Көптеген жағдайларда белгісіз. ЖДҚБО-мен балалар мен жасөспірімдердің Чернобыль авариясынан кейін йод тапшы аймақтарда сырқаттану көрсеткішінің жоғарылауы анықталды. Медуллярлы обыр кезінде- RET-протоонкогенінің мутациясы
Патогенезі
Жоғары дифференцирленген ҚБО баяу өсу мен кеш метастаз берумен, ал медуллярлы және анапластикалық рак агрессивті ағыммен сипатталады
Эпидемиологиясы
Жылына 100 000 халыққа 1 жағдай анықталады; 90–95 % жағдайда— жоғары дифференцирленген (папиллярлы, фолликулярлы) обыр; 1–4 % түйінді жемсаудың нозологиялық құрылымында
ЖДҚБО болжамы қолайлы (10-жылдық өмір сүру көрсеткіші >95%), анапластикалық ҚБО болжамы нашар
(5-жылдық өмір сүру көрсеткіші 7 %)
Эпидемиологиясы Жалпы ҚБО өте сирек дамитын сырқат. Оған барлық локализациялы обырдың 1%-ы және обырдан дамитын өлім көрсеткішінің 0,5%-ы тиесілі. ҚБО жаңа жағдайлар жиілігі жылына 100 000 адамға 0,5–10 жағдайды құрайды. АҚШ-та жыл сайын ҚБО-ның жаңа 18 000 жағдайы тіркеліп, жылына 1200 адам дүниеден өтеді. ҚБО көптеген кездерде түйінде жемсаумен сырқаттанған науқастарды диагностикалау барысында анықталады (3.8 бөлімді қараңыз). Жоғарыда көрсетілгендей түйінді жемсау құрылымында ҚБР-ына 1–4 % жағдай тиесілі болады. Басқа сырқаттар әсерінен алынған ҚБ тінін гистологиялық тексеру барысында кездейсоқ анықталған ҚБО жағдайларының жиілігі 10–20%, бірақ мұндай ісіктердің клиникалық маңыздылығ шектеледі. ҚБО жиі 40–50 жас аралығында анықталады, сирек балалар мен жасөспірімдерде дамиды. Жалпы алғанда әйел адамдарда жиі дамиды (2:1 — 3:1), бірақ егде жаста сырқаттанған ерлер саны салыстырмалы жоғары болады (3.33 кесте).