ӘӨЖ 94(575+574) : 39 Қолжазба құқығында


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ........................................ 78-83



бет3/18
Дата06.01.2022
өлшемі0,63 Mb.
#13038
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ........................................ 78-83
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Мәңгілік ел идеясы мен диаспоралық саясатты қалыптастыру мақсатында шетелдердегі қандастарымыздың этникалық тарихы, дәстүрлі мәдениетінің сақталуы, өзгерісі, бөгде ортадағы этникалық және этномәдени үдерістерін ғылыми талдау маңызды міндет болып табылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Дүние жүзі қазақтарының ІІ құрылтайында жасаған баяндамасында: «Дүниеде қазақ деген ұлт біреу, демек оның ұлттық болмысы, салт-санасы, әдет-ғұрпы - барша қазаққа тән, оның ғажайып мол рухани қазынасы да - бөліп-жаруға жатпайтын ортақ байлық. Сондықтан сырттағы қазақтың әдебиеті, мәдениеті, өнері деген қолдан жасалатын шекара болмауға тиіс. Тағдырдың жазуымен туған топырақтан шеттеп кетуге мәжбүр болған ата-бабаларымыз бен олардан тараған ұрпақ жасаған мол рухани қазынаны шашпай-төкпей жинап алуымыз, оны ата-жұртта және барша әлемге таныстыру аса маңызды шаруа»,- деп көрсетті 1, 8-б. Өзімізді танып білу, жоғымызды іздеу, шекара асып кеткен қандастарымызды тану тек еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана Қазақстанның диаспоралық саясатының басты объектісіне айналды. Қазіргі әлемдік өркениет жағдайында болып жатқан түбегейлі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени үдерістер Шетел аймағындағы елдерге де тікелей қатысты болып отыр. Себебі, сырттағы қазақтардың тарихи даму үрдісі де, этникалық және этномәдени үдерістері де қазақ этносы дамуының тұтас бір бөлігі. Олай болса, зерттеу аумағындағы жергілікті халықтар ықпалындағы қазақтардың қалыптастырған дәстүрлі мәдениетіндегі ерекшеліктерді, ұқсастықтарды сараптау тарих пен этнология ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып саналады.

Шетел диаспорасының үлкен бір қауымын қазақтар құрайтындығы белгілі. Өз республикасынан тыс, шет жерлер мен шет елдерге таралу жағынан да қазақтар алдыңғы орындарда тұр. Халқымыздың 5,5 миллионға жуығы төл ортадан жырақта өмір сүруде. Соның ішінде саяси-экономикалық құрылымы әртүрлі елдерде өз қандастарынан бөлек ортада өмір сүріп отырған қазақтардың үлкен бір қауымын шетелдегі қазақтар құрайды. Мәселен, Қытайда 1.462.588 (2016), Өзбекстанда 800.000 - 1.100.000, Ресейде 647.732 (2016), Моңғолияда 101.526, Түркіменстанда 98.000, Қырғызстанда 42.657, Түркияда 30.000, Канадада 7.000, АҚШ-та 3.000, Германияда 1.000 қазақ болғанын көрсетеді 2. Қандастарымыздың шет жерлерге таралу тарихы да баршамызға аян. Елбасы Н.Назарбаев қазақ халқының басынан өткізген қиын да ауыр тағдыры жөнінде былай дейді: «...өз жерімізде өзіміз қуғынға түстік. Мыңдаған жандар қырылып, мыңдаған жандар ата жұртын тастап кетуге мәжбүр болды. 1932-1933 жылдары қазақ даласында болған адам айтса нанғысыз ашаршылық, 6 миллиондай халықтың 2,2 миллионы айдың күні аманында опат болғаны, сталиндік репрессия жылдарында аяулы да абзал азаматтарымыздың жойылғаны - большевизмнің бетіне басылар қара таңба, біздің ғасырлар бойы ұмытпайтын қасіретіміз», - деп көрсетті 3, 8-б. Тақырыптың өзектілігі міне, осы сырттағы қазақтардың төл Отанынан жырақта жүру себептерін және бөгде ортадағы дәстүрлі мәдениетінің сақталуы, жалғастылығы мен өзгерісі, Қазақстанның диаспоралық саясатындағы орнын талдаумен сипатталады.



Бөлек этникалық ортада өмір сүріп отырған барлық диаспораның атамекенінде мемлекеті бар, ол сол халықтың дамуының этникалық кеңістігі болып саналады. Сондықтан да шет жерлерде төл ортадан бөлек өмір сүріп жатқан қандастарымыздың этникалық, мәдени-рухани дамуына мемлекетіміз бар мүмкіндігінше қамқорлық жасауда. Қазақстан Республикасы шетелдердегі отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдап, оларды мүмкіндігіне қарай елге қайтару не ұлттық сана сұранысына қарай жағдай жасауда. Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы да шетелдердегі қазақтармен байланыс жасауда маңызды іс-шаралар мен қызметтер етуде. Осыған байланысты шет жерлерде тұрып жатқан қандастарымыздың да тұрмысын зерттеп, әлеуметтік-экономикалық және мәдени рухани тыныс тіршілігіндегі мәселелерді де талдап ұлт бірлігін нығайту тарихшы-этнологтардың бірден - бір міндеті. Сондықтанда шет жерлерде мекен етіп отырған қандастарымызды тарихи-этнологиялық тұрғыдан зерттеу ұлт бірлігін нығайтып, ұлтымыздың дамуына, жандануына ғана әкеліп қоймай басқа елдердің аз санды халыққа деген қатынас тәжірибесін анықтап, зерттеуге де мүмкіншілік береді. Шет елдердегі қазақтардардың этно-әлеуметтік мәселелері және этнологиялық болмысы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Себебі, шетте жүрген қандастарымыз қазақ этносының бір бөлігі, қазақ халқының тұтастығын көздейтін болсақ, олардың дәстүрлі мәдениетімен қазіргі жағдайдағы этномәдени үдерістеріндегі мәдени мұраларының сақталуы мен жалғастылығын зерделеу қажет. Сондай-ақ шет жерлердегі қандастарымызды тарихи-этнологиялық тұрғыдан зерттеу олардың мәдени қажеттілік сұраныстарын қанағаттандырып қана қоймай, халқымыздың мәдени мұраларын жоғалтпай, қайта тірілтуге, жандандыруға, мәдениетіміздің озық үлгілерін насихаттауға мүмкіндік береді. Шетелдегі қазақтардың этникалық тарихын, этнологиялық ерекшелігін зерттеу халқымыздың тұтастығы мен этникалық бірлігін сақтауда өзекті тақырыптардың қатарына жатады және Тәуелсіз Қазақстанның жаңа диаспоралық саясатының басты объектісі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет