Эндокринология



бет211/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

Адренергиялық симптомдар: тахикардия, мидриаз; мазасыздық, ашушаңдық; қалтырау, суық тер, парестезия; лоқсу, қатты ашығу, гиперсаливация; диарея, жиі кіші дәретке отыру.
Нейрогликопениялық симптомдар: астения, концентрацияның бұзылуы, бастың ауруы, қорқыныш сезімі, естің бұзылуы, дезориентация, әрекеттің бұзылуы, естің ауытқуы, құрысулар, өткінші салдану, кома

Диагностикасы

ҚД-мен сырқаттанған науқастарға тән симптоматика; экспресс талдау мәліметтері бойынша төмен гликемия деңгейі, көмірсуларды қабылдағанда немесе глюкозаны енгізгенде симптоматика тоқтайды

Салыстырмалы диагностикасы

ҚД-мен сырқаттанған науқастарда естен танудың және/немесе құрысу синдромына әкелетін басқа да себептер. Гипогликемия себептерінің салыстырмалы диагностикасы (төмен комплаенттілік, қосымша сырқаттар, кеш асқынулардың үдемелі дамуы)

Емі

Жеңіл гипогликемия кезінде көмірсуларды ішке қабылдау (тәтті сусындар), ауыр гипогликемия кезінде: 50 мл 40 % глюкоза ерітіндісін көктамырға енгізу және/немесе глюкагон ерітіндісін (бұлшықетке немесе тері астына)

Болжамы

Арнайы оқытылған науқастарда сырқаттың жақсы компенсациясы көрінісіндегі жеңіл гипогликемиянының болжамы оңтайлы. Жиі гипогликемиялар – ҚД нашар компенсациясының белгісі. Егде науқастарда – қантамырлық асқынуларды провокациялау қаупі (миокард инфаркті, инсульт, қасаң қабыққа қан құйылу)



Алкогольді қабылдау нәтижесінде бауырда глюконеогенез тежеледі, бұл гипогликемияға әкелетін басты түрткі болып табылады. Физикалық жүктемелер глюкозаның инсулинге тәуелсіз утилизациясына әкеледі, нәтижесінде қант деңгейін төмендететін терапия барысында және/немесе қосымша көмірсуларды қабылдамағанда гипогликемияға әкелетін себепке айналады.


Эпидемиологиясы
ҚД-1-мен сырқаттанған, қарқынды инсулинотерапияны қабылдайтын науқастарда жеңіл, тез тосқауылданатын гипогликемия аптасына бірнеше рет дамуы мүмкін және олар әдетте салыстырмалы түрде зиянсыз. Қарқынды инсулинотерапиядағы бір науқасқа жылына ауыр гипогликемияның бір жағдайы тиесілі. Көптеген жағдайларда гипогликемия түнгі кезде дамиды. ҚД-2-мен сырқаттанған инсулин қабылдайтын науқастардың 20 %-да және сульфонилмочевина дәрілерін қабылдайтын науқастардың 6 %-да 10 жылда аз дегенде бір рет ауыр гипогликемия эпизоды көрініс береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет