Эндокринология



бет8/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

тәулік уақыттары

1.1 сурет. Кортизол өндірілуінің циркадианды ырғағы



1.1 сурет

Время суток – тәулік уақыттары


Ночь- түн
День- күндіз

Сонымен қатар, мысал ретінде бөліну ырғағын «ұйқы-сергектік» жағдайында анықтауға болатын пролактин мен өсу гормонын келтіруге болады. Бірқатар эндокринді аурулардың патогенезінің негізінде гормон бөлінуінің тәуліктік ырғағының бұзылуы жатыр. Мысалы, Кушинг ауруы кезінде кортизол деңгейі таңертеңгі сағаттарда қалыпты мөлшерден ауытқымауы мүмкін, алайда кейін тәулік бойында оның физиологиялық төмендеуі байқалмай, нәтижесінде кортизолдың жалпы тәуліктік өндірілуі жоғарылап, ауыр патологияның дамуын туындатады.
Циркадты ырғақтан басқа, қандағы гормон деңгейіне көптеген биологиялық көрсеткіштер әсер етеді. Бірқатар гормондар үшін референтті көрсеткіштер жас шамасына байланысты өзгереді (1.2 сурет). Мысалы, өсу гормонының өндірілуі балалық шақта жоғары болып, жас өсе біртіндеп төмендейді. Жыныс гормондарының деңгейі, жыныстан басқа жас шамасына да байланысты екенін көрсетеді: жас есейген сайын ер адамдарда тестостерон мөлшері төмендесе, әйел адамдарда етеккір тоқтағаннан кейінгі кезеңде эстрадиол деңгейі азаяды. Әйел жыныс жүйесінің циклді сипатта қызмет етуі менструальды циклдің түрлі кезеңдерінде жыныс гормондарының да түрлі деңгейде болуын анықтайды. Осыған орай, репродуктивті жастағы әйел адамдардың жыныс гормондарының деңгейін анықтау етеккір циклінің белгіленген күндерінде жүзеге асырылады.



1.2 сурет. Ер адамдардағы тестостерон өндірілуінің жас шамасына байланысты динамикасы



1.2 сурет.
Уровень тестостерона в плазме крови – Қан плазмасындағы тестостерон деңгейі
Триместры беременности- Жүктіліктің үшайлары
Рождение- Туылу
Возраст-Жасы

Бірқатар гормондар деңгейі жүктілік кезінде өзгереді, бұл кезде жүктіліктің уақытына байланысты гормональды зерттеу нәтижелерін талдау қорытындылары бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленіп тұрады. Мысалы, жүктіліктің бірінші жартысында барлық әйелдерде тиреотропты гормон (ТТГ) деңгейі 30%-ға төмендесе, хорионды гонадотропин (ХГ) мөлшері өте жоғарғы көрсеткіштерді көрсетеді. Гормондардың деңгейіне қосалқы соматикалық сырқаттардан басқа, қабылдап жүрген дәрілік заттар, стресс (кортизол, адреналин), экология (йод қабылдауы әртүрлі аймақтардаға тироксин деңгейі), зерттеу алдында қабылдаған тағам (С-пептид) және т.б. түрткілер әсер етеді. Жоғарыда көрсетілген түрткілерден басқа, гормональды зерттеу нәтижелерін талдау қорытындыларында қателік жібермеу үшін зерттеулерді нақты қатал көрсеткіштер бойынша орындау керек.
Гипофизге-тәуелді (қалқанша без, бүйрек үсті бездерінің қыртысы, гонадалар) және басқа да эндокринді бездердің қызметін бағалаудың басты қағидасы гормондардың диагностикалық жұптарын анықтау болып табылады. Көп жағдайда гормондардың өндірілуі кері теріс байланыс механизмімен реттеледі (1.3 сурет). Кері байланыс бір жүйеге жататын горондар арасында (кортизол мен АКТГ) және гормондар мен олардың биологиялық эффекторларының арасында орнауы мүмкін (паратгормон және кальций). Сонымен қатар, жұптарды құрайтын гормондар арасында тура байланыстың болуы міндетті емес. Кейде бұл басқа да гуморальды түрткілермен, электролиттер мен физиологиялық параметрлермен (бүйрек қанайналымының көлемі, ренин-альдостерон жұптары үшін калий мен ангиотензин деңгейі) түсіндіріледі. Жұптарды құрайтын гормондарды зерттеу көрсеткіштерін жеке дара бағалау қате қорытынды жасауға әкеледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет