Эндокринология



бет208/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

Патогенезі
Үдемелі өршіген гипергликемия мен осмостық диурез нәтижесінде айқын дегидратация туындайды, жоғарыда келтірілген себептерге байланысты оның орны толтырылмайды. Гипергликемия мен дегидратация нәтижесінде плазма гиперосмолярлығы дамиды. ГОК патогенезінің басты компоненті салыстырмалы инсулин тапшылығы мен контринсулярлы гормондардың артық өндірілуі болып табылады, бірақ ҚД-2 кезінде сақталған қалдықты инсулин секрециясы липолиз бен кетогенезді тежеп тұруға жеткілікті болғандықтан, кетоацидоздің дамуына жол бермейді.
Бірқатар жағдайларда тіндік гипоперфузия көрінісінде дамыған гиперлактатемия нәтижесінде орташа айқындылықтағы ацидоз анықталады. Айқын гипергликемия кезінде осмостық балансты сақтау мақсатында цереброспинальді сұйықтықта натрий мөлшері жоғарылайды, яғни натрий бас миы жасушаларынан шығады, оның орнына жасуға калий енеді. Жүйке жасушаларының трансмембраналық потенциалы бұзылады. Естің үдемелі бұзылуы құрысу синдромымен бірге ұштасып дамиды (7.10 сурет).


Эпидемиологиясы
ГОК ҚД-2-мен сырқаттанған егде науқастарда дамитын жедел гипергликемиялық жағдайлардың 10–30%-ын алады; 2/3 жағдайда ГОК бұған дейін ҚД диагностикаланбаған науқастарда дамиды.


Клиникалық көрінісі
Гиперосмолярлық команың клиникалық көріністерінің ерекшеліктері: —дегидратация мен гипоперфузия көріністері мен асқынуларының кешені: сусыздану, шырышты қабықтардың құрғауы, тахикардия, артериальды гипотензия, лоқсу, әлсіздік, шок;
— фокальды және жайылған құрысулар;
— қызба, лоқсу және құсу (40–65 % жағдайларда);
— қосымша сырқаттар мен асқынулардың ішінде жиі дамитындары: терең көктамырлардың тромбозы, пневмония, бас миы қанайналымының бұзылуы, гастропарез.


Диагностикасы
Клиникалық көріністеріне, науқастың жасына, анамнезінде ҚД-2, кетонурия мен кетоацидоз болмағанмен айқын гипергликемия мәліметтеріне негізделеді. ГОК-ке тән зертханалық белгілер төмендегі 7.12 кестеде көрсетелген.



7.10 сурет. Гиперосмолярлы команың патогенезі

7.10 сурет.
Относительный дефицит инсулина- Инсуллиннің салыстырмалы тапшылығы
Нарушение утилизации глюкозы инсулинзависимыми тканями- Инсулинге тәуелді тіндерде глюкоза сіңірілуінің бұзылуы
Повышение уровня контринсулярных гормонов- Контринсулярлы гормондар деңгейінің жоғарылауы
Гипергликемия- Гипергликемия
Активация глюконеогенеза- Глюконеогенездің белсенуі
Гиперосмолярность- Гиперосмолярлық
Глюкозотоксичность- Глюкозаның уытты әсері
Интеркуррентные заболевания- Интеркуррентті аурулар
Осмотический диурез- Осмостық диурез
Потеря электролитов- Электролиттердің жоғалуы
Дегитратация- Дегитратация
Рвота, диарея, прием диуретиков, кровотечение, почечная недостаточность, снижение чувства жажды- Құсу, диарея, диуретиктерді қабылдау, қан кету, бүйрек жеткіліксіздігі, шөлдеу сезімінің төмендеуі
Гиповолемический шок- Гиповолемиялық шок
Гипоксия-Гипоксия
Повышение уровня лактата- Лактат деңгейінің жоғарылауы
Снижение мозгового, почечного, периферического кровотока- Ми, бүйрек, шеткі қан айналымның төмендеуі
Анурия-Анурия
Кома- Кома







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет