Энергетика


 дәріс. Электр қондырғыларындағы қорғау шаралары



Pdf көрінісі
бет9/19
Дата30.03.2023
өлшемі0,72 Mb.
#77619
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
Энергетика

7 дәріс. Электр қондырғыларындағы қорғау шаралары 
Дәріс мақсаты: электр қондырғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздікті 
қамтамасыз ететін шаралармен танысу. 
Қолданыстағы электр қондырғыларында жұмыс істеу, сондай-ақ электр 
құралдарын пайдалануы мүлдем қауіпсіз болу үшін барлық жұмысшылар 
техникалық пайдалану және қауіпсіздік ережелерін сақтауға тиіс. Ережелерді 
сақтамаған жағдайда дәл осындай жұмыс қауіпті болуы мүмкін және 
жазатайым оқиғаларға әкелуі мүмкін. Электр қондырғыларының қауіпсіздігіне 
келесі қорғаныс тәсілдерін қолдану арқылы қол жеткізіледі [2,4]: 
1) Жерге тұйықтау - қалыпты режимінде кернеуі жоқ металл 
бөліктердің жерге тұйықтау құрылғысымен әдейі электр жалғануы. Нейтралі
оқшауланған желілердің негізгі қорғанысы. Қорғаныстық жерге тұйықтау 
кедергісі аз болған сайын, оқшаулаудың 
бұзылуы
кезінде осы бөліктердегі 
кернеу соғұрлым аз болады. 


25 
2) Нөлдеу – электр қондырғыларының кернеу астында болуы мүмкін тоқ 
жүрмейтін металл бөліктерін үш фазалы желілерде ток көзінің тікелей 
жерленген орамдарының бейтараптама нүктесімен, бір фазалы желілерде ток 
көзінің тікелей жерленген орамдарының шықпасымен және тұрақты ток 
желілерінде энергия көзінің тікелей жерленген орамдарының ортаңғы 
нүктесімен алдын ала электрлік жалғау. 
Нөлдеу екі қорғаныстық әрекетті жүзеге асырады: бұзылған қондырғыны 
қоректендіру желісінен тез арада автоматты түрде өшіру және жерге 
байланысты кернеу астында қалған нөлденген ток жүрмейтін металл 
бөліктердің кернеуін төмендету.
3) Потенциалдарды теңестіру - бұл потенциалдарының теңдігіне қол 
жеткізу үшін өткізгіш бөліктердің электрлік қосылуы. Жанасу кернеуінен 
қорғау. 
4) Потенциалдарды теңгестіру - жер бетінде, еденде немесе олардың 
бетінде салынған және жерге тұйықтау құрылғысына қосылған қорғаныс 
өткізгіштерінің көмегімен немесе жердің арнайы жабындарын қолдану 
арқылы жер немесе еден бетіндегі потенциалдың айырмашылығын төмендету. 
5) Қорғаныстық ажырату -токпен зақымдану қаупі туындаған кезде 
электр қондырғының Автоматты ажыратылуын қамтамасыз ететін тез әрекет 
ететін қорғаныс. Мұндай қауіп келесі жағдайларда туындауы мүмкін: 
- электр жабдығының корпусына фазаның тұйықталуы; 
- жерге қатысты фазалардың оқшаулау кедергісі белгілі бір шектен 
төмендеген кезде; 
- желіде жоғары кернеудің пайда болуы
- адамның кернеудегі ток өткізгіш бөлігіне жанасуы. 
6) Электротехникадағы оқшаулау - электр тогының өтуіне кедергі 
келтіретін жабдық конструкциясының элементі, мысалы, адамды қорғау үшін.
Оқшаулау 
үшін 
диэлектрлік 
қасиеттері 
бар 
материалдар 
пайдаланылады: пластмасса, резеңке, фарфор, шыны, қағаз және т.б. Сондай-
ақ, оқшаулағыш рөлін атқаратын ауа пайдалынады. Оқшаулағыш материалдар 
тозған немесе қызған кезде өз қасиеттерін жоғалтуы немесе механикалық 
әсермен зақымдануы мүмкін. Сондықтан оқшаулауды үздіксіз бақылау қажет. 
7) Қос оқшаулау - жұмыс және қосымша оқшаулаудың жиынтығы, 
көбінесе тасымалданатын электр аспаптарында қолданылады. 
8) Бір тізбекті екінші тізбектен ажыратуға мүмкіндік беретін 
тізбектердің қорғаныштық электрлік бөлінуі. Бұл ретте энергияны бір 
тізбектен екіншісіне беру қамтамасыз етілуі тиіс. Мұндай байланыссыз 
энергия 
беру 
трансформатордың 
көмегімен 
электрмагниттік 
өріс, 
электромеханикалық жүйелер (мысалы, электр қозғалтқыш және генератор), 
айналмалы жиілік түрлендіргіштері және т. б. арқылы қамтамасыз етілуі 
мүмкін. Электр қондырғыларда трансформация коэффициенті бірге тең 
бөлгіш трансформаторларды қолдана отырып, бірінші әдіс ең көп 
қолданылды. Ажыратқыш трансформатордың бастапқы және екінші 
орамдарының арасындағы тесікті болдырмау үшін оларды оқшаулауға жоғары 


26 
талаптар қойылады, оны қосарлы немесе күшейтілген қылып орындайды. 
Әрбір ток қабылдағышты өзінің трансформатормен жинақтайды. 
9) 
Жоғары 
кернеудің 
төмен 
желіге 
ауысуынан 
қорғау. 
Трансформаторлардан қоректенетін электр желілерінде жоғары кернеудің 
төмен кернеу желісіне өтуін болдырмау шаралары қабылдануы тиіс, ол 
жоғары кернеу орамасының саңылаусыздықтың бұзылуы кезінде және жалпы 
металл қаптамаға немесе темір өзекшеге тұйықталғанда мүмкін. 
Қорғау тәсілдері нейтраль режиміне байланысты: 
а) жоғыры кернеулі желінің нейтралі жерленген- төмнгі кернеулі 
желінің жерге тұйықталуы трансформатордың ажыратуылына әкеледі, яғни 
қорғаныстың іске қосылу арқылы. 
б) 1000 В жоғары желі оқшауланған, ал төменгі желі жерге тұйықталған. 
Орамдардың арасында тұйықталғанда жерге тұйықталу болады. 
в) Нейтралдері оқшауланған жоғары және төменгі желілер. Бұл 
жағдайда жоғары желіден төмегі желіге өту өте қауіпті құбылыс. Егер төменгі 
желісінде нейтралды жерге тұйықтау мүмкін болмаса, онда нейтралды жерге 
тесетін сақтандырғыш арқылы қосады.
10) Кернеудегі оқшауланбаған бөліктерді қол жетімсіз биіктікте 
орналастыру немесе кернеу астындағы электр қондырғының бөлшектерімен 
кездейсоқ жанасу мүмкін емес ету үшін оларды жабылатын қаптамалармен 
және қоршаулармен қорғау.
11) Шағын кернеулерді қолдану (12-36 В дейін). Мұндай кернеу кезінде 
тасымалды шамдарды, тасымалды электр аспабын пайдаланады. Аса қауіпті 
үй-жайларда 
жергілікті 
жарықтандыру 
аккумуляторлардан 
немесе 
төмендететін трансформаторлардан алынатын төмен кернеу болуы мүмкін. 
12) 
Жеке қорғану құралдарын — диэлектрлік қолғаптар, боталар және 
галоштар; кілемдер мен 
төсеніште
р; электр өрісінен қорғайтын экрандар, 
экрандаушы арнайы киімдер; оқшаулағыш тұғырық; оқшаулағыш тұтқалары 
бар аспаптар, сондай-ақ ескерту плакаттары мен жазуларды қолдану.
13)
Механизмдерді қауіптілік туралы сигнал беретін және кернеудегі 
сымдармен қауіпті жақындасуды болдырмайтын қауіпсіздік құралдарымен 
жабдықтау. Мысалы, аспаптардың бірінде Кранның жебесі сымдарға 
жақындағанда қызыл шам жанады, дыбыстық сигнал беру іске қосылады және 
содан кейін дизель қозғалтқышының қоректендіру арналарын жабу немесе 
іштен жану қозғалтқышындағы от алдыру тізбегінің үзілуі арқылы машина 
автоматты түрде тоқтатылады. 
14) 
Блоктауды, яғни қате әсерлерді болдырмайтын арнайы 
құрылғыларды қолдану. Мысалы, қосалқы станциялардың ұяшықтарының 
есіктерінде, электр аппаратурасы бар шкафтардың есіктерінде, рубильниктері 
бар жәшіктердің қақпақтарында және басқа аппаратурада есікті ашуға немесе 
кернеу алынғанға дейін қақпақты алуға мүмкіндік бермейтін блоктау 
қолданылады. 
Электр қондырғыларының жұмыс шарттары мен типтері әртүрлі, 
сондықтан әрбір нақты жағдайда монтаждық, жөндеу немесе пайдалану 


27 
жұмыстарын ұйымдастырудың мұқият ойластырылған сұлбасы бойынша 
әрекет ету және электр қауіпсіздігіне кепілдік бере алатын құралдарды немесе 
олардың үйлесімдерін ғана қолдану қажет. Аталған қорғаныс тәсілдерінен 
басқа, электрқондырғылардың жұмысын жалпы жақсартуға бағытталған және 
бір уақытта электрқауіпсіздік жағдайын жақсартуға бағытталған басқа да 
шаралар бар. Мысалы, жерге ағып кету тогының сыйымдылық 
құраушысының компенсациясы жерге тұйықталу тогын айтарлықтай 
төмендетуі мүмкін, демек, токтың зақымдану қаупін де төмендетеді. Үш 
фазалы желі фазаларының біркелкі жүктемесі біркелкі емес жүктеме кезінде 
туындайтын және жағымсыз құбылыстардың қатарын тудыратын кернеудің 
симметриялы еместігін болдырмайды. Өндірістік персонал мен халық 
арасында электр жарақатының алдын алу, персоналды оқыту және біліктілігін 
арттыру маңызды шара болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет