Әок 371. 3 Тiгiн машинасының инесi және оның классификациясы



Pdf көрінісі
бет6/27
Дата03.03.2017
өлшемі2,59 Mb.
#5903
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

 
1.
 
Ибн-Батутаның Дешті-Қыпшаққа саяхаты. 15-б 
2.
 
Ә. Марғұлан. Ежелгі жыр аңыздар. А.: Жазушы, 1985, 49-б 
3.
 
С.Мұқанов. Халық мұрасы. А.: Қазақстан, 1974, 47-б 
4.
 
Р.Шойбеков, Ана тілі, 1991, 18 сәуір 
5.
 
Батырлар жыры. 2-том, А.: Жазушы, 1986, 114-б,  
6.
 
А. Мектептегі. Сәукеле. Түркі әлемі, №2 (30) ақпан, 2004 жыл 
7.
 
Туркестанские ведомостей, 1915 №251 
8.
 
Ш. Байділдаұлы. Қазақтың ою-ӛрнектері.- Алматы «Ӛнер», 2006. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ  
 
 
  Мақалада ұлттық  киім, қалыңдықтың киімі  туралы, соның ішінде сәукелеге 
тоқталып,  ғылыми  негіздерге  сүйене  отырып,  «сәукеле»  сӛзінің  шығуы  мен 
қолдану  аясы  баяндалған.  Білім  беру  жүйесіндегі  студенттердің  шығармашылық 
қабілеті  мен  эстетикалық  талғамын  арттыруда  ұлттық  киімнің  қаншалықты 
маңызды екендігі қарастырылған. 
 
РЕЗЮМЕ  
 
 
  В  статье  рассматривается  национальный  костюм  невесты,  как  один  из 
главных  компонентов  национального  костюма  казахского  народа,  Исследования 
опирались  на  научные  источники.  Изучение  этого  является  важным  на 
сегодняшний  день  источником  формирования  у  студентов  эстетических  вкусов 
итворческого потенциала. 
 
 
 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
51 
ӘОК.370.014 
КІЛЕМ ТОҚУ ӘДІС–ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ЕҢБЕККЕ 
БАУЛУ 
 
Орымхан Ж.О. - доцент м.а. (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
Ақылбекова Ш.Д. - 4 курс студенті (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Қазақстанның  жаңа  даму  кезеңінде  білім  берудің  ғылыммен  табиғи  түрде 
үзіліссіз  байланысуы  уақыт  ӛткен  сайын  елдің  экономикалық  ӛсуіне,  тиімділік 
пен бәсекелестіктің артуына ықпал етуші қуатты күшке айналып келеді. 
Білім  беруді  дамыту  –  қоғамның  белсенді  ықпалы  арқылы  жүзеге 
асырылатын, кең ауқымды мемлекеттік бағдарлама. Ол қазақстандық білім беруді 
ең  алдымен  елдің  қазіргі  тыныс–тіршілігіндегі  ӛзекті  де  болашақты 
сұраныстарына сай келетін жаңа заманғы сапаға жеткізуі тиіс. 
Кәсіптік  білім  берудің  мағынасы  мен  құрылымын  жаңғырту  бүгінгі  күннің 
негізгі мақсаты. 
«Ӛнерлі ӛрге жүзеді» - дейді халық, яғни қолӛнерінің ӛзіндік қыр–сыры мол, 
қиын әрі озық түрлерінің бірі – кілем тоқу ӛнері. 
Адамзат  дамуының  қай  сатысында  болсын  қоғаммен  бірге  дамыған  кілем 
тоқу ӛнері әр дәуірде ӛзінің ӛшпес ізін қалдырып, әлеуметтік кӛркемдік жағынан 
дәуір  тынысын  қалт  жібермей  әсерін  тигізіп  отырды.  Халық    арасында  кеңінен 
тараған, дамыған ӛнер – кілем тоқу ӛнері. Бұл тұрмыс қажетіне байланысты халық 
қолӛнерінде ерте заманнан белгілі ӛнер болып келеді.  
Кілем  дәстүрі  тым  арыда  жатқан  қолӛнер  бұйымы.  Ол  сонау  Ұлы  Жібек 
жолы  бойындағы  саудагерлердің  тасып  сататын  маңызды  тауары  болған,  олар 
шығыстан батысқа Орта жазық алабының торғын-торқасын тасып әкеліп, шығыс 
ӛңірдің  кілем-кілшесін  сатып  алып  кететін.  ХІV-ХVІІ  ғасырларда  Самарқан, 
Бұқара  Қызылорда  кілемдерінің  жиналатын  әрі  тарқалатын  орталығы  болған 
десектк қателеспеспіз. 
«Үй-үйде бар кілем тоқитын ӛрмек,  
Ата, бала, немере бірге отырып, 
Кілем тоқып, салды ӛрнек»  
-  дегендей  кілем  тоқу,  ұйымшылдық  пен  қолқабыс  кӛрсетуінің  арқасында 
тындырылған іс. 
Кілем-қазақтардың  үй  сәндігі,  жылулығы  үшін  қолданатын  үй  жиhазы. 
Кілем  тоқу  ӛнері  -  қазақ  халқының  ӛмір  тіршілігінде  айрықша  орын  алып, 
ғасырдан-ғасырға,  ұрпақтан-ұраққа  жалғасы  дамып  келе  жатқан  ӛнер  түрі.  Ал, 
қазақ  кілемдерінің  бетіндегі  ою-ӛрнек  түрлері  ежелгі  замандардан  бастау  алып 
қазақ жерін мекен еткен кӛшпелі тайпалар ӛнерінің ықпал-әсерімен сан ғасырлар 
бойы  қалыптасып,  ӛзіне  тән  бір  жүйеге  келген.  Біз  қазақтын  алғашқы  ою-ӛрнек 
үлгілерін  Андронов  мәдениеті  мен  байырғы  сақ,  ғұн,  үйсін  ӛнері  мұраларыннан 
ұшыратамыз. 
Ерте заманнан бері қазақ тұрмысында мықтап орын алған, бүгінгі күнде де 
маңызын  жоймаған,  ӛте  тығыз  тоқылатын,  ӛте  тӛзімді,  ұзақ  уақыт  сақталатын 
бағалы  үй  бұйымдарының  бірі  –  кілем  деп  аталатыны  белгілі.  Ертеде  кілемді 
жерге  тӛсеумен  бірге  туырлық  пен  үзіктің  орнына  да  жапқан,  әрі  сән  үшін,  әрі 
жылылық  үшін  керегенің  ішінен  де  тұтылған.  Халық  арасындағы  «Үй  жасауы  – 
кілем»  деген  сӛздің  ӛзі-ақ  оның  қазақ  тұрмысында  қаншалықты  орын  алғанын 
кӛрсетеді.  Кілемді  алтын,  күміс  бұйымдармен  бірге  байлықтың,  баршылықтың 
белгісі  деп  санаған.  Кілем  қыз  жасауының  елеулі  құрамына  кірген;  сыйлы 
қонақтарға  арнап  кілем  тӛсеу,  кілем  тӛсеп  қарсы  алу,  кӛшіп-қонғанда 
салтанаттыққа  түйеге  кілем  жабу  сияқты  дәстүрлермен  бірге  оны  құн  тӛлеуге, 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
52 
сый-сияпат  жасауға  да  пайдаланған.  Кілем  тоқу  –  қай  халықта  да  ерекше  орын 
алған  кәсіп.  Қазақ  тұрмысында  ӛрмек  тоқумен  айналысатын  қыз-келіншектер, 
әйелдер  арасынан  кілем  тоқуды  кәсіп  еткен  шеберлер  шыққан.  Оларды  кілемші 
деп  арнайы  бӛліп  атайды.  Кілемді  қолмен  де  машинамен  де  тоқуға  болады. 
Қолмен тоқылған кілемге қарағанда машинамен тоқылған кілемнің беріктігі мен 
кӛркемдік  сапасы  нашарлау,  ал  сыртқы  түрі  мен  ӛрнегі  жағынан  одан  кем  емес, 
әрі  ӛнімділігі  жоғары  және    арзанға  түседі.  Кілемше  қолымен  25  күнде  1м  кв 
тоқыса (кілемнің тығыздығы мен ою - ӛрнек әуенінің күрделігіне байланысты), ал 
машинамен бір күндік жұмыс уақытында 23-30 м кв тоқылады. 
Кілем - қазақтардың үй тұрмысында қолданатын сәнді бұйымы. Кілем үйдің 
қабырғасында  ілінетін,  жылылық  үшін  пайдаланатын  зат.  Кілем  тоқу  -  тұрмыс 
қажетіне  байланысты  халық  қолӛнерінде  ертеден  белгілі,  ел  арнасына  кеңінен 
тараған ӛнер.   
Қазақ  қолӛнерінде  кілемдер  тақыр  және  түкті  болып  екі  түрге  бӛлінеді. 
Тақыр  кілемнің  тоқу  үрдісі:  желі  жібінен,  теру  жібінен  кейде  арқау  жібінен 
тұрады.  Тақыр  кілем  тоқуға  қойдың  кӛктемгі  қырғылған  жабағы  жүні 
қолданылған. Тақыр кілем ӛрнектеріне байланысты бірнеше типтерге бӛлінеді. Біз 
қарастырып  отырған  шашақты  тақыр  кілем  ою-ӛрнегіне  байланысты  "боднос" 
кілем  типіне  жатады.  Кілемнің  ортасы  тӛрт  бұрышты  шаршалардың  ұштасатын 
бұрыштары  ромбтармен  жалғасқан.  Шаршылардың  да,  ромбтардың  да  жиегі 
жасыл  түсті  жіппен  тоқылған.  Шаршылардың  немесе  "бодностардың"  ішіне 
қызыл  түске  қара  жіппен  "қос  мүйіздер"  және  ақ,  сары  түсті  "ботакӛз"  оюлары 
түскен.  Ромбтың  іші  қызыл  түсті,  ӛрнексіз.  Кілемнің  астында  және  үстінде  екі 
қатар үздіксіз "қос мүйіздер" жүргізілген. Ортасы ромб тәрізді тұмаршаларға және 
үшбұрыштарға  бӛлініп,  кілемнің  тӛрт  жағын  да  қамтып  жатыр.  Тұмаршалар  ақ 
және қара түсті ала жіппен кӛмкерілген. Үшбұрұштардың да, тұмаршалардың да 
ішіне  "қошкар  мүйіз",  "тұмарша"  оюлар  түскен.  Түстері:  қызыл,  сары,  жасыл, 
қара,  ақ,  күлгін.  Кілемнің  екі  шетіне  7  қатар  түрлі  түсті  сызықтар  жүргізілген 
және қоныр шашақтармен кӛмкерілген. 
 
 
1 сурет – Түкті кілем  
Түкті  кілемдерді  этнографиялық  зерттеулер  бойынша  Қазақстанда  ең  кӛп 
тоқығаны  отырықшылқпен  айналасатын  оңтүстік  аймақтар.  Кілемнің  жасалу 
техникасы  күрделі  және  кӛп  жұмыс  пен  уақытты  қажет  етеді.    Түкті  кілем  

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
53 
бірнеше қабат жіптерден тұрады. Олар: желі жіп, арқау жібі, жиектеу жібі және әр 
түсті  теру  жібі.  Түкті  кілем  -  тік  бұрышты,  тоқылған  ӛрнекті.  «Түк»  атауы  кӛне 
түркі  тілінде  қалың  деген  мағына  береді.  Түкті  кілемді  жерге  тӛрт  қазықпен 
бекітілген  «ӛрмек  ағашта»  тоқиды.  Тоқу  екі    әдіс  –  тәсілге  бӛлінеді.  Біріншісі: 
күрмеп  алу  әдісі,  ғылыми  атауы  «екі  түйінді  айқаспа»  немесе  «гиордес»  кейде 
«түрік» айқаспасы деп аталады. Осы айқаспа кілем тоқуда кеңінен тараған. 
Гиордес – түркі елінің кілем тоқу орталығы болып саналатын шағын қаласы. 
Тоқу әдісі ӛте қарапайым. Түк шығаратын жіпті екі желі жібінің үстіне кӛлденең 
қоя отыра, екі ұшын желі жібінің сырт жағынан артына қайыра отырып ортасынан 
бетіне  шығарамыз.  Сонымен  түк  теру  жібінің  екі  ұшы  сырттан  ішке  кірді. 
Қазақша  «кір»  түрікше  «гир».  Біздің  тұжырымдауынша  «гиордес»  сӛзі  «гир» 
түбірі  қазақтың  кір,  дес  деген  жалғаудың  мағынасы  мынада  деп  ойлаймын, 
қазақтың  бірлес,  жерлес,  қандас,  тұқымдас  сӛздерінің  мағынасындай  бір  жіптің 
екі ұшы бірігіп бір жерден шығуы болған сияқты. Түкті кілемнің жібін екі тілдеп 
ширатып,  теріп  тоқу  арқылы  ӛрнек  салынады.  Еден  бойлай  жатқан  кілем 
желісінің  желі  жіптеріне  теру  жібіміз  кілем  желісіне  қарағанда  тік  бойлай 
орналасып  шығады,  ал  арқау  жібімізді  алатын  болсақ,  ол  тыным  таппай  кілем 
желісінің  бір  жиегінен  екінші  жиегіне  қарай  екпінді  қозғалыста  болады.  Осыған 
орай арқау жібінің міндеті түк шығаратын теру жіпті орынға қозғалтпай қатырып 
түйіп  тастайды.  Енді  теру  жібі  болса  бір  орынға  түйін  болып  қатып  қалады. 
Осыған  орай  түкті  кілемдерді  «қалы»  кілем  немесе  «ғалы»  кілем  атауларына 
қазақтың  қал  «қатып  қал»  түркі  халықтарының  «ғал»  деген  сӛздері  себеп 
болғанын айтсақ қателеспеспіз.  
Кілем  тоқу  -  тұрмыс  қажетіне  байланысты  халық  қолӛнерінде  ертеден 
белгілі,  ел  арасына  кеңінен  тараған  ӛнер.  Кілем  үйдің  сәндігі,  жылулығы  үшін 
арналып, тоқылып жасалатын бұйым. 
 
Баланың  тәрбиелі  ӛнегелі  болуы  алдымен  ӛзіне  байланысты  болса,  содан 
кейін  оған  ықпал  жасайтын  ортаға  байланысты  екені  белгілі.  Қазақ  елі  шебер, 
ісмер  адамдарға  бай    бай  екендігін  ешкім  жоққа  шығара  алмайды.  Дегенмен, 
оқушыларды  олардың  жасаған  бұйымдарымен  таныстыру  жақтары  кӛңіл 
қуантарлық  дәрежеде  емес.  Осы  орайда  халқымыздың  ұлы  ақыны  Бауыржан 
Момышұлының мына ойы еске түседі. «Жаудан да, даудан да, қорықпаған қазақ 
едім,  енді  қорқынышым  кӛбейіп  жүр.  Балаларын  бесікке  бӛлмеген,  бесігі  жоқ 
елден қорқам. Екінші, немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқам. 
Үшінші,  дәмді  ,  дәстүрді  сламайтын  балалар  ӛсіп  келеді.  Оның  қолына  қылыш 
берсе кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан 
бала жоқ, үйретіп жатқан әже, әке жоқ.» деп зиялы азамат кезінде мұнайған екен. 
Қазіргі  кезде  ӛз  ӛнерін  баласына,  қызына  үйретіп,  кілем  тоқумен  айналысып 
отыратын  апалар,  әжелер  азайған  тәрізді.  Сондықтан  баланы  қолӛнерге  баулу 
және  кілем  тоқуына  қызықтыру  үшін  ең  алдымен  оларға  үлгі  алатындай  жағдай 
туғызып,  қазақ  қолӛнерінің  әсемдік  құпиясын  ашып  кӛрсету  қажет.  Қазақ 
халқының қолӛнерінде кілем тоқу ерекше орын алатыны бәрімізге мәлім. 
Бүгінгі  эстетикалық  ғылымда  анықталған  шешім  халық  қолӛнерінің  ӛшпес 
қасиеті  адамның  ӛзіне  біткен  талабы  және  іс  –  тәжірибе  ӛрісінің  атадан  балаға, 
анадан қызына жалғасатын ісмерлік шеберлік жолдары. 
Ұлттық  мәдениетімізді  меңгермей,  мәдениетті  адамзат  тәрбиелеу  және 
ұлттық сананы қалыптастыру мүмкін емес. Қай кезеңде болсын адамзат алдында 
тұратын  мұрат  –  міндеттердің  ең  бастысы,  ӛзінің  ісін,  ӛмірін  жалғастыратын 
салауатты,  саналы  ұрпақ  тәрбиелеу  болып  табылады.  Білімді  ,  жан  –  жақты 
тәрбиелі  жастар  ұлтымыздың  баға  жетпес  қазынасы,  сондықтан  жастарды  жан  – 
жақты қабілетті адамзат етіп ӛсірудегі халық қолӛнерінің тәлім – тәрбиелік, білім 
– танымдық рӛлі оразан зор.  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
54 
Кілем тек үй ішін безендіру үшін ғана емес, сонымен қатар тӛсеніш ретінде  
де қолданған. Кілем бүгінгі таңда үлкен сұранысқа ие.  
Біздің мақсатымыз колӛнердің бай мұраларын жинап, заманымызға лайықты 
сапа,  түр  беру  әдісімен  оларды  сақтап  қалу  және  дамыту.  Осы  мақсатта 
тәуелсіздіктің  таңы  атысымен  кӛптеген  кілемдерімізді  жаңа  заман  талабына  сай 
жаңғырту  болып  табылады.  Кешегі  күннің  дәстүрімен  сабақтасып  жалғасқан 
бүгінгі таңда заман талабына сай кілемдер жаңаша үлгіде тігілу шеңбері кеңеюде. 
Ата – бабаларымыздан мирас болып келе жатқан салт – дәстүріміздің арнасымен 
бойлай келе жатқан ұлттық нақыштағы кілемдерімізді бүгінгі  уақыт сұранысына 
сай, ұлттық бейнедегі үлгілері тоқылып саны артса нұр үстіне нұр болар еді.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің «Қазақстан халқына 
жолдауы». Егемен Қазақстан 2009ж 
2.
 
Х.Арғынбаев Қазақ халқының қолӛнері  Алматы 1987ж 
3.
 
С.Касиманов «Қазақ халқының қолӛнері» Алматы 1995ж. 
4.
 
Х.Маданов Қазақ мәдениетінің тарихы – Алматы.: 1997, 35 б. 
5.
 
Х.Нүркеұлы «Ұлттық мирас» Алматы 1991 ж. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада кілем тоқу ӛнері арқылы жастарды еңбекке баулу, олардың 
ұлттық сана сезімін, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру жолдары 
қарастырылған. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье    рассматривается  роль  декоративного  прикладного  искусства 
Казахстана, ее значение в формировании эстетического вкуса и трудовых навыков 
подрастающего поколения.
 
 
 
 
 
ӘОК 687.1:391 
ҰЛТТЫҚ ӘЙЕЛДЕР КАМЗОЛЫН КӨРКЕМДЕП КОНСТРУКЦИЯЛАУДА  
КОМПЬЮТЕР ГРАФИКАСЫН ҚОЛДАНУ 
 
Рысқұлова Б.Р. – т.ғ.д., профессор (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
Қыдырбекова  И.Т. - магистрант (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Қазақ  ұлттық  киімдерінің  ерекшеліктерін  зерттеуде  комзолдың  кӛркемдік 
конструкциясын  құрастыруда  20  үлгінің  ӛңделуі  талданылды:  10  үлгі  орталық 
мұражай этнографиялық нұсқасы, 10 үлгі қолданылған әдебиеттер үлгілері.  
Талдауда:  ұлттық  киім  аталуы  мен  қолданылуы,  пішімі,  форма  силуэті, 
кӛлемдік-ауқымдық  конструктивтік шешімі, қолданылған материалы және ӛңдеу 
технологиясы.  
Ұлттық  киімдерде  кездесетін  әртүрлі  композициялық,  конструктивтік  және 
технологиялық элементтері талданды. Ұлттық киімді дайындауда тігістердің бір-
бірінен  айырмашылығы,  қолданылуы,  біріктіру  әдісі,  қиықта  орналасуына  қарай 
ерекшеленеді.  Тігін  бұйымдарының  негізгі  бӛлшектерін  біріктіру  әдістері  және 
ӛңірді,  жағаны,  жең  аузын,  етек  қиығын  ӛңдеу  ерекшеліктері  талданады. 
Киімдердің  үлгілерінде  бӛлшектену  элементтері  және  әшекейлік-безендірудегі 
ою-ӛрнек  элементтерін  классикалық  симметрияда  түрлендіру  әдістері  киімнің 
кӛркемдік композициялық шешімін ӛзгертуге қолданылады.  

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
55 
Зерттеуде  модельдер  бӛлшек  формасының  бірыңғайлылығы  мен 
функционалдық  белгілерімен  топтастырылды  және  камзол  бӛлшектерін 
түрлендірудің конструкторлық әдістері 1-кестеде, әшекейлік безендіру әдістері 2-
кестеде кӛрсетілген.  
Зерттеу  нәтижесінде,  комзол  бӛлшектерін  түрлендірудің  оңтайлы  әдістері 
базалық  модель  конструкциясы  негізінде  құрастырылды.  Ұлттық  киімнің  ішкі 
ырғағы  мен  үйлесімділік  заңдылығына  сәйкес,  бӛлшектерді  конструкторлық 
әдістермен түрлендіруде бедер, майда сәндік бӛлшек,  иініш  кӛп қолданылатыны 
анықталды. 
1 кесте- Комзол бӛлшектерін конструкторлық әдістермен түрлендіру, % есебімен   
 
 
Комзол 
иін
іш
 
ен
дір
м
е 
бе
де
р 
бе
йк
а 
ба
ск
а 
Майд
а 
сә
ндік
 
бӛлшек
 
те
р 
 
бе
лді
к 
қа
тт
ам
а 
же
лбей
 
Күнделікті  
19 

34 


23 



Сәнді-кештік 
11 
16 
28 
11 

21 



Дифференциалдық  сұранымдағы  сапасы  жоғары  кӛп  үлгілі  модельді 
жобалауда,  2-кестедегі  талданған  кӛрсеткіш  анықтағандай  әшекейлеп  безендіру 
әдістерінде кестелеу және аппликация кеңінен қолданылады.  
2  кесте  –  Камзол  бӛлшектерін  әшекейлік  безендіру  әдістерімен  түрлендіру,  % 
есебімен  
 
 
Камзол  
ке
ст
е 
ап
пли
ка
ци
я 
оқ
а 
зе
р 
ыз
ба
 
ша
ша
қ 
үлбі
р 
су м
он
ша
қ 
 
алт
ын
да
у 
күм
істеу
 
зе
рле
у 
Күнделікті  
48 
32 









Сәнді-кештік  
21 





11 
21 



Қазақ ұлттық киімі – камзол түстерінің үйлесімділік заңдылығы әр уақытта 
сақталады, мата түсі мен ою-ӛрнек мәнерінің конфигурациясы үздіксіз жалғасады 
және  бояу  түсінің  ӛзгеруі  мәнердің  жіктелуіне  әсерін  тигізеді.  Киімде 
қолданылған  негізгі  материалдың  бояу  түсіне  қарай  ою-ӛрнек  мәнерінің  түр-
түсінің  үйлесімділігі  таңдалады  және  әшекейлеп  безендірілудегі  түстерінің 
шешімі қабылданады. Осы себеппен, камзолда қолданылатынын кӛрсетті.  
3 кесте – Камзолда қолданылатын мата түсі, % есебімен  
 
 
Камзол 
қа
ра
 
қоң
ыр
 
жа
сыл
 
кӛк
 
кӛгіл
дір
 
К
үң
гірт
 
қыз
ыл 
 
қыз
ыл
 
қыз
ғылт
 
Қ
ыз
ғылт 
са
ры
 
ақ
 
Күнделікті  
17 
11 



17 
20 
11 


Сәнді-кештік 
19 




11 
29 
12 


Камзол  формасының  ішкі  ауданының  тепе-теңдігі  түймелеу  түріне  және 
конструкциясына  тікелей  байланысты.  Ұлттық  киімдерде  кездесетін  түймелеу 
әдістері,  кӛркемдік  композициялық  талғамына  байланысты  әр  түрлі 
конфигурацияда орындалады. Камзолда кездесетін түймелеу түрі конструктивтік 
формасы мен бӛлшектенуіне байланысты, яғни 4 – кестеде түймелеу түрін талдау 
арқылы,  киімнің  кӛркемдік  композициялық  шешімі  қабылданды.  Камзолда 
түймелікті  түрлендіру,  модель  конструкциясы  негізінде  ішкі  ырғағы  мен 
үйлесімділік заңдылығына сәйкес таңдалды /1/.  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
56 
Зерттеу  нәтижесінде  күнделікті  камзолдың  кӛркемдік  конструкторлық 
құрастыру ерекшеліктері ұлттық пішім мен талғамда ӛңдеп талданған қынамалы 
силуэтіндегі үлгі 1 а – суретте кӛрсетілген.   
Камзол  қаусырмалы  ӛңірмен  кӛркемделген,  бес  қапсырма  түймелікті. 
Алдынғы бой қолтық  ойындысынан бедерлі тігіспен қыналған және дӛңгеленген 
етек қиығы ӛңір сызығындағы түймелік ұшына дӛңгеленіп, жан қиығы мықыннан 
жоғары тұста ӛңделді.  
Артқы  бой  ортаңғы  тігісті  және  қолтық  ойындысынан  бедерлі  тігіспен 
қыналған. 
4 кесте – Камзолда кездесетін түймелеу түрі,  % есебімен  
 
 
Камзол 
 
 
 
Түймелеу түрі  
Б
ір 
қа
ус
ырм
а
лы
 
Қ
ос
 
қа
ус
ырм
а
лы
 
Ж
ас
ыры
н 
 
ас
си
м
м
ет
ри
ялы
 
сыдыр
м
а 
жа
быс
қа
қ 
ба
ум
ен
 
қа
пс
ырм
а 
Күнделікті  
27 
24 

25 




Сәнді-кештік 
17 
22 
13 
29 




Камзол  бӛлшектерінің  формасы  және  ӛзара  үйлесім  ырғағы  ұлттық  киім 
пішімдерінде  түрлендірілді.  Камзолды  нақыштап  безендіруде  тығыз  кесте 
қолданылды.  Мойын  ойындысы  және  оң  жақ  алдыңғы  бой  ӛңірі  мен  етегі 
кӛлемдік  композицияда  түрлендірілген  екі  жақты  тізбектелген  ою-ӛрнекпен 
кестеленді.  
Артқы  бой  ортаңғы  бӛлігінде  толық  симметриямен  түрлендірілген  ою-
ӛрнекпен  кестеленді,  безендіру  нақышы  ұлттық  киім  талғамындағы  түс-реңк 
мәнерімен  орындалды  және  киімнің  композициялық  шешіміне  үйлестірілді. 
 
1 а,б – Автоматтық жүйедегі модельдердің сыртқы кӛрінісі 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
57 
Камзол  қынамалы  силуэті  және  кеңейтілген  етегінде  кӛлемдік  композицияда 
түрлендірілген екі жақты тізбектелген ою-ӛрнекпен кестеленді. Белдемшенің бел 
қиығы әдіппен жӛрмелген.  
Зерттеу 
жұмысында 
камзол 
үлгілерінің 
кӛркемдік 
формасын 
қалыптастыруда,  1  б  –  суретте  ішкі  құрылымның  бӛлшектенуі  модельдің 
утилитарлық  функциясы  және  форманың  кӛркемдік  композициясын  құрастыру 
заңдылығына  сәйкес  орындалды  және  бос  зонаға  әшекейлік  безендіру  енгізілді. 
Шағын  кәсіпорында  тігін  бұйымдарын  дайындаудың  технологиялық    процесін 
жобалау  кезеңінде  ақпараттық  бағдарламада  киім  үлгілерінің  сыртқы  кӛрінісі 
және бӛлшектерде ою-ӛрнек орналасу үйлесімділігі автоматтандырылған тәртіпте 
және базалық мәлімет құрастырылды.       
Базалық  мәлімет  ақпараттың  кейбір  ӛлшемге  жүйелендірілген  бірыңғай 
жиынтық,  бұл  бағдарламаны  енгізу  нарық  сұранымына  қарай  тез  ӛзгеретін  тігін 
ассортименттерінің  мәлімет  базалық  қорын  сақтайды  және  қайта  ӛңдеуге 
мүмкіндік  береді.  Қажеттілігіне  қарай  базалық  мәліметтерге  ӛзгеріс  енгізуге 
болады,  яғни  жаңа  ақпарат  енгізу  немесе  алып  тастау  автоматтық  тәртіптегі 
операциялық  жүйеде  орындалады.  Есептеу  техникасының  қарқынды  даму 
процесінде  шағын  кәсіпорында  оңтайлы  бағдарламамен  қамтамассыз  ету  талабы 
жүйелік  бағдарламаны  қалыптастырды,  яғни  қолданушыларға  информациялық 
ағым ақпараттарды қайта ӛңдеуге, тапсырмаларды шешуге, әр түрлі конструкция 
мен  технологияны  жобалауда  және  жүйелеуге  автоматтандырылған  базалық 
мәлімет жете зерттелді.  
Тігін  бұйымдарын  тәжірибелік  конструкторлық  жобалау  кезеңінде  камзол 
ішкі  құрылымының  бӛлшектенуін  талдау,  конструкциялық  сызбасын  құрастыру, 
лекалосын дайындау, ӛндіріске жіберуді ұйымдастыру зерттелді.  
Камзолды  модельдеу-конструкциялау  кезенінде  модельдің  композициялық 
конструкторлық шешімін талдағанда модельдің конструкторлық және бұйымның 
технологиялық  бірыңғайлығы  сақталды.  Жүргізілген  зерттеу  нәтижесінде, 
компьютерлік  технологияны  қолдануда  камзол  үлгілерін  ӛзгерту,  әшекейлеп 
безендіру мен конструкторлық әдіспен түрлендірудің оңтайлы әдісімен шешілді. 
Камзолды  конструкторлық  модельдеуде  компьютер  графиканы  қолдану  ӛте 
тиімді, уақытты қысқартады және киімнің сапасын жоғарылатады.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Кучарбаева Қ.Ж., Рысқұлова Б.Р. Модельдің кӛркемдік конструкторлық 
технологиялық шешімі және бешпет конструкциясын оңтайлы әдіспен ӛңдеп 
талдау. // Пищевая технология и сервис. – 2005. - № 3. – с. 63-68.  
2.
 
Марғұлан А.Х. Казахская народное прикладное исскуство. – Алматы: Ӛнер, 
1986. 
3.
 
Ибраева К. Казахский орнамент. – Алматы: Ӛнер, 1994. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет