1.2 кесте. Науқасты қарау барысында диагнозы түсінікті (анық) аурулар
|
Кушинг синдромы
Акромегалия
Грейвс ауруы (офтальмопатия болғанда)
Тернер синдромы
Аддисон ауруы
|
Көптеген эндокринопатиялардың айқын клиникалық симптоматикасының науқастың писхикалық ерекшеліктерімен бірігуі, дәрігерде диагностикалық концепцияның бірден, науқасты алғаш қарағанынан бастап қалыптасуына септігін тигізеді және диагноз қоюда маңызды кейбір шағымдарды науқастың өзі айтпауына байланысты, дәрігер сұрастыруды белсенді түрде жүргізеді. Дегенмен, кейде тіпті тәжірибелі эндокринологтың алғашқы қорытындысы гормональды зерттеу нәтижесі бойынша да дәлелденбейтін кездер болады (мысалы, гипотиреоз).
Эндокринді ауруларды диагностикалауда жіберілетін қателіктерді 4 топқа бөлуге болады:
Айқын клиникалық симптоматиканы елемеу. Жиі бұл қателік
Кушинг синдромы мен акромегалия кезінде жіберіледі, себебі баяу дамитын клиникалық симптоматика жиі «жасқа байланысты» өзгерістер немесе жеке дара симптомдар (артериялық гипертензия, семіздік, анемия), тіпті жеке аурулар ретінде қабылданады.
Зертханалық зерттеу әдістерінің маңыздылығын асыра бағалау.
Гормондар деңгейін «кез-келген жағдайға» тексере салу, зертханалық мәліметтерді абсолюттік диагностикалық маңыздылыққа әкеледі. Гормональды зерттеудің нәтижелерін талқылауда жиі жіберілетін қателіктердің көзі материалды жинау ережелерін елемеу (консерванттарды, антикоагулянттарды және т.б. қосу), сонымен қатар гормональды зерттеу әдістемесін сақтамау болып табылады.
Аспаптық зерттеу әдістерінің маңыздылығын асыра бағалау.
Жиі сырқаттың клиникалық көрінісін талдамай және қажетті гормондар деңгейін анықтамай, бүйрек үсті бездері мен аналық бездердің УДЗ, бүйрек үсті бездерінің және бастың компьютерлік немесе магнитті-резонансты томографиясын өткізу, сәйкес мүшелердің патологиясы жөнінде нақты емес қорытынды жасауға негіз болып табылады. Сонымен қатар, анатомиялық құрылымның орналасу түрлері немесе қалыптыдан сәл ғана ауытқуы патологиялық үрдіске тура көрсеткіш болып, дамымаған жоқ сырқаттың диагнозын қоюға әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |