Эндокринология



бет116/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

Диагностикасы
ҚБО алғашқы диагностикалаудың басты әдісі жіңішке инелі аспирациялы биопсия (ЖИАБ) және ҚБ УДЗ-сі болып табылады (3.8 бөлімді қараңыз). ҚБ обырының басым көпшілігіне нақты цитологиялық диагностика қағидалары тән. Тек фолликулярлы обырдан басқасы, себебі оның цитологиялық көрінісін фолликулярлы аденомадан ажырату мүмкін емес. ҚБМО диагностикасы ЖИАБ-дан басқа базальды және ынталандырылған (пентагастрин, кальций глюконатын енгізу көрінісінде) кальцитонин мөлшерін анықтауға негізделеді. Осы ынталандырушыларды енгізгенде ҚБМО кезінде кальцитонин мөлшері айтарлықтай артады. ҚБО кезінде ҚБ қызметі көптеген жағдайларда өзгермейді.


Салыстырмалы диагностикасы
3.8. бөлімді қараңыз.


Емі
ЖДҚБО емі төрт басты қағидаларға негізделеді (3.32 сурет):
1. Үрдістің таралуына байланысты лимфа түйіндерімен бірге мойын шелмайын алып тастайтын тиреоидэктомия.
2. Тиреоидэктомиядан кейін — потенциалды мүмкін метастаздар мен ҚБ барлық жасушаларын ликвидациялауға (қалыпты, қатерлі) бағытталған радиоактивті 131I-пен терапия.
3. Тироциттердің пролиферациясы мен өсуін ынталандыратын ТТГ деңгейін төмен мөлшерде ұстап тұруға бағытталған L-T4-мен супрессивті терапия.
4. ЖДҚБО рецидивінің басты маркерін динамикалық бағалау- қалыпты және ісік жасушаларымен бөлінетін тиреоглобулин.
Тиреоглобулин мөлшерін анықтаумен қатар науқасқа периодты түрде барлық ағзаның 123I сцинтиграфиясы немесе йодты жинайтын тіндерді, яғни метастазды анықтау мақсатында 131I-пен сцинтиграфия орындалады. Зерттеу ісік жасушаларымен йод сіңірілуін арттыратын ТТГ мөлшерінің жоғарылаған кзінде L-T4 қабылдауды тоқтатқаннан кейін жүргізіледі. Тиреоглобулин деңгейінің жоғарылап, жергілікті рецидив мәліметтері анықталып, сцинтиграфия нәтижелері бойынша алыс метастаздар болуы ісік рецидивін дәлелдейді.





3.32 сурет. Жоғары дифференцирленген қалқанша без обырымен сырқаттанған науқастарды бақылау және емдеу алгоритмі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет