ӘОЖ9(с)55 А92 «Қазақ» атауын қайтарудағЫ



Pdf көрінісі
бет54/57
Дата26.11.2023
өлшемі1,3 Mb.
#128361
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Түйін сөздер:
Қазақ фольклоры, әдет-ғұрып, дүниетаным, қазақ әндері, дерек кӛздері. 
Қазақ фольклорын этнографиялық дерек ретінде қолдану үшін, біріншіден, оның 
методологиялық мәселелерін қарастыру қажет. Фольклорымыздың халық ӛмірімен, 
күнделікті тіршілігімен, ӛткен тарихымен, мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан сана-
сенімімен, дүниеге кӛзқарасы біте қайнасқаны соншама, оның халықтың бүкіл тұрмыс-
тіршілігінен, тарихы мен сана-сезімінен тұтастай қалпында ажыратып алу былай тұрсын, 
иненің ұшымен шұқылап отырып, босатып алу – бос әурешілік. Иненің ұшына ілінген 
түйнек-түйнек бӛлшектерді қанша ұқыптылықпен қайта құрастыра білгенімізбен, қаны-сӛлі 
бар фольклорлық тұтас организмді қайта тірілту ешкімнің қолынан келе қоймас.
 


Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
131 
Фольклортану ғылымының әу бастан-ақ этнография, тарих ғылымымен тығыз, етене 
байланыста болғандығының басты себебі де осы болар.
 
Фольклордағы этнографиялық мәселелердің бастауы түркі халықтардың бірлестігімен, 
Алтын Орда дәуірі, ноғай кезеңімен, қазақ хандығының құрылуымен тығыз байланысты. 
Қазақ ұлтының фольклоры ауызша дамып, ХІХ ғасырдан бастап жазбаша жинақтала 
бастады. 
 
Еліміздің тәуелсіздігіне дейін фольклорлық деректердің кӛбінің жарық кӛрмей, 
зерттелмей қалуына Кеңес үкіметінің идеологиясы мен партияның кереғар қаулылары әсер 
етті. Ал, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда тарихымызды тереңдей зерттеп, ұзақ 
жылдар бойы айтылмай келген мәселелерді ашық айтуға, ӛткен оқиғаларға жаңа ұлттық-
тарихи кӛзқарас тұрғысынан баға беруге мүмкіндік туды. Осындай жаңа кӛзқарас 
тұрғысынан кӛрсетуді талап ететін аса маңызды мәселелердің бірі- Қазақ фольклорындағы 
дәстүрлі әдет-ғұрыптар және дүниетаным мәселелері.
Қазақ ұлтының тарихи дерек кӛздер қатарына барлық ауызекі таратылған, қазақтың 
ұжымдық жадында сақталған, тарихи шығармалар жатады. Тарих ғылымында бұл дерек кӛздер 
осы күнге дейін ӛте сирек қолданылды. Қазақ ұлтының фольклорындағы мәселелер қазіргі 
таңға дейін филология, лингвистика, әдебиет тұрғысынан зерттелуде. Фольклордағы 
этнологиялық деректер типологиясын этнографиялық жағынан зерттеп қиыстыру қиындау 
болмақ. Біздің ғылыми жұмысымызда фольклордағы этнологиялық деректер типологиясын 
шаруашылыққа байланысты әдет-ғұрыптар мен наным сенімдер және үй-іші әдет-ғұрып 
ӛлеңдеріндегі салт-дәстүр және дүниетаным аясында қарастырамыз. Қарастырылып отырған 
мәселе қазақ ұлтының фольклорындағы дәстүрлі әдет-ғұрыптар және дүниетаным мәселелерін 
тарихи, археологиялық және этнографиялық ұлттық ой санамен зерттеудің алғашқы 
тәжірибесі болмақ.
Зерттеушілер жалпы қазақ фольклорының алғашқы типологиясын түркі халықтардың 
фольклорлық материалдарымен тарихи салыстырмалы зерттеулер арқылы жүргізген. 
Фольклор шығармаларының әрбір жанрына тән ӛзгешеліктерді кӛне мұра ескерткіштерін 
зерттеу арқылы ғана саралап зерттеп сипаттауға болады. Қазақ фольклорында үй-ішіндегі 
әдет-ғұрып, неке, жерлеу салты және тӛрт түлікке байланысты әдет-ғұрыптары мен салт-
дәстүрлер негізі, археологиялық деректер зерттеулерінің нәтижелері кӛрсеткендей неолит 
дәуірінен басталған. Халық туындылары тек ауыздан ауызға ауызша жетіп отырған. Ерте 
дәуірде туындаған дүниелер бертін келе жазбаша қағаз бетіне түсіріліп ата-бабамыздың 
қалыптастырып кеткен салт–дәстүрлері, тұрмыс салт жырлары ұрпақтан-ұрпаққа сабақтасып 
жеткен. Қазақ фольклорының типологиясын алғаш жасаған фольклор танушы ғалымдар 
Р.Бердібаев, Б.Уахатов, Б.Адамбаев, Е.Тұрсынов, С.Қасқабасов, тағы басқа біраз ғалымдар 
бар. 
Негізінен фольклорлық ескерткіштер жақындығы заңдылықтарын анықтай отырып, 
ауыз әдебиеті шығармалары түрлі факторлар әсерінен құралатыны анық. Сондықтан 
фольклордағы этнологиялық деректердің типологиясын фольклортанушы ғалымдардың 
тұжырымдамасына сүйене отырып екі типке бӛлуге болады. 
1)
Қазақ фольклорындағы шаруашылыққа байланысты әдет-ғұрыптар мен наным 
сенімдер. 
2)
Үй-іші әдет-ғұрып ӛлеңдеріндегі салт-дәстүр және дүниетаным. 
Біздің пікірімізше, осылайша бӛліп қарастырсақ қате болмас деп негіздейміз. 
Ә.Қоңыратбаевтың «Қазақ фольклорының тарихы» атты еңбегінде «Ертеде Қазақстан 
жерін мекендеген сақ, массагет, хұн, үйсін, жужуан, сәнби, кӛк түріктер және қарахандар 
дәуірі, ІХ – Х ғасырдағы оғыз – қыпшақ мәдениеті, Алтын Орда кезіндегі деректер, эпостар 
сол дәуірлердің нанымдары, әдет-ғұрыптары мен салт – санасы қазақтың мифологиялық 
ертегілерінен айқын кӛрінеді» - дейді [1, 40 б.]. Қазақ фольклорындағы этнологиялық 
деректерді жіктеу негізін сәби ӛлеңдерінен бастаған орынды. Қазақ халқының дәстүрлі 
тәрбие ісін дамыту үшін балалар фольклорындағы ӛлеңдерді қазіргі күнде жандандырған 


Казахский государственный женский 
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
132 
жӛн деп санаймыз. Себебі, бала тәрбиесі бүгінгі күнде емес, сонау ерте кезден қолға алынған 
мәселе.
От басында баланың дүниеге келуі үлкен қуаныш. Қазақ халқы ӛмірге жаңа адамның 
келуіне орай үй ішілік мейрам тойдың бірі шілдехана. К.Матыжановтың «Қазақ 
фольклорының тарихилығы» атты ұжымдық монографияда «Балалар фольклорының 
этнографиялық бастаулары» атты еңбегінде нәрестенің дүниеге келуі және шілдеханада 
сәбиге арналған ӛлең жырды былай келтірген: 
Қуанып, қан жүрегім қақ жарылып, 
Қасірет басымдағы қалды арылып. 
Ұл кӛріп, ұлы дүбір той жасаймын, 
Атқан соң, маңдайымнан таң арылып - деп баланың ата-анасының ұлды 
болған қуанышы ӛлеңмен білдірген [2, 274 б.]. Балаға байланысты кӛптеген ырым сӛздер бар 
мысалы: Сәбиді қолына алып отырған адамның үстіне ол сиіп қойса «құт келеді ал, баласы 
жоқ адам болса, «кішкенелі боласың», әйтпесе «балаң кӛп болады екен» деп жұбатып 
ырымдайды [3, 216 б.]. Б.Ерзакович ӛз еңбегінде «Бӛбек» әнін шілдехана тойында 
айтылатынын жазады. Бұл ӛлеңде: 
Балдырған бӛбек, 
Аймалап анаң
Адал жан адам,
Ӛсірген ерек. 
Ай шын батыл жүрек, 
Ӛсетін үрдеп. 
Болашақ, құрал, 
Бӛбегім сен –жас түлек. 
Ақпейіл жарқын 
Іс пенен қарқын. 
Жан-жақты білім. 
Алсын деп бүгін 
Күтеді халқын! - деп жаңа босанған ана мадақталып баланың жолы болып, оған үміт 
артатыны жырланады [4, 15 б.]. Қазақ қоғамында шілдеханадан басқа сәбиге байланысты 
салт бесік жыры, уату, ырыми, тұсау кесер ӛлеңдері мол екендігіне кӛзіміз жетіп отыр. Осы 
дүниелерді жарыққа шығарып жас бүлдіршіндерді қазақтың тәрбиелі мағыналы ӛлеңдерімен 
тәрбиелеген жӛн. Фольклордағы этнологиялық деректер типологиясын этнографиялық 
жағынан жіктеу қазақтың неке салты және оның халық ӛлеңдерімен байланысы. Адам 
ӛміріндегі ендігі бір жауапты кезең ӛзіне ӛмірлік жар тауып, жеке шаңырақ кӛтеру. Қазақ 
халқында үйлену тойына байланысты орындалатын кӛптеген жӛн-жосықтар, әдет-ғұрыптар 
бар. Х.Арғынбаев алғашқы қауымдық құрылыстағы ең кӛне семья формасы топты некеге 
негізделгеніне тоқталған. Ондағы некелер тобы рулар ішіндегі бірімен-бірі тұтас ұрпақтар 
жігімен бӛлінетін. Айталық, бабалар мен әжелер әкелер мен шешелер, балалар тобында 
ағалы-қарындас бола тұра некелес болатын. Семья тарихында бұдан кейін даму сатысында 
топтың некенің ішінде жұп семьяның қалыптаса бастауымен, яғни, қандас туысқандар 
арасындағы некелесу ғұрпына тыйым салынуына байланысты болған. Осының нәтижесінде 
алғашқы қауым ішінде бірімен-бірі некелеспейтін «ағалы-інілер», «апалы-сіңлілер» топтары 
қалыптасады да, тағылық дәуірдегі топты неке біртіндеп ығыса отырып оның орнына жұп 
семья дүниеге келеді [5, 25 б.]. Неке жайлы зерттеп жүрген ғалымдар қазақ халқы арасында 
ӛмір сүрген некенің негізгі формасы дара неке, яғни, моногамия деп атайды. Біз зерттеп 
отырған қазақ фольклорында от басының тағдырына, жас буынның ӛсіп ӛнуіне, мұратқа 
жетуіне немесе солардың арман-қайғысына байланысты ӛлеңдер кӛптеп саналады. Қазақтың 
неке салты және оның халық ӛлеңдері тереңнен философиялық тәрбиемен байланысты. 
Қазақ фольклорындағы неке салтына байланысты халық ӛлеңдерін этнография тұрғысынан 


Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
133 
зерттеуіміз қажет, себебі, қазіргі қоғамдағы некені сақтау үшін жастардың ой санасындағы 
батыстық түсініктен арылтуға негіз қалауға тиіспіз.
Қазақтың неке салтының ӛткені мен бүгінгісін сипаттайтын мақал-мәтел, жар-жар, 
беташар, сыңсу, кӛңіл айту және жоқтау ел аузынан жазып алынған мәліметтер баршылық. 
Қазақтың неке яғни, үйлену салтына байланысты тақиямен қоштасу, той бастар ӛлеңдеріне 
тоқталамыз. Тақиямен қоштасу сыңсу ӛлеңіне ұқсас мұнда да қыз тағдырына кӛнгісі 
келмейтіндігін, тілегімен санаспай еріксіз ұзатып отырған әкесіне ӛкпелі екендігін зарлы 
ӛлеңмен сыртқа шығарған. Әйел бас киімін кигізудегі жеңгесі болғандықтан ӛлең соған 
қаратылып айтылған.
Тақиямды алмашы, 
Басыма шәлі салмашы. 
Тақиям ауыр деуші едім, 
Оданда ауыр шәлі арттым. 
Бозторғай неге болмадым, 
Босағама қонбадым? 
Аямаған жан әкем
Қасыңа серік болмадым. 
Базардан алған сары асық, 
Жүруші едік жарасып. 
Айналайын, жан жеңгем, 
Қайда да кеттім адасып-деп жас қыз ӛзінің сырын осылай жырлаған [6, 73 
б.]. Тойбастар қыз ұзату тойында да, сонымен қатар келін түсіру тойында да айтылады. Кез 
келген істің басталуы, оны ұйымдастырушысы болатыны сияқты, әрбір ғұрыптың да 
басталуын ұйымдастырушысы болған. Осы тұрғыдан тойбастарда қалындық пен күйеу жігіт, 
олардың ата-анасы мен туысқандары мадақталады және жаңа үйленген жастарға бақыт пен 
ақ тілек тіленеді. Тойбастарды жыршы ақын, немесе шешен, аузының ебі бар кісі айтады. Ал, 
тәңірлік дінде тойбастарды бақсылар, абыздар атқарған және ислам дінінде қожа-молдалар 
атқарған. Той бастар тойды жасап жатқан той иесінің жағдайына қарай айтылған және той 
бастаған кісіге жырдың мазмұнына байланысты ат, жібек шапан немесе ақшалай сый береді. 
Әрине, ұлан-асыр той жасап, ат жарыстырып, атақты ақындарды әкелу – бай, дәулетті 
адамдардың қолынан келеді. Тойбастарды қазіргі таңда тойдың соңынан айтады, ал негізінен 
ол басында айтылған. Х.Досмұхамедов үйлену тойында тойбастарды халық кӛп жиналған 
жерде жолы бойынша белгілі бір рудың немесе атаның ақыны айтады дейді [7, 17 б.]. 
К.Матыжановтың 
«Қазақтың 
отбасылық 
ғұрып 
фольклоры» 
атты 
докторлық 
диссертациясында той бастардың мәтіні мазмұны және оны қалай басталу заңдылықтарын 
кӛрсетеді. Мысалы, тойбастар ең алдымен былай басталады деп ӛлең жолдарымен келтірген: 
Ассалаумағалейкум, жиылған топ, 
Бұл тойға тағдыр айдап келіппіз дӛп. 
Болыпты жұрт кӛрмеген бір ұлы той, 
Таң қалып қарағандай жерменен кӛк,-деп сәлемдесе отырып той 
бастаушы, той жасаушыны ӛзіңде кӛрсете отырған. Г.Ж.Болатованың «Қазақтың үй іші әдет-
ғұрып ӛлеңдері» атты кандидаттық диссертациясында Қазақтың үйлену салты және некеге 
байланысты бӛлімінде қыз үйінде орындалатын тойбастар жайлы былай түсіндіре отырып 
қалыңдықтың қайғысы алысқа аттанып бара жатқанын, құрбы-құрдастарын қимай бара 
жатқандығын тӛмендегідей суреттейді: 
Ақ отау шетке тіксе жылайсыңыз, 
Әкемнің сыйлағаны осы ма-ай деп. 
Үстінде тӛсегіңнің әкең жылар, 
«Алланың ақ бұйрығы осылай»,- деп. 
Алдында саба аяқтың шешең жылар
«Қыз» қылып әлпештеген басым-ай»,-деп 


Казахский государственный женский 
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
134 
Егіліп сен жылайсың «Елім-ай»,-деп, 
«Құрбылас ойнап-күлген теңім-ай»,-деп. 
Елжіреп жүрек-бауыр шешең жылар 
«Ашыған тар құрсағым белім-ай»,-деп. 
Мінгенде ат үстіне досың жылар
«Біздерді кеткен тастап шыны ма-ай»,-деп. 
Ойларсың бір күн жатып, екінші күн, 
«Оң жақта ойнап ӛскен күнім-ай»,-деп [6, 60 б.]. 
Сонау сақ, үйсін, ғұн кезінде басталған құдаласу салт-дәстүрлері болғандығын ғұн ханшасы 
Шижұнның үйсін гуньмосы Елжау биге тұрмысқа шығып тӛркінін сағынып айтатын «Аққу» 
деп аталатын әні «кӛрісу» сол кезде бастау алған. 
Мені ұзатты әлемнің бір жағына,
Алыстағы жат елге-үйсін ханына. 
Дӛңгелек үй, туырлық там орнына,
Ет жеп, айран ішеді ас-суына. 
Туған жерді сағынып, сарғаямын, 
Аққу құс боп қайтсам деп ауылыма [8, 73 б.].
Қазақ қоғамында тағыда дүниеге келгеннен кейінгі және дүниеден қайтқаннан кейінгі 
аралықта әдет-ғұрып, ырым, жоралғылары халық арасында кӛп. Адамзат саналы ғұмырға 
жетіп, ӛмірдің мәніне ой жүгірте бастаған сәттегі алдынан шыққан ұлы жұмбақтың бірі-ӛлім. 
Осы тұрғыдан қазақтың жерлеу салты-халқымызда кӛне заманнан келе жатқан салт-дәстүрі. 
Адам қайтыс боларда немесе қайтыс болғаннан кейін молданы алдырып, ислам діні аясында 
Құран жолын білетін кісіге иманын айтып отырады. Әрине, ӛлген адамды о дүниеге 
аттандыру мен оның артын күтудің әлем халықтарының ӛмір салтында қалыптасқан жӛн-
жосығын санамалап түгендеп шығу мүмкін емес. Абай Құнанбаев айтпақшы: 
«Туғанда дүние есігін ашады ӛлең, 
Ӛлеңмен жер қойнауына кіреді денең» - деп ӛлген адамға арнайы ӛлең 
жолдарымен жоқтаулар айтылған. Жерлеу салтына байланысты ӛлеңдер оның шығуын 
Ә.Марғұлан ежелгі кӛшпелі тайпалардың тіршілігіндегі «патриархал қауымының әлеуметтік 
тұрмысы, жора-жосыны, ӛлікті қадірлеумен байланысты және ӛлеңдер кәдемен байланыса 
отырып дәстүрлері – қоштасу, естірту, жоқтау, аза тұтып қайғыру, жылау, қадірлеп шығарып 
салу, басына белгі орнату, ас беріп, той жасау, сойыс қылу, арыздасу бәрі ерте темір 
дәуіріндегі сақ, ғұн, үйсіндерден бері қарай қазақ пен қырғыз халқына жеткен тарихи 
жоралар жерлеу ӛлеңдер кәдемен байланысады дейді [9, 36 б.]. Қазақ ұлтының жерлеу 
салтында кӛңіл айту ӛлеңі бар. Кӛңіл айту кейде естіртумен бірге келеді. Ауыр хабар жеткен 
кезде құр қайғыны қана айтып қоймайды, қазақта бауырмалдық, туысқандық, жан күйерлік 
негізінде, соның емі сияқты айтылады. Кӛңіл айтудың үстінде бұрынғы би сияқты қариялар, 
кӛбінесе дүниенің баянсыздығы туралы, тіршілікте адам басына неше түрлі ӛзгеріс, 
жаңалықтар келетіні туралы ӛзінше терең пікір, толғаулы сын айтады. Дүниеде бір халден 
ӛзгермей тұратын тұрақтылық жоқ, бүтіндігін мәңгі сақтап тұратын тұрақтылық жоқ. Кӛңіл 
айтқан тоқтау түрде: «Қанаты бүтін сұңқар жоқ, тұяғы бүтін тұлпар жоқ, жапырағы бүтін 
ағаш жоқ, бауыры бүтін алаш жоқ» деген сияқты толғаулар бүкіл дүние адамзат баласын 
мәңгілік емес екенін келтірген [10, 35 б.]. Қазақ ұлтындағы жоқтау дәстүрі анау ерте заманда 
басталған десек қателеспейміз. Бұлай айтудың себебі: Алтай ӛңірінен табылған сақ кезеңіне 
кемер белдіктегі бейне мынандай мәлімет береді. Терек түбінде екі еркек бір әйел. Әйелге 
қарама-қарсы малдас құрып отырған еркек. Ал, еркекке қарап отырған басында шошақ 
сәукеле камзол киген әйел. Екінші ер адамның жалтыр басын әйел адам ұстаған. Бұл кӛрініс 
алып қашу да немесе шаршап шалдығу да емес. Мұндай сырды «Қозы Кӛрпеш-Баян сұлу» 
эпосынан іздеу жайлы мәлімет беруші археолог Бекмұханбет Нұрмұханбетов және 
Ә.Марғұланның еңбектерінде берілген жырдан Баянның Қозысын жоқтап тұрғандығын 
аңғаруға болады. 


Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
135 
Жатырмысың-ай, жалғызым, жер бауырлап. 
Қарға жүнді қамыс оқ оны ауырлап, 
Құдай қосқан қосағың Баян келді, 
Тұра кетсең нетеді күліп-ойнап [11, 54 б.]. 
Қазақ халқы ӛзінің ұзақ тарихында діни наным-сенімдерді басынан ӛткерген. Қазақ 
фольклорында кӛрініс тапқан наным-сенімдерді бәдік, жарапазан қарғыс сӛздерден байқауға 
болады. «Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры» деген еңбегінде Болатжан Абылқасым
306 қарғыс сӛздерді қарастырған. Еңбектегі қарғыс сӛздер былай келеді. 
№305 қарғыс сӛзден 
Қора-қора қойларың, 
Құмырсқа боп шақсын. 
Табын-табын сиырларың, 
Жылан боп шақсын. 
№306 қарғыс сӛзден 
Орта жасқа келгенде шешек шықсын. 
Құжы болып, ӛне-бойыңа кесек шықсын. 
Әйелің де сол кезде қайтыс болсын,
Шипа бермей, шешегіңнен ірің шықсын
[3, 189-190 бб.]. 
«Жетіссең де жер жемісін жеті аса» дегендей қазақ халқы тек мал шаруашылығымен 
айналыспай жер ӛңдеумен де айналысқан. Оған археологиялық қазба жұмыстары дәлел бола 
алады. Мысалы: Сауран, Отырар, Тараз, Баласағұн қалаларының маңайында ескі арықтардың 
ізі әлі байқалады. Байқап қарасақ, ӛте ескі заманда да, қазаққа ислам діні әсерін әлі жая 
алмай тұрған кезде, егін атасы Шығыр, Шынар деп сиынған. Диқаншылық пен айналысып 
«Алла» - аты шала таныс болып жүргенде егін аталарына былай сыйынған. 
Шығырдың түп атасы-Әлі шынар, 
Шығырға сиынбасаң шығыр сынар. 
Шығырға әлімнен сиынсаң 
Қашанда егін бітіп, кӛңіл тынар [12, 9 б.]. 
Бір кездері жабайы аңдарды ұстап, үй түлігіне айналдырған шаруаларды халық тӛрт 
түлік малдың «пірі» деп ұғынып, алғашқыда ұстап баққандарын құдайлары санап, солар 
жайында түрліше аңыздар тудырып отырған. Қазақ ұлтының фольклорындағы мал 
шаруашылығына байланысты әдет-ғұрыптар мен наным-сенім мәселелері осы уақытқа дейін 
егжей-тегжейлі зерттелді. Қазақ ұлтының ғұрыптық фольклоры оның ӛткендегі ӛмірін, 
тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, дүниетанымын, арман-мүддесін т.б. 
мәселелерді жан-жақты бейнелейді. Қазақтың тӛрт түлікке байланысты әдет-ғұрыптары мен 
салт-дәстүрлер негізі, археологиялық деректер зерттеулерінің нәтижелері кӛрсеткендей 
неолит дәуірінен басталған. Халық тӛрт түлік малдың тӛлін анасы қалай сүйсе, адам да 
солай сүйе білуге тиіс деп, қозы, лақ, құлын, торпақ, ботақан, қойшы, құс жӛнінде түрлі 
ӛлеңдер тудырып келген. Тӛрт түлік малдың иелері Шопан, Қамбар, Ойсылқара, Зеңгі баба 
деп тілек тілеп табынып антропологиялық мифтерді тудырды. Сонымен әйел бедеулігін 
емдеу үшін тӛрт түлікті қолданған. Садуақас деген бақсы әйел бедеулігін толық емдеу үшін, 
тӛрт түлік малдың тӛрт түрін алып келіп, үйдің ішіндегі ауруға есік арқылы қолын беріп, 
былай ӛлеңдеткен: 
Тӛрт түлік мал тӛлім-ау, 
Пірлерінді шақыршы! 
Қамбар – ата қауымы-ау, 
Пірлеріңді шақыршы. 
Шопан-ата қауымы-ау, 
Пірлеріңді шақыршы. 
Зеңгі-баба қауымы-ау, 
Пірлеріңді шақыршы. 
Ойсыл-қара қауымы-ау, 
Пірлеріңді шақыршы. 
Тарқұрсаққа тағылған, 


Казахский государственный женский 
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
136 
Белден соққан бес шайтан. 
Албастының қанынан, 
Перілердің жолынан, 
Арылтсаңшы жаным-ау,-деп бақсы әйелді тӛрт жыл ішінде балалы 
болатынын айтып тӛрт түлікті ӛзімен алып кетеді [13, 53 б.].
Сонымен, қорыта айтқанда Қазақ халқының дәстүрі наным-сенімдері, кӛптеп таралған. 
Қазақ ұлтының әдет-ғұрыптары мен наным-сенімдері мал шаруашылығымен тығыз байланысты 
ӛрбіген, қазақ фольклорында қай ертегі, аңыз, әңгімелерін алып қарасаңда халық тұрмысының 
ішкі дүниесіне сәйкестендіріліп құрылған. Қазақ ұлтының адамгершілік туралы халықтың 
нақылдары дәстүрлі-салтымен, ӛзіндік ерекшелігімен сабақталып келе жатыр. Қазақ ұлтының 
дүниетанымы кез келген зерттеуші маманды қызықтырады, тарихпен сабақтасып жатқан дүниені 
тану үшін қазақ фольклоры құнды материалдар болып табылады. Осы дүниені зерттей отырып 
ұлттың даналығын тануға болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда аталмыш тақырып әлі де 
болса толық зерттеуді қажет ететін мәселе болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет