3.32 сурет Тотальная тиреоидэктомия- Тотальды тиреоидэктомия
Препараты тиреоидных гормонов не назначается - Тиреоидты гормон препараттары тағайындалмайды
Аблативная терапия 131I через 4-6 недель - 4-6 аптадан кейін 131I аблативті терапия
Супрессивная терапия L-T4 - L-T4 супрессивті терапия
Через 6 мес клин.обследов.,сцинтиграфия всего тело с 131I, УЗИ шеи, опеределение уровня тиреоглобулина - 6 айдан кейін клиникалық тексеру, бүкіл денені 131I сцинтиграфиялау, мойынды УДЗ, тиреоглобулин деңгейін анықтау
Подозрение на рецидиви/или метастазы - Қайталау күмәні бар және/немесе метастаздар
Данных за рецидив и/или метастазы нет - Қайталауы және/немесе метастаздар туралы мәліметтер жоқ
Наблюдение и клиническое обследование, опеределение уровня тиреоглобулина (на фоне терапии L-T4), УЗИ шеи – Бақылау және клиникалық тексеру, тиреоглобулин деңгейін анықтау (L-T4 емді қабылдау барысында)
Сцинтиграфия всего тело с 131I, опеределение уровня тиреоглобулина после отмены L-T4, УЗИ) - Бүкіл денені 131I сцинтиграфиялау, L-T4 тоқтатқан соң тиреоглобулин деңгейін анықтау, УДЗ
Каждые 5лет –сцинтиграфия всего тело с 131I - Әр 5 жыл сайын - бүкіл денені 131I сцинтиграфиялау
При рецидиве повторная терапия 131I- Рецидив кезінде 131I қайта терапия
Через 10 лет- увеличение интервалов между обследованиями- 10 жылдан кейін –тексеру аралықтарын ұзарту
ҚБМО кезінде комбинирленген мойын лимфаденоэктомиясымен бірге ҚБ экстирпациясын жүргізу тағайындалады. Науқастың отбасы мүшелерінде ҚБМО-ның отбасылық түрін немесе RET протоонкогенінің мутациялануымен сипатталатын КЭН-2 анықтағанда медуллярлы обырдың дамуына қарамастан профилактикалық тиреоидэктомия жөнінде сөз қозғалады. Анапластикалық обырды анықтағанда қажетті көлемдегі операциялық араласу орындалады.
Болжамы ЖДҚБО болжамы қолайлы (10-жылдық өмір сүру көрсеткіші >95%). Тіпті 131I сіңіретін алыс метастаздардың болуына қарамастан жүйелі емді жүргізу (тиреоидэктомия + терапия 131I + супрессивті терапия L-T4) 95% жағдайда 10-жылдық өмір сүру көрсеткішін көрсетеді. Анапластикалық обырдың болжамы өте нашар: диагностикалаудан бастап өмір сүру көрсеткіші 6 ай, 5-жылдық өмір сүру көрсеткіші — 7%.