ӘОЖ9(с)55 А92 «Қазақ» атауын қайтарудағЫ



Pdf көрінісі
бет48/57
Дата26.11.2023
өлшемі1,3 Mb.
#128361
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57
Түйін сөздер:
 
деноминация

сфера, этноконфессия, кӛпконфессия, толеранттылық
фанатизм, демагогия. 


Казахский государственный женский 
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
118 
Қазіргі таңда Қазақстан халықтарының тыныштығы мен ішкі бірлігін сақтауда және 
ұлтаралық қатынастардың нығаюында дін ерекше орынды иемденіп отырғандығы 
баршамызға белгілі. Ӛйткені, тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда демократиялық қоғамның 
құрылымына және азаматтық қоғамның дамуына қажетті, қолайлы саяси жағдайлардың 
негіздері қалыптасты. Олардың қатарына ішкі тұрақтылықты, ұлтаралық және 
конфессияаралық келісімді жатқызамыз.
Тәуелсіздік жылдарында діни бірлестіктер саны алты есеге ӛсті. Бұл әрине кеңестік 
кезеңнің соңғы жылдары мен тәуелсіздіктің алғашқы жылдарымен салыстырғанда, 
Қазақстандағы этноконфессиялық үрдістердің тез қарқынмен жүргенін кӛреміз. Егер ХХ 
ғасырдың 90-жылы 670 діни бірлестік жұмыс істесе, қазір Қазақстанда 40 конфессия мен 
деноминацияға жататын 4551 діни бірлестік бар және олар үш мыңға жуық ғибадат 
орындарына ие. 2004 жылдан бері қолданылып келе жатқан діни бірлестіктерді тіркеуге 
алудың жеңілдетілген түрі және еліміздің салық саясаты мемлекет территориясындағы 
тіркелген діни бірлестіктердің ерікті дамуына мүмкіндік туғызуда. 
Кӛпұлттық және кӛпконфессиялық діни сферадағы мемлекет саясатының негізгі 
басымдықтары айқындалды, ол – қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға және адам 
құқықтарының қауіпсіздігіне арналған конфессияаралық келісімді қажетті жағдай ретінде 
нығайту болып табылады. Қазақстанда конфессияаралық қарым-қатынастарды реттейтін, 
діни бірлестіктер мен мемлекет арасындағы үн қатысуды нығайтатын ықпалды тетіктердің 
бірі ретінде 2000 жылы Үкімет жанынан құрылған діни бірлестіктермен байланыс жӛніндегі 
кеңесті және Астана мен Алматы қалаларының, облыс әкімдерінің шешімімен құрылған 
ӛңірлік кеңестерді атауға болады. Бұл кеңесуші-консультативтік органның маңызды 
ерекшеліктерінің бірі оның құрамының жетекші конфессиялар ӛкілдерінен, дінтанушы 
ғалымдардан, қоғамдық бірлестіктердің жетекшілерінен, мемлекеттік басқару органдарының 
қызметкерлерінен және қоғам қайраткерлерінен қалыптасуы болып табылады. Бұл ортақ 
мәселелерді кеңесе отырып шешуге мүмкіндік береді. 
ХХІ ғ. басында Қазақстандағы этноконфессиялық үрдістер мен діни татулық және 
дінаралық қатынастарды реттеуде кӛптеген ауқымды жұмыстар жүргізілді. Солардың ішінде 
ең негізгілері ретінде үш рет ӛткізілген Әлемдік және дәстүрлі діндер кӛшбасшыларының 
съездерін айтуға болады. 
2003 жылдың 25 қыркүйегінде Қазақстанның елордасы Астана қаласында Әлемдік 
және дәстүрлі діндер кӛшбасшыларының I съезі ӛтті. I съезге қатысушылар Біріккен Ұлттар 
Ұйымы, басқа да мүдделі халықаралық және аймақтық ұйымдар жаңа мыңжылдықта 
ӛркениеттер арасындағы келісімді алға бастыру, мәдени және рухани құндылықтарды 
нығайту мақсатында қолдау кӛрсетуді күшейту қажеттігі туралы декларация қабылдады
[1. 2 б.]. 
Астана қаласында 2006 жылдың 12-13 қыркүйегінде Бейбітшілік және келісім 
сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер кӛшбасшыларының II съезі ӛтті. Оған 20 елден 
келген 43 делегация қатысты. 160-тан астам делегат әлемдік және дәстүрлі діндер 
конфессияларының ӛкілдері – ислам, христиандық, иудаизм, буддизм, даосизм, синтоизм 
және басқалар. Сонымен қатар, БҰҰ, ЕҚЫҰ, БҰҰБҒМЖҰ халықаралық ұйымдарының 
құрметті қонақтары қатысты.
Съезд «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» атты ортақ тақырып аясында «Діни 
сенім бостандығы және басқа дін ізбасарларына деген құрмет» және «Дін 
кӛшбасшыларының халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы рӛлі» деген екі бағытта ӛрбіді.
Съезге қатысушылар барлық дін және этникалық топтар ӛкілдерінің мәдени және діни 
тұрғыда қақтығысқа жол бермеуі туралы декларация қабылдады. Бұл құжатта «қарсы тұру 
идеологиясын» «әлем мәдениеті» етіп ӛзгерту бойынша ұсыныс кӛрсетілген. 
Астана қаласында 2009 жылдың 1-2 шілдесінде Әлемдік және дәстүрлі діндер 
кӛшбасшыларының III съезі ӛтті. 2006 жылғы форумда 29 делегация қатысса, ал, осы съезге 
барлық әлемдік және дәстүрлі діндер мен конфессиялардың ӛкілдері, әлемнің 35 елінен


Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
119 
77 делегация келді. Құрметті қонақ ретінде атақты саяси тұлғалар, мемлекет және қоғам 
қайраткерлері – Израиль мемлекетінің Президенті Шимон Перес, БҰҰ Бас хатшысының 
орынбасары Сергей Орджоникидзе, БҰҰБҒМЖҰ атқарушы кеңесінің тӛрағасы Олабий 
Бабалола Жозеф Яй, ЕҚЫҰ Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, т.б. қатысты. Съезде 
қонақтар мен делегаттар толеранттық негіздегі бейбіт құрылымдағы діни тұлғалар және 
олардың бір-біріне деген құрметі мен қарым-қатынастары туралы мәселелерді талқылады. 
Съездің отырыстарында тӛмендегідей секциялар болды: «Рухани және моральдық 
құндылықтар және әлемдік этика», «Ынтымақтастық және диалог», «Дағдарыс кезеңіндегі 
ынтымақтастықты сақтау». 
Астана қаласында 2008 жылы 17 қазанда мұсылман әлемі және батыс елдерінің Сыртқы 
істер министрлері арасында «Дүниежүзі: түрлі прогресс жолдары арқылы» тақырыбында 
конференция ӛткізілді. Ал мұнда, 2006 жылы Елбасы мұсылман әлемі мен батыс шеңберінде 
конференция ұйымдастыру идеясын алғаш рет ұсынған болатын. Және мұны АҚШ, 
Ұлыбритания, Бразилия, Испания және т.б. елдердің басшыларымен талқылап, келісімге 
келді. Египет, Катар, Сауд Аравиясының басшылары тарапынан да қолдау тапты. Қазақстан 
тарапынан жасалған Ислам конференциясын ұйымдастыру бастамасына барлығы 
түсіністікпен қарады. 
2010 жылдың 29-30 маусымында Астана қаласында ЕҚЫҰ-ның жоғары дәрежедегі 
конференциясына қатысушылар толеранттық пен кемсітушілік мәселелерін талқылауда 
әртүрлі дәстүрлер мен діндер арасындағы ӛзара қарым-қатынастарын дамытуда бұрын 
қабылданған шешімдердің тәжірибесіне сүйенетіндігін білдірді. 28 маусымда Астана 
қаласында үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен конференцияның екі күндік дайындық 
отырысы болып ӛтті. Дайындық отырысы барысында қатысушылар мұсылман, христиандар 
және басқа дін ӛкілдеріне қатысты шыдамсыздық пен кемсітушіліктің алдын алудың тиімді 
жолдарын талқылады. Мұның барлығы, Қазақстандағы діни татулықтың алдын-алу 
шараларын тағы бір рет кӛрсетіп берді [2. 3-4 б.б.]. 
Қазақстанның полиэтникалық, яғни, кӛп ұлтты және сан алуан діни конфессиялар мен 
кӛппартиялық жағдайында ұлтаралық татулықты сақтау мен нығайту басты мәселенің бірі 
екендігі айқын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан 
халқына арнаған Жолдауларында да осы маңызды мәселе - үнемі басты орында болып 
келеді. Президент: «Қазақстанда саналуандық және кӛппартиялық орныққан: кез келген 
қазақстандық кез келген қоғамдық және саяси бірлестікке еркін кіре алады. ...Қазақстан діни 
сенім-наным бостандығын қамтамасыз етіп, конфессиялар аралық келісім мен діни тең 
құқылық саясатын дәйекті жүргізіп келеді,-деп атап ӛтті [3. 5б.]. Әрине, қазақстандықтардың 
демократиялық құқықтарын сақтау мен нығайту, олардың қоғамдық ӛмірдің барлық 
саласына белсенді қатысуын қамтамасыз ету, тежеу салмау, олардың әртүрлі саяси 
бірлестіктерге кіруін қолдау маңызды. Конфессиялар арасында келісімді сақтау мен діни тең 
құқықтылықты орнықтыру - бұл да қажет. Бірақ, назар аударатын басты мәселе: 
кӛппартиялық жүйе халық ішінде іріткі салу құралына айналмауы қажет, әртүрлі діни 
конфессиялар да басқа діндерге және оны ұстаушыларға нұқсан келтіру, құқықтарын шектеу 
саясатын жүргізбеуі қажет. Еліміздегі сан алуан ұлттық бірлестіктер ұлтаралық араздық 
тудырмауы қажет. Себебі, қазақстандықтар үшін әлеуметтік саладағы негізгі құндылық: - 
ұлтаралық татулықты сақтау, кӛп ұлтты Қазақстан жағдайында бірін-бірі түсіну, сену мен 
құрметтеу және азаматтық келісімді орнықтыру. Ұлтаралық татулық сақталмайынша, 
азаматтық келісім болмайынша экономикалық даму, саяси тұрақтылық, халықтың әл-
ауқатын кӛтеру мүмкін емес. Біз мұны кӛршілес республикалардың және басқа да саяси, діни 
қайшылықтар шиеленіскен Ирак, Ауғанстан, Франция т.б. мемлекеттер жағдайынан кӛріп 
отырғанымыз құпия емес. Саяси тұрақтылық орбитасынан шығып кеткен Қырғызстандағы 
саяси ахуал, Украинадағы текетірес, Ӛзбекстандағы жарылыстар, Ресейдегі «шешен» 
проблемасы, Франциядағы эмигрант жастар әрекеті бұл экономикалық, әлеуметтік дамуға 
тұсау болатыны сӛзсіз. Ұлтаралық тұрақсыздықтан, шиеленістен ешбір ұлт ӛкілдерінің 


Казахский государственный женский 
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
120 
ұтысқа шығуы мүмкін емес [4. 35 б.]. Ендеше бұл нәзік мәселе саясат құралына айналмағаны 
дұрыс. Президенттің «діни негіздегі жатсынбаушылық пен конфессиялар аралық келісімді 
қамтамасыз ету» қажеттілігіне баса назар аударуы ел ішіндегі ахуалды терең талдаудан туған 
пікір екендігі сӛзсіз [5. 4 б.]. 
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының
ХV сессиясында сӛйлеген сӛзінде Дін істері жӛніндегі агенттік құру туралы идеяны алға 
тартқан болатын. Бұл құрылымның міндеттерін белгілей келіп, Президент «біздің шешуші 
конфессияларымыз мемлекеттік органдармен ынтымақтастық барысында дінге сенуші 
жастармен белсенді жұмыс жүргізіп, олардың шынайы діни білім алуына кӛмектесе алар еді» 
деп атап кӛрсетті. 
Бүгінде Қазақстанда ұлттық діни қайта ӛрлеу кезеңі белең алуда. Дін халықтың мәдени 
дәстүрлерін сақтаушы және рухани-адамгершілік идеалдардың қозғаушы күші ретінде біздің 
отандастарымыздың кӛз алдында зор құндылықтарға ие. Осыған байланысты діни этиканың 
күші ӛскелең ұрпақтың адамгершілік және рухани дүниетанымын қалыптастыруда барынша 
белсенді қолданылуда. Дәстүрлі діни танымдардың сенім үдерістері ғасырлар бойы 
адамдардың ӛз ұрпақтарын тәрбиелеуіне, еңбек етуіне, кітап жазып, ұлы ӛнер туындыларын 
жасауына ықпал етіп келді. Басқаша айтсақ, дәстүрлі діндер қоғамдық ӛмірдің және 
мәдениеттің ажырағысыз бір бӛлшегіне айналды. 
Президент 
Нұрсұлтан 
Назарбаев 
ӛзінің 
Әлемдік 
және 
дәстүрлі 
діндер 
кӛшбасшыларының ІІ съезінде сӛйлеген сӛзінде: «Мыңдаған жылдар бойы дінге негізделген 
мәдениет тарихта ӛзінің жанды сӛзін сақтап келді. Бір жағынан ойлап қарасақ, ӛзінің діни 
рухын сақтау тарихта тұтас бір халықтың сақталуының кепілі болып келді» [6. 1-2 бб.]. 
Ислам және православие қазақ және орыс халықтарының ӛміріндегі басты мәдениет 
жасаушы негіз болып табылады. Мемлекетіміздің арнайы ресми мереке ретінде демалыс күні 
деп Құрбан айт пен Рождествоны мойындауы да тегін емес. 
Бүгінгі таңда Қазақстан – діни толеранттылық идеясын тарату жӛнінде талассыз 
кӛшбасшы. Біздің еліміздің конфессияаралық үнқатысудағы тәжірибесі бүкіл әлемдегі діни 
жетекшілердің қолдауы мен мойындауына ие болып отыр. Еліміз ӛзінің нақты істерімен 
халықтар және діндер арасындағы келісім мен түсіністікке толық қол жеткізуге 
болатындығын дәлелдеп келеді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сара саясатының 
арқасында мемлекет әр түрлі этностар мен конфессиялардың бейбіт қатар ӛмір сүруінің 
ӛзіндік моделін жасады [6. 4 б.]. 
Мемлекет белгілеген діни заңдар мен нормалардың қабылдануына байланысты, діндер 
арасында тәртіп орнап, мұсылмандар және православиеліктер, католиктер және 
протестанттар, буддистер және иудейлер – барлығы бір-біріне құрметпен қарайды. Ӛйткені 
әрбір адам басқа азаматтардың құқықтарына нұқсан келтірмей-ақ ӛзінің діни кӛзқарасын 
таңдауға құқылы. Міне, сондықтан да Қазақстанда қазірдің ӛзінде Әлемдік және дәстүрлі 
діндер кӛшбасшыларының үш съезі ӛткізілді. Осы съездерде әр түрлі мемлекеттердің және 
халықтардың діни иерархиясы әр түрлі мәдениеттер мен діндердің үнқатысуына, барлық 
жерде бірдей қабылданған тӛзімділік пен еркіндік құндылықтарына негізделген бірыңғай 
ӛркениеттілікке ұмтылатындықтарын растады. 
Әрбір зайырлы мемлекетте нақты белгіленген зайырлы идеология болуы міндетті. Егер 
мұндай жағдай қалыптаспаса, ол мемлекет конфессияаралық қақтығыстарға бейім тұрады. 
Кӛпшілік зайырлылықты барлық діндерге қатысты бейтараптық ұстану, мемлекеттің діни 
танымдардан тәуелсіз және кез келген теологиялық тұжырымдамалардан еркін болуы деп 
түсінеді. Алайда бүгінгі таңда зайырлылықты анықтайтын бұл қағида бірте-бірте ӛзгеріске 
ұшырауда. 
Кӛптеген мемлекеттер зайырлылық пен демократияны жариялай отырып, дінге 
қатысты ерекше қарым-қатынас қалыптастырған. Бұл ретте олар дінді барлық қоғамдық 
және мемлекеттік ӛмірдің шекарасынан шығарудан бастап, кӛптеген діндер арасында бір 
немесе бірнеше дәстүрлі діндерге арнайы қолдау кӛрсетуге дейінгі бағытты ұстанады. 


Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
121 
Зайырлы мемлекет ретінде Қазақстан ӛзінің мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынасын 
ӛзінің тарихына, ұлттық мүдделеріне және ӛмір талаптарына, шетелдердің тәжірибесіне 
сүйене отырып қалыптастыруға зор мүмкіндігі бар. Бұл ретте, сӛзсіз республикамызда 
басымдық дәстүрлі діндер жағында болуы керек [7. 8 б.]. 
Қазақстандағы мемлекет және діни бірлестіктердің ӛзара қарым-қатынасындағы модель 
адамдардың еркіндігі мен құқығын құрметтеудегі демократиялық үдерістерге, қоғамдық 
және діни мүдделердің тепе-теңдігіне және ӛзара түсіністік пен қалыпты жағдайда бейбіт 
қатар ӛмір сүруіне негізделген. Діни сенім еркіндігі саласындағы мемлекеттік саясаттың үш 
негізгі принциптерін айрықша бӛліп кӛрсету керек, олар – бейтараптық, толеранттылық және 
теңдік. Бұл ретте ең басты мәселе мемлекеттің діни бірлестіктердің ішкі ісіне араласпау 
жӛніндегі бейтараптығы болып табылады. Толеранттылық принципі діни сенімге деген 
құрметпен ерекшеленеді. Теңдік принципі заң алдындағы барлық діни бірлестіктердің және 
әр түрлі діни сенімдегі ӛкілдердің теңдігін айқындайды. Сондықтан зорлық-зомбылыққа 
шақыратын конституциялық құрылысты құлатуға, билікті ӛзгертуге және басқа 
келеңсіздіктерге үндейтін кез келген діни бірлестік заң бұзушы ретінде одан әрі еркін ӛмір 
сүруге тиісті емес. 
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда тұрғындардың діни сана-сезімі оянып, 
діни ерекшеліктерінің жаңғыруы басталды. Бұл ретте мемлекеттік саясаттың мақсаты 
қазақстандық қоғамдағы діни сала ӛміріндегі тұрақтылық пен толеранттылықты сақтау 
болып табылады. Қазақстан халқы ешқашан желӛкпе діни сенімге бейім болған жоқ, одан да 
гӛрі ежелден-ақ діни сенімге тӛзімділік және конфессияаралық саладағы толеранттылыққа 
жақындығымен ерекшеленді [8. 2-3 бб.]. 
Солай бола тұрса да, қазіргі кезде Орталық Азияда қалыптасқан діни ахуалға ықпал 
етуі мүмкін діни кӛзқарастағы ағымдардың белең алуы байқала бастады. Мұндай 
ағымдардың ӛрістеуіне діни қағидаттарды толық түсінбеушілік, берік ӛмірлік танымдардың 
болмауы, сонымен бірге, азаматтардың сенгіштік қасиеттері қолайлы жағдай жасауда. Ал, 
мұндай кері діни ағымдарды таратушыларға ӛздерінің кӛзқарастарынан басқа сенімдегі 
адамдарға, тіпті бір сенімдегі адамдардың ӛзіне тӛзімсіздік кӛрсету мінез-құлқы тән. 
Демагогияға құрылған фанатизм және идеяға деген соқыр сенім, қаталдық және 
басқыншылық мінез-құлықтар – олардың дүниетанымының ерекшеліктері, міне, осылар [8. 5 
б.]. 
Қорыта айтқанда ХХІ ғасырдың басынан бастап, Қазақстанда этноконфессиялық 
татулық пен діни істердің басқа бағыттары бойынша ӛте кӛп жұмыстар атқарылды. Әрине, 
мұндай ауқымы кең жұмыстарды бір тақырып аясына сыйыстыру оңай болмағандықтан, біз 
бүгінгі тақырыпта, олардың ішінде белгілі бағыттарын атап ӛтуге тырыстық. Осындай 
әрекеттері мен дінге деген құрмет пен дінаралық қарым-қатынастарды реттеуде кӛп қызмет 
атқарған Қазақстан бүгінде бүкіл әлем үшін конфессияаралық келісімнің үлгісі ретінде 
танылды. Ғасырлар бойы ислам және христиан дінінің, бірінші кезекте православиенің 
бейбіт қатар ӛмір сүрудегі тәжірибесі біздің республикамызды мекендейтін қазақ, орыс және 
басқа да халықтардың бауырластығының үлгісі болды. Әрбір дін ӛзінің уағыздарымен 
адамдарға жалпы адамгершілік құндылықтарды әкеледі, қоғамдағы таным, түсінік 
нормаларын бекітеді, халықтардың ғасырлар бойғы рухани құндылықтарының сақтаушысы 
ретінде рӛл атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет