Енжар иммунопрофилактика және жануарлардың инфекциялық ауруларын арнайы емдеу құралдары


Гипериммунды қансарысуын даярлау технологиясы



бет8/8
Дата20.12.2023
өлшемі177,62 Kb.
#141440
1   2   3   4   5   6   7   8
Гипериммунды қансарысуын даярлау технологиясы

Сарысуды фибриндерден тазартады. Арнайы ыдыстарда 2 айға дейін қалдырып, содан кейін сүзгіден өткізеді. Тазаланған қансарысуын 100 мл-лік флакондарға құяды. Флакондарды тығындайды. Этикетка жабыстырып, бақылауға жібереді.


Өндірістік жағдайда сарысуды тазартып, концентрациясын реттеу үшін төмендегі әдістер пайдаланылады:
  • ферментативті гидролиз; қышқыл ортада сарысуды қыздыру;
  • тұзбен фракциялау;
  • белсенді емес ақзаттардан қосымша тазарту үшін сорбенттер пайдаланылады; біл кезде 80-85% артық ақзаттардан тазартылады.

Қансарысуының сапасын бақылау
  • Қансарысуын алдымен физикалық көрсеткіштері бойынша бақылайды (түсі, консистенциясы), одан кейін, стерильділігін, қауіпсіздігін, флакондарға құйылу мөлшерін, этикетка сапасын және 20 күн тұрғаннан кейінгі белсенділігі зерттеледі.
  • Сонымен қатар құрамында ақзаттың, сутекті иондардың болмауын, электрофорездік тазалығын (тұз қалдықтарын т.б.) тексереді.
  • Бактериялардан тазалығын тексеру үшін қан сарысуын ЕПА, ЕПС орталарына, саңырауқұлақтардан тазалығын Чапек ортасына сеуіп анықтайды.
  • Қауіпсіздігін салмағы 300-400 г болатын теңіз шошқаларының тері астына 5 мл сарысу енгізу арқылы тексеріледі. Жануарларды 10 тәулік бақылап, организмнің реакциясын бақылайды. Қансарысуы енгізген жерде ешқандай реакция болмауы тиіс және жануарлар сау қалпында қалуы керек.
  • Қансарысуының белсенділігін серологиялық әдістермен зерттейді.

13 дәріс. Моноклоналды антиденелер
  • Моноклоналды антиденелерді алу. Моноклоналды антиденелерді пайдалану. Инсулинге қарсы моноклоналды антиденелерді алу.
  • Гибридомалар. Гибридомалардың қасиеттері мен алу жолдары.
  • Гибридомды технология негізінде диагностикумдарды өндіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет