидемиологиясы

Барлық жүктілердің 1–14% (АҚШ пен Ұлыбританияда 3–4 %)

Басты клиникалық көріністері

Әдетте дамымайды

Диагностикасы

Гипергликемия; қатерлі топтарда ОГТС

Салыстырмалы диагностикасы

Шынайы ҚД, жүктілердің глюкозурияся

Емі

Гипокалориялық емдәм; компенсацияға қол жеткізу мүмкін болмағанда — инсулиндік терапия

Болжамы

ҚД оңтайлы емес компенсациясы нәтижесінде нәрестеде түрлі патологияның дамуы қаупі 30%, босанғаннан кейін алғашқы тәулікте дамитын гипогликемия — 45%. Әйелдердің 50%-да алдағы 15 жылда ҚД-2 манифестацияланады

ГҚД әдетте жүктіліктің 2 үшайының ортасында, 4 және 8 ай аралығында дамиды. Науқастардың басым көпшілігінің анамнезінде туыстарында ҚД-2 және артық дене салмағы тән. ГҚД дамуына әсер ететін қауіп факторлары мен ГҚД даму қаупі төмен әйелдер тобы төмендегі кестеде келтірілген (7.24 кесте).




7.24 кесте. Гестациялық қант диабетінің дамуына әсер ететін қауіп факторлары





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет