Эндокринология



бет225/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   285
Диагностикасы
ҚД-мен сырқаттанған науқастарды неврологиялық тексеруді жыл сайын жүргізу қажет. Ол минимальды түрде дистальды сенсомоторлы нейропатияны анықтауға бағытталған тестерді жүргізуді білдіреді. Бұл үшін градуирленген камертон арқылы вибрациялық сезімталдықты, монофиламенттер көмегімен тактильды сезімталдықты, сонымен қатар температуралық және ауырсыну сезімталдығын анықтайды. Көрсеткіштер бойынша вегетативті жүйке жүйесінің жағдайы зеттеледі: жүректің парасимптатикалық иннервациясы жеткіліксіздігін диагностикалау мақсатында бірқатар функционалдық сынамалар қолданылады, мысалы жүрек ырғағының вариабельділігін бағалаумен терең тыныс алу барысында ЖЖЖ анықтау, Вальсальва сынамасы; жүректің симпатикалық иннервациясының жеткіліксізділігін диагностикалау мақсатында ортостатикалық сынамалар жүргізу.


Салыстырмалы диагностикасы
Басқа генезді нейропатия (алкогольды, уремиялық, В12-тапшылықты анемия және т.б.). Қандай да бір ағзаның дисфункциясы диагнозы вегетативті нейропатия нәтижесінде тек органды патологияны жоққа шығарғаннан кейін ғана қойылады.


Емі
1. Қант деңгейін төмендететін терапияны оңтайландыру.
2. Аяқ күтімі (7.8.5 бөлімді қараңыз).
3. Нейротропты дәрілердің әсерлігі (α-липой қышқылы) барлық зерттеулерде расталмайды.
4. Симптоматикалық терапия (ауырсыздандыру, эректильды дисфункция кезінде силденафил, ортостатикалық гипотония кезінде флудрокортизон.).


Болжамы
Бастапқы сатыларда ДНЕ ҚД-нің тұрақты компенсациясы көрінісінде қайтымды болуы мүмкін. ДНЕ науқастардың 80%-да ойықты жараланумен көрінеді және ол ҚД кезінде аяқтың ампутациясына әкелетін басты қауіп факторы болып табылады.


7.8.5. Диабеттік табан синдромы
Диабеттік табан синдромы (ДТС) — шеткі жүйкенің, тері мен жұмсақ тіндердің, сүйек пен буындардың зақымдану көрінісінде жедел және созылмалы ойық жаралармен, сүйек-буындық зақымданулармен және іріңді-некроздік үрдістермен сипатталатын ҚД кезінде дамитын табанның патологиялық жағдайы (7.21 кесте).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет