Эндокринология


Салыстырмалы диагностикасы



бет209/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

Салыстырмалы диагностикасы
ҚД-тің айқын декомпенсациясына әкелетін қосымша патологиялар әсерінен дамитын ҚД-мен сырқаттанған науқастарда дамитын басқа жедел жағдайлар.
Емі
ГОК емі мен мониторингі кейбір ерекшеліктері болмаса, кетоацидоздық диабеттік комадан айырмашылығы жоқ (7.7.1 бөлім):
• алғашқы регидратацияның басым бөлігі 1-ші сағатта 1,5–2 л; 2-3-ші сағатта —1 л, кейін натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісі 500 мл/сағ;
• құрамында калийі бар ерітінділерді құюға қажеттілік, әдетте кетоацидоздық комаға қарағанда сұранысы жоғары;
• инсулиндік терапия КК кезіндегідей ұқсас, дегенмен инсулинге тапшылық аздау және гликемия деңгейін тез төмендету қажет емес, сағатына 5 ммоль/л аспау, яғни бас миы ісінуінің алдын алу мақсатында орындалады;
• гипотониялық ерітіндіні енгізуден бас тарту қажет (NaCl 0,45 %) (тек айқын гипернатриемия: >155 ммоль/л және/немесе әсерлі осмолярлық >320 мОсм/л);
• бикарбонатты енгізуге қажеттілік жоқ (рН < 7,1 ацидоз кезінде тек арнайы реанимациялық бөлімшеде).


Болжамы
ГОК кезінде летальділік көрсеткіші жоғары 15–60%. Болжамы ҚД декомпенсациясына және ГОК дамуына әкелетін ауыр қосалқы патологиялар көрініс берген науқастарда қолайсыз.


7.7.3. Гипогликемия
Гипогликемия – қан сарысуында глюкоза деңгейінің төмендеуінен (<2,2– 2,8 ммоль/л), симпатикалық жүйке жүйесінің белсену белгілері мен/немесе орталық жүйке жүйесінің дисфункциясымен сипатталатын клиникалық синдром. Гипогликемия зертханалық феномен ретінде «гипогликемиялық симптоматика» ұғымымен бірдей емес, себебі зертханалық мәліметтер мен клиникалық көріністер әдетте барлық кезде бір-біріне сай келмейді.


Этиологиясы
—инсулин, сондай-ақ сульфонилмочевина дәрілері мен олардың
туындыларын шамадан тыс қабылдау;
— өзгермеген қант деңгейін төмендететін терапия барысында тағамды жеткіліксіз қабылдау;
— алкогольді ішімдіктерді қабылдау;
— өзгермеген қант деңгейін төмендететін терапия барысында және/немесе
қосымша көмірсуларды қабылдамай физикалық жүктемемен айналысу;
— өзгермеген қант деңгейін төмендететін терапия барысында (бүйрек
жеткіліксіздігі кезінде ҚДТД-ды қабылдауды жалғастыру және оның кумуляциясы, инсулиннің бастапқы мөлшерін өзгертпеу) ҚД-нің кеш асқынуларының (гастропарезбен автономды нейропатия, бүйрек жеткіліксіздігі) және бірқатар аурулардың дамуы (бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі, гипотиреоз, бауыр жеткіліксіздігі, қатерлі ісіктер);
—инсулин енгізу техникасының бұзылуы (тері астына енгізудің орнына бұлшықетке енгізу);
— артифициальды гипогликемия (науқастың өзі ҚДТД шектен тыс қабылдауы);
— органикалық гиперинсулинизм — инсулинома (10.3 бөлімді қараңыз).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет