Клиникалық көріністері
ДТС-нің нейропатиялық түрінде зақымданудың екі түрін ажыратады: нейропатикалық ойық жара және остеоартропатия (Шарко буынының дамуы). Нейропатикалық ойық жаралар әдетте табан және саусақ аралықтарында, яғни қысым көп түсетін аймақтарда орналасады (7.12сурет).
7.12 сурет. Диабеттік табан синдромы кезінде дамитын нейропатиялық ойық жара
Табанның сүйек-байлам аппаратының деструктивті өзгерістері көптеген айлар бойы үдемелі дамып, айқын сүйек деформациясына әкеледі — диабеттік остеоартропатия және Шарко буынының түзілуі, бұл кезде табанды «сүйекке толы қаппен» салыстыруға болады (7.13сурет).
7.12 сурет. Диабеттік табан синдромы кезінде дамитын Шарко буыны
ДТС-ның ишемиялық түрінде табан терісі суық, бозғылт немесе цианозды, сирек жағдайда ишемияға жауап ретінде беткей капиллярлардың кеңеюінен ақшыл-қызыл түсті болады. Ойық жаралар акральды некроз түрі бойынша дамиды- саусақ ұштарында, өкшенің шеткі қырларында (7.14 сурет).
Тобық, тізе және сан артерияларында пульс әлсіз болады немесе пальпацияланбайды.
Типті жағдайларда науқастар «ауыспалы ақсақтыққа» шағымданады. Аяқтың ишемиялық зақымдануының ауырлығы үш фактор бойынша анықталады: стеноз ауырлығымен, коллатарельді қанайналымның түзілуімен, қан ұю жүйесінің жағдайымен.
Диагностикасы
ҚД-мен сырқаттанған науқастың аяғын қарау әрбір дәрігерге келу барысында, жарты жылда бір реттен кем емес орындалуы тиіс. ДТС-ның диагностикасы негізделеді:
• аяқты қарау;
• неврологиялық статусты бағалау— түрлі сезімталдық түрлерінде, сіңір рефлекстері, электромиография;
• артериялық қанайналым жағдайын бағалау — ангиография, доплерометрия, доплерография;
• табан мен тобық буындарының рентгенографиясы;
• жарадан бөлінген бөліндіні бактериологиялық зерттеу.
Салыстырмалы диагностикасы
Басқа генезді табанда дамитын жаралар, қантамырлардың басқа окклюзиялы аурулары, табан буынының басқа патологиялары, ДТС клиникалық түрлері арасында жүргізіледі (7.22 кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |