Эндокринология



бет210/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

Патогенезі
Гипогликемия патогенезі қанға глюкоза түсуі мен оның утилизациясы және инсулин мен контринсулярлы гормондардың деңгейі арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуына негізделеді. Қалыпты жағдайда гликемия деңгейі 4,2–4,7 ммоль/л деңгейінде болғанда, β-жасушалардан инсулиннің бөлінуі тежеледі. Гликемия деңгейінің 3,9 ммоль/л-ден төмендеуі контринсулярлы гормондардың өндірілуін үстемелейді (глюкагон, кортизол, өсу гормоны, адреналин). Нейрогликопениялық симптоматика гликемия деңгейі 2,5–2,8 ммоль/л төмендегенде көрініс береді. Инсулин мен/немесе сульфонилмочевина дәрілерін шектен тыс қабылдағанда гипогликемия экзогенді немесе эндогенді гормондардың гипогликемиялық әсер етуінен туындайды. Сульфонилмочевина дәрілерін шектен тыс қабылдағанда гипогликемиялық симптоматика дәрілік заттың тәулік бойы немесе одан да көп әсер етуіне байланысты бірнеше рет қайталануы мүмкін. ҚДТП (метформин, тиазолидиндион) әдетте өздері гипогликемияны дамытпайды, бірақ науқас сульфонилмочевина немесе инсулинмен бірге қабылдағанда қант деңгейін төмендететін дәрілердің ағзада кумуляциялануына байланысты гипогликемияның себебі болуы мүмкін (7.15 кесте).


7.15 кесте. Гипогликемия



Этиологиясы

— Инсулин және сульфонилмочевина дәрілерін шектен тыс қабылдау; жеткіліксіз мөлшерде тағам қабылдау; өзгермеген қант деңгейін төмендететін терапия барысында және/немесе косымша көмірсуларды қабылдамай физикалық жүктеме.
— Гастропарезбен автономды нейропатия, бүйрек жеткіліксіздігі, бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі, гипотиреоз, бауыр жеткіліксіздігі, қатерлі ісіктер.
— Инсулинді енгізу техникасының бұзылуы
Артифициальды гипогликемия

Патогенезі

Гликемия деңгейінің 2,2–2,8 ммоль/л-ден төмен түсуі

Эпидемиологиясы

Қарқынды инсулинотерапиядағы бір науқасқа жылына ауыр гипогликемияның бір жағдайы тиесілі. ҚД-2-мен сырқаттанған инсулин қабылдайтын науқастардың 20 %-да және сульфонилмочевина дәрілерін қабылдайтын науқастардың 6%-да 10 жылда бір рет ауыр гипогликемия эпизоды болады

Басты клиникалық көрінісі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет