Емі ДТС-ның нейропатиялық-инфицирленген түрін емдеу келесі шаралардың кешенінен құралады:
— ҚД компенсациясын оңтайландыру, яғни инсулин мөлшерін жоғарылату, ал ҚД-2 кезінде— инсулинге ауыстыру;
— жүйелік антибиотикотерапия;
— табанға түсетін жүктемені азайту (бұл бірнеше апта ішінде ұзақ жылдар бойы сақталған ойық жараның жазылуына әкелуі мүмкін);
—гиперкератоз аймақтарын алып тастау мен жараны жергілікті өңдеу;
— аяқ күтімі, аяқ киімді таңдай білу және арнайы аяқ киімді кию.
Уақытында жүргізілген консервативті терапия 95% жағдайда оперативті араласусыз емдеуге мүмкіндік береді.
7.22 кесте.ДТС-ның клиникалық түрлерінің салыстырмалы диагностикасы
Вибрациялық, ауыру және температуралық сезімталдылықтың бұзылуы («шұлық» және «қолғап» типті бойынша),
сонымен қатар тізе және өкше рефлекстерінің әлсіреуі, бұлшықет атрофиясы
Тізе мен тобық қантамырларының медиасклерозы (tunica media қантамырларының кальцификациясы)
ДТС-ның ишемиялық түрінің емі негізделеді:
• ҚД компенсациясын оңтайландыру, яғни инсулин мөлшерін жоғарылату, ал ҚД-2 кезінде— инсулинге көшіру;
• ойық жара-некроздық зақымданулардың болмауы кезінде эрготерапия (коллатеральді айналымның қалыптасуы үшін тәулігіне 1–2-сағат жаяу жүру);
• зақымданған қантамырларға реваскуляризациялық операциялар;
• консервативті терапия: антикоагулянттар, қажет болғанда аспирин (100 мг/тәу) — фибринолитиктер, простагландин E1 және простациклин препараттары.
ДТС барлық түрінде кең таралған іріңді-некротикалық үрдіс кезінде ампутация жөнінде сұрақ қойылады.
Болжамы Барлық орындалған аяқ ампутацияларының 50-70%-ы ҚД-не тиесілі. ҚД-мен сырқаттанған науқастарда аяқ ампутациясы диабетпен ауырмайтындармен салыстырғанда 20–40 есе жиі орындалады.