ӘӨж оқушылардың білім сапасын жақсартуда ата-ананың мектеппен кері байланысы және рефлексиясының РӨЛІ



бет2/3
Дата03.12.2023
өлшемі41,99 Kb.
#132967
1   2   3
Байланысты:
мақала Чандыбаева

Ата-аналардың оқу аспектісінде мектептердің сапасын жақсартуға қатысуы ата-аналар күніндегі іс-шараларда көрінеді, өйткені ата-аналар кеңесші ретінде белсенді қатысады, экскурсия бағдарламасын дайындайды, шабыттандыратын сыныпты дамытады, мұғалімдермен сынақ сабақтарын дайындайды, мектептен тыс оқу іс-шараларын жоспарлайды және бағалайды. Көптеген зерттеулердің нәтижелеріне сүйенсек, ата-аналардың әртүрлі мектеп бағдарламаларына қатысуы балалардың мектептегі үлгеріміне, ынтасының артуына және өзін-өзі бағалай білуіне, мінез-құлқының жақсаруына әсер ететінін көрсетеді. Орнштейн мен Левиннің (1985) пікіріне сәйкес ата-аналар оқу жоспары, оқу бағдарламалары немесе оқушылардың жылдық жұмыс жоспарын құруға, мәселелерді жоспарлауға және шешуге қатыса алады деп мәлімдеді. Сонымен қатар, Бахарах (1990) ата-аналардың оқу және тұлға тәрбиесіне қатысуы оқушыларға сабаққа дейін, оқу кезінде және одан кейін қажет нәрсенің бәрін дайындауға, ынталандыруға көмектесетінін сипаттады. Сонымен қатар Riyani & Mantja (2008) ата-аналардың мұғалімдердің орынбасарлары мен денсаулық сақтау провайдерлері рөлін атқаратыны туралы тұжырымдарын қолдайды.

Оқушылардың білім сапасын жақсартуда ата-ананың мектеппен кері байланысы және рефлексиясының рөліне зерттеу жүргізу барысында 9-11 сынып оқушыларына сауалнама жүргізілген болатын. Сауалнамада төмендегідей сұрақтар қойылды:

  1. Жасыңыз нешеде?

  2. Ата-анаңызбен аптасына неше рет уақыт өткізесіз?

  3. Ата-анаңызбен белгілі жеке басыңыздағы әңгіме айтуда бірге талдау жүргізесіз бе?

  4. Ата-аналардың сіздің оқу процесіне қатысқанын қалайсыз ба? Неліктен?

  5. Ата-аналарыңыздан үй тапсырмасын орындауда қолдау күтесіз бе? Неліктен?


  6. Ата-аналарыңыз қаншалықты жиі кері байланыс орнатады?


Сауалнамаға қатысушы оқушылардың 20% олардың ата-аналары тарапынан оқу процесінде қолдау қажет етпейтінін, жеке мәселелері бойынша сөйлеспейтінін «ештеңе білмейтінін», ал қатысушылардың 50% ата-аналары олардың сабаққа қатысуы мен үлгерімдері туралы «шамалы ғана хабардар болғандығын» айтты. 30% қатысушы ата-аналарымен үнемі қарым-қатынаста екенін, оқу үлгерімі бойынша мектеппен байланыс орнатып отыратынын көрсеткен болатын. Сауалнама қорытындысы бойынша, орта мектепті тастап кеткен немесе бітірмеген жастардың айтуынша ата-аналардың білім беру процесіне қатысуының өмірлік маңызы бар және өнімді болуы мүмкін. Кейбір оқудан шығарылған жастар сауалнама барысында ата-аналары олардың оқуына қатыспағанын немесе білім беру процесіне жағдайды өзгертуге тым кеш болғанда қатыса бастағанын айтты.


Тиімді қарым-қатынас мектеп пен отбасы арасындағы серіктестіктің басты және ажырамас бөлігі болып табылады. Алайда, мектеп қызметкерлерінің күш-жігері ата-аналарды тартуға бағытталған жалпы мектептік тәсілмен толықтырылуы керек. Мектеп пен мұғалім отбасының белсенділігін арттыру үшін мектептер ата-аналарды тартудың келесі негізгі қағидаларын ұстануы керек:

  • Мұғалім ата-аналармен билікті бөліскен кезде, мұғалім кәсіби көшбасшылық рөлін жоғалтпайды, керісінше, бұл ата-ананың мүдделерін және мақсаттарын түсінуге, оларға жету жолдарын білуге мүмкіндік беретінін түсіну;

  • Мектеп туралы жағымды ақпаратты тарататын ықпалды ата-ананы анықтау.

  • Ата-аналарға ризашылық білдіргенде, үлестерін бағаланғанын және бағаланатынын сезгенде, олар мектепке қатысуға деген ынтасын арттырады.

  • Мектептегі байланыс тәжірибесін зерттеуге алу, қорытынды шығару.

Ата-аналардың оқу процесіне қатысуының артықшылықтары қандай? Неліктен ата-аналардың қатысуы маңызды? Зерттеулер көрсеткендей, ата-аналардың балаларының білім алу үрдісіне қатысуы мектеп өмірінің көптеген аспектілеріне оң әсер етеді: оқу үлгерімі, сабаққа қатысу және мінез-құлық. Профессор Джон Хаттидің (2008) зерттеуіне сәйкес: «...ата-аналардың оқушының мектептегі үлгеріміне қатысу әсері осындай оқушының білім деңгейіне екі-үш жыл қосумен тең». Ата-ананың оқу процесіне қатысуы бастапқыда айтылған үш тарапқа да пайдалы екенін аңғарамыз.


Ата-ананың оқу процесіне қатысуындағы берер артықшылықтары (оқушы үшін):



  • оқу үлгерімінің жоғарылауы мен жетістіктерге жетуі;

  • ынтасының артуы;

  • өзіне деген сенім деңгейінің жоғарылауы мен өзін-өзі бағалауының артуы;

  • құрдастарымен қарым-қатынастың жақсаруы;

  • мінез-құлқының жақсаруы, ашық болуы;

  • олимпиадалар мен шараларға қатысу белсенділігінің жоғарлауы.

Ата-ананың оқу процесіне қатысуындағы берер артықшылықтары (ата-ана үшін):


1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет