Алғы сөз Эндокринология — гормондардың биосинтез үрдісі мен әсер ету механизмін, эндокринді аурулардың этиологиясын, патогенезін, клиникалық көрінісін, сонымен қатар басқа да патологияларда кездесетін эндокринді жүйе бұзылыстарын зерттейтін медицинаның саласы. Кең мағынада эндокринология ағзаның гуморальды интегративті жүйесі жөніндегі ғылым болып табылады. Бұл клиникалық және теориялық медицинаның қарқынды дамып жатқан салаларының бірі. Медицина саласындағы әрбір бесінші Нобель сыйлығының эндокринология саласындағы еңбектерге берілгендігі сөзсіз оны дәлелдейді.
Эндокринологиядағы қабылданған кейбір қалыптар қазіргі таңда жалпы биологиялық пәндердің іргетасы ретінде, тіпті күнделікті тәжірибеде қолданыс таппағаны белгілі. Алайда, соңғы жарты ғасырда клиникалық эндокринология саласындағы қол жеткізген зор жетістіктер ешкімде де күмән туғызбайды. Бұдан жарты ғасыр бұрын науқастарда эндокринологиялық сырқаттың дамуы үкім ретінде қабылданса, қазір өмір бойғы емді қажет ететін емделмейтін сырқаттардың өзі заманауи емдеу әдістері мен бақылаулар арқасында науқастарға толық құнды өмір сүруге, өзінің интеллектуальды және психологиялық ерекшеліктеріне сай мамандық таңдауға, тіпті өз отбасын құрып, сау балаларының болу мүмкіндігіне ие болып отыр.
Қазіргі таңда эндокринология негіздері жөнінде білімі жоқ дәрігер медицинаның қай саласында қызмет атқарса да қиындықтар туындауы сөзсіз. Бұл эндокринопатиялардың эпидемиялық кең таралуына ғана байланысты емес, сонымен қатар эндокринология курсындағы талданатын мәселелер дәстүрлі жеті эндокринді бездердің патологиясы шеңберінен шығып кеткендігінде. Медицинаның барлық саласындағы дәрігерлер гормоналдық терапияны қолданатыны сөзсіз, ал медицинаның кей пәндеріне заманауи тұрғыдан жақынырақ үңілсең эндокринологияның жеке бір саласы екені анық.
Оқулықты жазу барысында авторлар И.М. Сеченов атындағы Москва Медициналық Академиясының эндокринология кафедрасындағы білім берудегі көп жылдық тәжірибелерін қолданды, ал оқулықтың бірінші өңделген басылымы педагогикалық үрдістің бес жылғы тәжірибесіне негізделген болатын. Сонымен қатар, біз Ресейдің көптеген жоғарғы оқу орындарынан келіп түскен тілектер мен ескертулерді де ескердік.
Оқулықтың екінші басылымының көлемі біршама қысқарды. Бұл оқыту үрдісін интенсификациялау қажеттігінен туындаса керек, себебі іс жүзінде байқағанымыздай материалдың аса көптігі студенттерге берілген уақыт аралығында талданатын мәселенің негізгі тұстары нәтижелі меңгерілмейді, өйткені олардың ойы жан-жаққа шашырап маңызы аз тұстарға көбірек бөлінеді.Сол себепті, оқулықтың бірінші басылымы қайта өңделіп, оқулық жаңадан жазылып шықты. Тәжірибелік эндокринологиядағы клиникалық маңызды мәселелерге көбірек көңіл бөлінді. Басқа пәндерден алынған кейбір тараулар түгелдей қысқартылды.Екінші рет басылған оқулық нақты тарамдалып, аргоитмделіп және сызбалар мен кестелер түрінде берілген. Соңғы бес жылда эндокринологияның көптеген салаларына арналған нұсқаулықтар мен монографиялар басылып шықты, Интернет жүйесімен таралатын электрондық басылымдар ұйымдастырылды. Сондықтан, жаңа оқулық базалық курста эндокринология пәнін оқитын студенттер мен ординаторлар үшін нақты және пайдалы кітап болатынына сенімдіміз.
Жаңа оқулық заман талабына сай динамикалы, қысқа, әрі ақпаратты жазылған. Эндокринді ауруларды диагностикалау, емдеу, алдын алу ұстанымдары дәлелді медицинана ұстанымдары мен халықаралық клиникалық тәжірибе қалыптарына негізделген.
Түрлі бағыттардағы ғылыми-практикалық әдебиеттермен жасалған тәжірибелер, монографиялар жазуға қарағанда, іс жүзінде оқулық жасаудың күрделі міндет екендігіне көз жеткізді.
Эндокринология толассыз өркендеуде, сондықтан көптеген нұсқаулықтар мен оқулықтар жарық көрер алдында ескіріп жатады. Бірінші басылымның жарыққа шыққанынан бергі алты жыл біздің кейбір көзқарастарымызды түбегейлі өзгертті. Дегенмен оқулық үнемі жаңартуды талап етеді, пәннің белгілі бір даму кезеңін көрсетеді. Сол тұрғыдан автор өз әріптестері-эндокринология оқытушыларынан, дәрігерлер мен студенттерден ескертулер мен ұсыныстарды ризашылық сезіммен қабылдайды.
И.И. Дедов Г.А. Мельниченко В.В. Фадеев