Этиологиясы мен патогенезі
бет 226/285 Дата 30.08.2023 өлшемі 17,53 Mb. #105688 түрі Оқулық
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym Этиологиясы мен патогенезі
ДТС патогенезі көпкомпонентті және инфицирленуге бейім нейропатикалық және перфузионды бұзылыстардың ұштасуымен көрінеді. Патогенезінде аталған түрткілердің дамуына байланысты, ДТС 3 басты түрін ажыратуға болады:
7.21 кесте. Диабеттік табан синдромы
Этиологиясы мен патогенезі
Нейропатикалық түрі (70%): трофикалық иннервацияның төмендеуі, тірек нүктесінің өзгеруі, ауырсыну сезімталдығының төмендеуі, инфицирлену.
Ишемиялық (3-7%) және нейроишемиялық (15–20%) түрі: аяқ қантамырларының атеросклерозы
Эпидемиологиясы
Науқастардың 10–25%, кейбір мәліметтерге сүйенсек ҚД-мен сырқаттанған науқастардың 30–80%-да көрініс береді
Басты клиникалық көрінісі
Нейропатикалық түрі : барлық сезміталдықтың төмендеуі , табан деформациясы, ойық жараның инфицирленуі (әсіресе өкшеде, саусақ аралықтарда), остеоартропатия.
Ишемиялық түрі : «ауыспалы ақсақтық», табан қантамырларындағы пульсацияның төмендеуі, акральды некроз типі бойынша ойық жаралар (саусақ ұштары, өкше)
Диагностикасы
Аяқты қарау, неврологиялық статус пен артериялық қанайналымды бағалау , рентгенография, жарадан бөлінген бөліндіні бактериологиялық зерттеу
Салыстырмалы диагностикасы
Генезі басқа табанда дамитын жаралар, қантамырлардың басқа окклюзиялы аурулары, ДТС клиникалық түрлері арасында
Емі
Диабет компенсациясы, аяқ күтімі, науқастарды оқыту. Нейропатикалық түрі : табанға жүктемені азайту, антибиотикотерапия, жараны өңдеу , дұрыс аяқ қиім таңдау.
Ишемиялық түрі : эрготерапия, реваскуляризациялық операциялар, аспирин, антикоагулянттар , тромболитиктер, простагландин дәрілері
Болжамы
ҚД-мен сырқаттанған науқастарда аяқ ампутациясы диабетпен ауырмайтындармен салыстырғанда 20–40 есе жиі орындалады
Достарыңызбен бөлісу: