ӘОЖ9(с)55 А92 «Қазақ» атауын қайтарудағЫ



Pdf көрінісі
бет50/57
Дата26.11.2023
өлшемі1,3 Mb.
#128361
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57
 
МЕН
 
ОРТАЛЫҚ
 
АЗИЯ
 
ЕЛДЕРІНІҢ
 
ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ 
Астемес Г.К.
 - 
магистрант
Қазақстан, Алматы қ.,
Қазақ мемлекеттік қыздар 
педагогикалық университеті 
Аннотация:
 
Бүгінгі таңда Қазақстандағы саясаттың басты бағыттарының бірі – 
бұрынғы кеңестік республикалармен және Орталық Азия елдерімен ықпалдастықты дамыту 
болып отыр. Қазақстан мен Орта Азия елдерінің ынтымақтастығы шекаралас жатқан 
дүниежүзі мемлекеттерімен халықаралық қатынаста тек бүкіл әлемде бейбітшілік пен 
тұрақтылықты қамтамасыз ету және жалпы қауіпсіздікті сақтаудың ерекшелігі айқындалған. 
Еліміздің болашағын дамытуда Орта Азия елдерінің ынтымақтастығы туралы мәселелерді 
кӛтеріп, оны іске асыруда біршама табыстарға қол жеткізгендігі баяндалған. Еліміздің 
аймақтық саясаты ӛзара сенімді нығайтып, интеграцияны одан әрі дамытуға бағытталуда. 
Ӛйткені, Орталық Азия елдеріндегі тұрақтылық пен оның одан әрі ӛркендеуінің басты кілті, 
басты мүмкіндік те осы ықпалдастыққа тәуелді. 
Түйін сөздер:
Қазақстан, Орталық Азия, елдер, ынтымақтастық, достық, интеграция. 
1991 жылы 16 желтоқсанында ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсiздiгiмiзге қол 
жеткізіп, елiмiз егемендi ел атанып, ес жиып, еңсемiздi кӛтеріп, кӛк байрағымызды әлемге 
танытып, халық болып, империя тозағының астында қалған тарихымыздың ақтаңдақтар 
бетін ашып, бүгiнде Қазақстан келесi адамзат тарихының алып айдынына адаспай жол 
тауып, ӛзінің ертеңiне, болашағына еркіндікпен жүзiп келедi. Сол еркіндікпен жүзіп келе 
жатқан мемлекетіміздің дамуының бірден-бір шарты ұлттық тұтастығымызды сақтау. Бұл 
дегеніміз мемлекетіміздің қоғамдық ӛмірдегі барлық салалары бойынша халықаралық 
ынтымақтастықтың толыққанды субъектісіне айналуына кӛз жеткізуіміз қажет.


Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
123 
Сондықтан да, Қазақстан Республикасының шекаралас жатқан дүниежүзі 
мемлекеттерімен халықаралық қатынаста тек Азия аймағы емес бүкіл әлемде бейбітшілік пен 
тұрақтылықты қамтамасыз ету және жалпы қауіпсіздікті сақтауда маңызы зор. 
Сонымен қатар Кеңес Одағы ыдыраған күннен бастап, Елбасымыз еліміздің болашағын 
дамытуда Орта Азия республикаларының ынтымақтастығы туралы мәселелерді кӛтеріп, оны 
іске асыруда біршама табыстарға қол жеткізді. Атап айтқанда Елбасының 2005 жылғы 18 
ақпандағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты 
Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Орталық Азия елдері Одағын құруды, Қазақстан, 
Қырғызстан, Ӛзбекстан арасындағы жасалған мәңгілік достық туралы шартқа қол 
қойғандығы, Еліміздің экономикалық мүдделерінің, мәдени-тарихи тамырымыздың, 
тіліміздің, дініміздің, экологиялық проблемаларымыздың ортақ екенін» баса кӛрсеткен 
болатын [1]. 
Ал, антикалық қоғамның алыбы Марк Тулий Цицерон кезінде кемеңгер ел басшылары 
тарихтың бұрмалаң тұстарын күні бұрын кӛре біліп, келеңсіз жағдайларға жол бермей, 
мемлекеттің қуатын нығайтуға барынша күш салу керек деген еді [2]. Расында да бүгінгі 
жаһандану заманында ӛз тәуелсіздігін сақтап қалу оңай шаруа емес екендігін ӛмірдің ӛзі 
кӛрсетіп отыр. Себебі, ӛңірдің байлығына кӛз тігіп отырған қаншама ірі державалардың бар 
екендігі, егемендігіне енді ғана қол жеткізген жас мемлекеттерді ӛз уыстарынан шығармауға 
тырысып отырғандығы баршамызға аян. Осындай жағдайларды ескере келіп, Елбасымыз 
жыл сайынғы жолдауында мұндай қиыншылықтарға бауырлас халықтар болып, ауыз 
біршілігі жарасқан ел болып қимыл жасағанда ғана тӛтеп беруге болатындығын айтқан 
болатын. Міне, еліміз кӛршілес жатқан елдермен қарым-қатынас орнату нәтижесінде 
әлеуметтік-экономикалық, саясатының жедел дамуында Еуропа мен Азияның орталығында 
ӛзіндік орны бар, халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі одақтары мен ұйымдарының 
мүшесі екендігін ұмытпауымыз қажет. 
Бүгінгі таңда Қазақстандағы саясаттың басты бағыттарының бірі – бұрынғы кеңестік 
республикалармен және Орталық Азия елдерімен интеграциялық үдерісті дамыту болып 
отыр.
Интеграцияның алғашқы құжаты 1994 жылы 30 сәуірдегі Қазақстан, Қырғызстан, 
Ӛзбекстан елдерінің Біртұтас экономикалық кеңістік құру тауралы шартқа қол қоюдан 
басталды. Сондай-ақ Тәжікстанның осы шартқа қол қоюы (1998 ж. 26 наурыз), «әскери 
қауіпсіздік тұжырымдамасына» келісім жасау (1992 ж. 9 қазан), «әскери-техникалық 
ынтымақтастық» шартқа қол қою (1994 ж. 8 шілде), «БҰҰ–на қарасты ұжымдық 
бітімгершілік батальонын құру туралы» келісім жасау (1995 ж. 15 желтоқсан), «Арал теңізі 
және Арал ӛңіріндегі проблеманы шешу, әлеуметтік-экономикалық ӛркендеуін қамтамасыз 
ету» туралы келісімге қол қойылуы (1993 ж. 26 наурыз), «Орталық Азия ынтымақтастық 
ұйымының» құрылуы (2002 ж. ақпан) [3]. Осы аталған заңды құжаттардың алға қойған 
міндеттері: ӛңірде тұрақтылықты қамтамасыз ету, ӛңірлік қауіпсіздік пен экономикалық 
интеграцияның орнықты жүйесін қалыптастыру, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес, 
шекаралық, кеден және салық қызметтерінің ӛзара ықпалдастығы. Ӛңірлік және 
мемлекетаралық сипатқа ие болып отырған үш жобаның жүзеге асуын қамтамасыз ету. Олар: 
аймақта су-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану, коммуникациялық жобаларды 
жүзеге асыру, мемлекеттерді азық-түлікпен қамтамасыз ету болып табылады. Бүгіндегі 
әлемдік ӛркениет жағдайында болып жатқан түбегейлі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-
экономикалық және мәдени үдерістер Орта Азия аймағындағы елдерге де тікелей қатысты. 
Себебі, Орталық Азия әлемдік экономиканың маңызды бӛлігіне айналып отыр. Орталық 
Азия ынтымақтастығы, оның ішінде Қазақстан мен халықаралық қатынастарды құру бүгінгі 
күні ӛте ӛзекті мәселе болып отыр. Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерімен халықаралық 
қатынастар жүйесіне кіре отырып, жаңа үлгідегі ынтымақтастық пен қарым-қатынастарды 
қалыптастыруда.


Казахский государственный женский 
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
124 
Қазіргі сәтте Орталық Азияның ынтымақтастық пен қарым-қатынастарының дамуында 
екі жол бар. Бірінші жол ӛзінің әлемдік экономикадағы шикізат кӛзі ретіндегі рӛлін бекіту. 
Екінші жол – интеграция. Әлемдік экономикадағы шикізат кӛзі - бұл тұрақтылық, 
экономикалық ӛрлеу, әскери және саяси қауіпсіздік жолы, Орталық Азиялық елдердің 
тәуелсіздік жылдары, сыртқы күштер арасында Орталық Азиядағы геосаяси және 
геоэкономикалық ықпал сферасы және оның табиғи ресурстары үшін күрес пайда бола 
бастауы әлемдік саясатқа тікелей байланысты болды. Ал, әлемдік интеграциялық процеске, 
аймақ ішіндегі ӛзара қарым-қатынас жасау, кӛршілес елдерімен және басқа да 
мемлекеттермен мәселелерді шешуге негізделген [4]. 
Орталық Азия елдерінің экономикалық, саяси – құқықтық жүйелері жағдайының 
транзиттік сипаты, жаңару үдерістерінің әртүрлі серпіні, бағыты және тереңдігі, осы 
үдерістер шеңберінде жүргізіліп жатқан реформалар ӛмірлік қажетті интеграцияны жүзеге 
асырудағы қиындықтарды анықтайды. 
Сондықтанда Қазақстанда интеграциялық үдерістердің деңгейімен және жағымды 
нәтижелерімен органикалық ұштасқан саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім және аймақтағы 
қауіпсіздікті сақтау ауадай қажет. Қазақстан ғана объективтік жағдайлары мен XX ғасырдың 
аяғында басталған қайта құрулардағы ішкі табыстарына байланысты интеграцияның басты 
қозғаушысы әрі кӛшбасшысы рӛлін атқара алды. «Дамудың Қазақстандық моделі» қазіргі 
кезеңде барлық ТМД елдеріне үлгі болуда. 
Сонымен, ТМД шеңберінде интеграция үдерісін және бұрынғы кеңестік 
республикалардың ӛзара қатынасының басқа да түрлерін зерттеу, осы үдерістердегі 
Қазақстан Республикасы саясатының рӛлін, қосқан үлесі мен маңызын анықтау 
Қазақстандық тарих ғылымының ғылыми және саяси-практикалық ӛзекті міндеті болып 
табылады. Бүгінгі таңда Қазақстан 62 әлемдік және аймақтық ұйымға мүше, 24 мемлекетпен 
дипломатиялық қарым-қатынастар орнатып, дүниежүзілік қауымдастықтың 54-інде 
Қазақстанның елшіліктері мен ӛкілдіктері жұмыс атқарып, шет мемлекеттер мен 
халықаралық ұйымдардың 70-ке жуық дипломатиялық ӛкілдіктері қызмет жасайды. 
Ал, Қазақстанда Елбасы «әлемдік шаруашылық байланыстардың қазіргі заманғы даму 
бағыты теңдік, ерікті және прагматикалық қызығушылық негізіндегі интеграционизм, бұл – 
Еуразия үшін лайықты келешек, яғни, тек сондай жағдайда ғана ол XXІ ғасырдағы әлемдік 
экономика мен саясаттың жаһандық факторы бола алады» деген еді [5]. 
Демек, Қазақстанның аймақтық стратегиялық маңызы ӛте зор. Екіншіден, тікелей 
теңізге шыға алмайтын құрлық ортасындағы мемлекет ретінде біз, әлемдік нарыққа тек 
кӛрші мемлекеттер арқылы ғана шыға аламыз, сондықтан кӛршілес елдермен байланыс 
орнатудың мәні қаншалықты зор екендігі айтпаса да түсінікті. Үшіншіден, Қазақстан табиғи 
ресурстарға ӛте бай, оның ішінде, әсіресе, табиғи газ, мұнай, түсті металдар және басқа да 
пайдалы қазба кӛздері бар. Ауылшаруашылығы саласында мақта, астық, кӛкӛніс және басқа 
да экономикалық дақылдарды дамытудағы мүмкіндіктері мол. Сондықтан еліміз едәуір зор 
экономикалық потенциалға ие. Тӛртіншіден, ұлттық, діни, мәдени жағынан алғанда біздің 
еліміздің ӛзіндік айырмашылығы бар. Кейбір мемлекеттерде шиеленістің себебі, болған бұл 
фактор Қазақстанда біріктіруші күш ретінде артықшылыққа айналып отыр. 
Дегенмен, мемлекет басшысының таңдаған сара жолының арқасында еліміздің бүгінгі 
жетістіктері биігінен кӛрінді. Қазақстан ӛзін толығымен ақтаған кӛп бағытты сыртқы 
саясатты ұстана отырып, әлем елдерімен тең құқықты ынтымақтастықты дамытуда.
Қазіргі заманғы үлгі ретінде интеграциялық бірігу жолын тандап алған Орталық Азия 
мемлекеттері ортаазиялық интеграцияны объективті қажеттілік ретінде, территориялық 
тұтастықпен, сол сияқты экономиканың ең маңызды, ең басты салаларымен 
байланыстырады. Тарихи қалыптасқан тығыз шаруашылық байланыстары мен аймақтың 
ұтымды геосаяси жағдайы Орталық Азия мемлекеттерін ӛзара ынтымақтасуға жетелейді. 
Сол сияқты аймақтың газ, су-энергетика ресурстарын, экологиялық мәселелерін бірлесе 
отырып шешу, кӛлік-коммуникация жүйелерін бірлесе отырып пайдалану, соңғы жылдары 


Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
125 
күшейіп келе жатқан наркобизнес пен әр түрлі экстремистік, террористік топтар мен 
ағымдарға бірлесе отырып күрес жүргізу сияқты маңызды шараларды іске асыру үшін де 
аймақтық интеграция қажет. Сондықтан Орталық Азия мемлекеттерінің нарықтық 
экономикаға ӛтуі мен интеграцияны таңдап алуы жаһандану жағдайында орындалуы әлемдік 
тарихтағы бірінші оқиға. 
«Жаһандану – халықаралық қатынастардағы коғамдық ӛмір мен іс-әрекеттердің әр 
түрлі салаларындағы ӛзара тәуелділік пен ӛзара әсер етудің нығаюы». Қазақстандық 
ғалымдардың пікірінше, «жаһандану жағдайында қарастырылатын әлемдік экономикалық 
жүйедегі ұлттық шаруашылықтың интеграциясы мәселелерін қарастырғанда, аймақтық 
интеграция мәселелерін тысқары қалдыруға болмайды. 
Аймақтық құрылымдар қазіргі таңда ғаламдастырудың негативті зардаптарына қарсы 
тұру үшін маңызды құрал болып табылады. Мысалы, Дүниежүзілік сауда ұйымы, 
Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк сияқты халықаралық институттардың кең 
кӛлемдегі ынтымақтастығы және оның тиімділігіне кӛңіл бӛлуі, әлемдік экономиканың 
күшеюі, ұлттық экономиканы объективті түрде аймақтық интеграцияға итермелейді» [5]. 
2011 жылы Алматыда Қазақстандық-ресейлік сарапшылар кеңесінің ұйымдастыруымен 
«Орталық Азия: жаңа тарихтың жиырма жылы» атты семинар ӛтті. Бұл семинарда Қазақстан 
стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтанов ӛзінің баяндамасында 
«Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастық, тату-тәтті кӛршілік қарым-қатынасты 
одан әрі нығайту, дамыту» туралы қазіргі кезеңде бізге кӛшпенділердің ӛркениетін – 
номадизмді оқып-үйренуге, зерттеуге басты назар аудару қажет екендігін баса айтты.
Ал, сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай ӛз кезегінде Елбасының 
Ӛзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Түрікменстан мемлекеттеріне ресми сапарының және 
бұл елдердің басшыларының біздің елімізге қайтара сапарларының нәтижелері 
мемлекетаралық ынтымақтастықта жаңа әрі тың үрдістердің айқындала бастағанын 
Қазақстан Қырғызстандағы ең ірі инвестор болып табылатындығы. Мәселен, еліміз
2008 жылы Қырғызстан экономикасына 334,3 миллион доллар кӛлемінде (немесе 
Қырғызстан инвестициясының жалпы кӛлемінің 51,5 пайызы) инвестиция салды. Жыл 
басынан бері еліміз кӛршілес елдерге кӛмек кӛрсету бойынша мемлекетаралық 
бағдарламаны жасауға кірісіп кетті. Қазақстан Ӛзбекстан экономикасында оның негізгі сауда 
әріптестерінен (Ресей, Қытай) кейін үшінші орынды иеленуде, – деді [6]. 
Қорыта айтқанда, біздің еліміздің аймақтық саясаты ӛзара сенімді нығайтып, 
интеграцияны одан әрі дамытуға бағытталуда. Ӛйткені, Орталық Азия елдеріндегі 
тұрақтылық пен оның одан әрі ӛркендеуінің басты кілті, басты мүмкіндік те осы 
ықпалдастыққа тәуелді. Сондай-ақ Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» деп аталатын 
еңбегіндегі «Орталық Азия елдері күшті және тәуелсіз аймақ бола алады, ӛйткені, соңғы
500 жылдың ішінде тұңғыш рет біздің аймақ дүниежүзілік экономика үшін маңызды аймақ 
болып отыр» деген пікірлері толықтыра түсері сӛзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет