ҚБ жіңішке инелі аспирациялы биопсиясы (ЖИАБ) барлық пальпацияланатын түйінді түзілістерде және УДЗ бойынша диаметрі 1 см-ден асатын түйіндерге тағайындалады. ЖИАБ кіші түйінді түзілістерге қатерлі ісікке тән эхографиялық белгілер анықталғанда жасалады. ЖИАБ басты мақсаты— түйінді жемсаумен дамитын сырқаттарды салыстырмалы диагностикалау.
ЖИАБ УДЗ бақылауында жүргізу зерттеудің ақпараттылығын арттырады, әсіресе кистозды өзгерістер мен диаметрі бойынша үлкен емес түйінді түзілістерде. ЖИАБ-дан кейін гистологиялық емес, цитологиялық зерттеудің жүргізілетінін айта кеткен жөн, яғни ҚБ тілімін зерттеу емес, өзгерген жасушаларды зерттеу.
ҚБ ауруларын диагностикалауда МРТ және КТ секілді қосымша зерттеу әдістері қолданылады. МРТ мен КТ көрсеткіштері өте сирек кездеседі, мысалы: көкірек аралық ағзаларын жаншитын көкірек арты жемсауын визиуализациялау. Бұл жағдайда КТ қарағанда МРТ ақпаратты. Сонымен қатар, ол эндокринді офтальмопатия емінің әсерін диагностикалау мен бағалауда қолданылуы мүмкін.
Аспаптық зерттеулер арасында өңешті бариймен контрастап көкірек арты кеңістігі мен мойын ағзаларын (кеңірдек, өңеш) рентгенографиялық зерттеу өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Бұл зерттеу үлкен көлемдегі жемсау трахеяны ығыстырған деген күмән туғанда тағайындалады.
3.3. ҚАЛҚАНША БЕЗ АУРУЛАРЫНЫҢ ЖІКТЕМЕСІ
ҚБ ауруларының жалпы қабылданған жіктемесі жоқ. Жіктеменің негізінде қалқанша без қызметіне (гипертиреоз, гипотиреоз, эутиреоз) тәуелді қарапайым қағида жатыр. Төмендегі 3.3 кестеде аталған жіктеменің қысқартылған нұсқасы көрсетілген.
Жіктемені талдау барысында бірқатар терминологиялық сұрақтарды талқылау керек. Тиреотоксикоз термині ағзада тиреодты гормондардың артық болуынан дамитын клиникалық синдромды білдіреді және оның патогенетикалық үш түрін ажыратуға болады:
Гипертиреоз — ҚБ тиреоидты гормондардың гиперпродукциясы (Грейвс ауруы, көп түйінді уытты жемсау).
Деструктивті (тиреолитикалық) тиреотоксикоз - ішкі және сыртқы түрткілердің әсерінен тиреоидты фолликулалардың деструкциясы нәтижесінде оның ішіндегі тиреоидты гормондардың қанайналымға шығуымен сипатталатын ҚБ типті патологиялық реакциясы. Бұл түрде ҚБ гиперфункциясы болмайды. Деструктивті тиреотоксикозбен өтетін аурулар кезінде, мысалы жеделдеу және босанудан кейінгі тиреоидиттер ҚБ гиперфункциясымен (Грейвс ауруы) салыстырғанда айқындылығы төмен тиреотоксикозбен сипатталады. Сонымен қатар, олардың болжамы жақсы.
Достарыңызбен бөлісу: |