Эндокринология


БӨЛІМ БҮЙРЕК ҮСТІ БЕЗДЕРІНІҢ АУРУЛАРЫ



бет118/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   285
4 БӨЛІМ


БҮЙРЕК ҮСТІ БЕЗДЕРІНІҢ АУРУЛАРЫ


4.1. БҮЙРЕК ҮСТІ БЕЗДЕРІНІҢ АНАТОМИЯСЫ МЕН ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Бүйрек үсті бездері — бүйректердің жоғары полюсінде шажырқай арты кеңістігінде орналасқан жұп ішкі секреция безі. Бүйрек үсті бездері XI–XII кеуде омырқалары деңгейінде орналасқан (4.1сурет).
Бүйрек үсті бездері екі дербес (жеке) морфофункционалдық эндокринді бездерден — эмбриональды шығу тегі әртүрлі милы және қыртысты заттан (тіннен) тұрады.



4.1 сурет. Бүйрек үсті бездері

4.1 сурет
Яичковые артерии- Атабез артериясы
Правая яичковая вена- Атабездің оң жақ венасы
Почечная вена- Бүйрек венасы
Мочеточник- Несеп ағар
Левая яичковая вена- Атабездің сол жақ венасы
Почка- Бүйрек
Верхняя брыжеечная артерия-Шажырқайдың жоғарғы артериясы
Левая почечная артерия- Сол жақ бүйрек артериясы
Средняя надпочечниковая вена- Бүйрек үсті безінің ортаңғы венасы
Нижняя полая вена- Төменгі қуыс вена
Аорта- Қолқа
Чревный ствол- Құрсақ бағаны
Нижняя диафрагмальная артерия- Көк еттің төменгі артериясы
Средняя надпочечниковая артерия- Бүйрек үсті безінің ортаңғы артериясы
Верхние надпочечниковая артерии- Бүйрек үсті безінің жоғарғы артериясы
Левый надпочечник- Сол жақ бүйрек үсті безі
Левая надпочечниковая вена- Бүйрек үсті безінің сол жақ венасы
Нижняя надпочечниковая артерия- Бүйрек үсті безінің төменгі артериясы

Қыртысты зат екі біріншілік бүйректер арасында орналасатын, мезодерманың бір бөлігі болып табылатын интерреналді тіннен дифференциацияланады (сараланады). Милы заты симпатикалық бағанадан шығып, интерреналді денеге енетін, яғни жүйке жүйесінің шығу тегімен ортақ, симпатобластардан дамиды. Осындай шығу тегі параганглий мен буфуркациялы хромаффинді денешіктерге жататын экстраадренальды хромаффинді тіндерге тән.
Гистологиялық мүше тінінің 80–90%-ын алып жатқан бүйрек үсті безінің қыртысты затында 3 аймақты ажыратуға болады. Капсула (қаптама) астында альдостерон бөлетін шумақты аймақ (зона) орналасады. Одан кейін глюкокортикоидты гормон өндіретін шоғырлы аймақ, ал ішкі жағында андрогендер бөлетін торлы аймақ орналасқан (4.2 сурет).
Бүйрек үсті безінің қыртысты затынан 50 жуық стероидтар бөлінген, бірақ олардың басым көпшілігі белсенді гормондар синтезінің аралық өнімі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет