Әок 371. 3 Тiгiн машинасының инесi және оның классификациясы



Pdf көрінісі
бет14/27
Дата03.03.2017
өлшемі2,59 Mb.
#5903
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27

 
ӘДЕБИЕТТЕР      
1.
 
Н.Ә.Назарбаев  «Дағдарыстан  жаңару  мен  дамуға»  Қазақстан  халқына 
Жолдауынан. 6 наурыз 2009ж. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  Жолдаудың  ӛзекті  мәселесі  уәдеге  берік,  сенімге  сергек  болу 
баяндалған.  Осы  мәселе  бойынша  Елбасының  зерделеп  пайымдауы  жан-жақты 
жазылған. 
 
РЕЗЮМЕ 
В данной статье рассматривается  важная проблема Послания гарантировать 
выполнение  всех  обязательств  государства.  Президент    всесторонне  
проанализировал эту проблему. 
 
 
 
ӘОК 340.141(574) 
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ӘДЕТ – ҒҰРЫП  НОРМАЛАРЫНЫҢ  
ІСКЕ АСУЫ 
 
Мукалдиева Ж.Б. - оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Қазақ  қоғамында  мемлекеттік  биліктің  ең  кең  тараған  саласы  –  сот  билігі 
болды.  Қазақ  қоғамындағы  сот  билігі  бірнеше  кезеңін  басынан  ӛткерді.  Осыған 
сәйкес    оның  құрамының  құрылымы,  қызметінің  мәні  мен  мазмұны  және  бағыт 
бағдары  да,  ӛзгерістерге  ұшырады.  Сот  билігінің    негізгі  кейіпкері-би,  ал 
құқықтық  негізі  -  әдеп-ғұрып  нормалары  болғандықтан,  олар  да  тарихи 
сабақтастыққа сай эвалюиялық даму үстінде болды. 
XIX ғасырдың ортасы мен XX ғасырдың басы билер съездерінің шешімдері 
ереже  нормалары,  қазақ  даласында  құқықтық  әдет-ғұрып  нормаларының  даму 
кезеңінің  кӛрнісі  еді.  Сондықтан  оларға  байланысты  әдет-ғұрып  жарғыларына 
ортақ  жалпы  қасиеттер  тән  болды.  Біздер  алдымен  құқықтық  әдет-ғұрып 
нормаларын,  мемлекеттік  заңдарды  тарата  отырып,  зерттеу  әдістерін  қолдану 
арқылы оларды танып-біліп келдік. Дегенмен, бұл әдіс әдет-ғұрып нормаларының 
ішкі  табиғатына,  оның  іске  асу,  қолданылуы  ―ӛмір  сүру‖  мәнеріне  сай  келе 
бермейді. Сондықтан да құқықтық әдет-ғұрып нормаларындағы басты нәрсе  - ол 
нормалардың ӛздерінен гӛрі, олардың ішкі мәнінде, негізінде принципінде еді. Ең 
басты  нысаны  сот  принциптерінің  ӛз  мәнін,  мазмұнын  жоймай  іске  асуы  
болатын.  Құқықтық  әдет-ғұрып  нормаларының    әдет-ғүрып  қағдиғаларын  іске 
асыруда,  олар  ӛздерінің  қолданылуы  ортасының  әр  түрлі  жағдайына  бейімделіп, 
түрлене беретін, бір норма әр түрлі боп айтылып, ерекшелініп отырған. Яғни, бір 
норманың  бірнеше  құбылысы,  нұсқасы  болуы  мүмкін  еді.  Дегенмен  де,    әдет-
ғұрып  нормаларының  белгілі  бір  бӛлігі  мемлекет    тарапынан    қолдау  тапты. 
Мемлекет  оларға  баса  кӛңіл  бӛліп,  ӛз  мақсат  мүддесі  тұрғысында  әсер  етуге,  ӛз 
қызметіне  таратуға  әрекет  жасады.  Бірақ  құқықтық  әдет-ғұрып  нормалары  оның 
ішінде  Ереже  жарғылар,  қоғамның  ішкі  табиғатының,  ондағы  әлеуметтік 
қатынастардың  ерекшілігіне  қоғам  мүшелерінің  тәртібін  реттеу,  басқару  ісінің 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
122 
ӛзгешілігінен  туындап  жататынын  солар  арқылы  түсіндірілді.  Қазақ  даласында 
құқықтық  әдет-ғұрып  нормалары  қоғамдық  қатынастарды  реттеп,  жүйелі 
басқарып,  бақылауда  ерекше  сипатқа  ие  болды.  Себебі,  адам  тәртібін  реттеп 
басқару  әлі  жеке-дара,  дербес  ӛмір  санасы,  мемлекет  қызметі  боп    толық 
қалыптастырылғанында еді. Сондықтан да, қазақ халқының  құқықтық жүйесі осы 
тұрғыдан  зерттелініп  келді.  Осының  нәтижесінде,  құқықтық  әдет-ғұрып 
нормаларының  таптық  күн  кӛрістік  сипаты  асыра  бағаланып,  қазақ  халқының 
құқықтық  ӛмірінің  мәні,  мазмұны  кӛшпелі  қоғамдағы  әлеуметтік  қатынастар 
жүйесімен  және  солардың  негізінде  экономикалық  мүдделермен  анықталынады. 
Наразылық  әдет-ғұрып  нормаларының    қырларымен  ғана  шектеліп,  олардың 
қоғамдық  қатынас  мүшелерінің  тікелей  адами  табиғатта,  адами  қасиетіне  және 
жаратылысына шығар байланыстары, тұтастырыла кӛрінді. Яғни, құқықтық әдет-
ғұрып    нормаларының  мемлекет  органдарымен,  басқа  да  билік  органдарымен 
байланысына дұрыс назар аударылғанымен, бұл байланыстың мәні де тек таптық 
қарама-қайшылықпен  түсіндірілді.  Осы  тұрғыдан  құқықтық  әдет-ғұрып  
нормаларынан  туындай  келе,  олардың  да  адамды  билейтін,  әсіресе  оны  күш 
қолдану  арқылы  іс-қимылын,  тәртібін  бағындырып  ұстайтын  тұстарына  баса 
назар  аударумен  тұйықталды.  Алайда,  Қазақ  даласындағы  құқықтық  әдет-ғұрып  
нормаларының  іске  асуы,  құқықтық  мәденитеттің  халық  тұрғысына  және 
тіршілігіне  барынша  лайықталынған.  Оның  күнделікті  ӛмірде  кең  қолданылуы 
мен    бейімделген  сүбелі  бір  бӛлігі  құқық,  әдет-ғұрып    нормалары 
институттарымен  сабақтаса  үйлесіп  отырды.  Құқықтық  әдет-ғұрып  нормалары, 
тарихта,  әдебиетте  халық  тұрғысына,  тіршілігіне,  барынша  тарихи  сабақтасып, 
зерттелініп, ерекешеленіп отырды.  Қазақ әдет-ғұрып нормалары жүйесін олардың 
принциптерін,  соған  сай  кӛзқарас,  ой-ағым  арнасынан  жеке-дара  бӛліп  қарауға 
болмайды. Сондықтан да, құқықтық әдет-ғұрып нормаларының жүйесін анықтап, 
танып-білу,  норма  мен  принциптер  арасындағы  байланысты  кӛре  білуді 
міндеттейді.  Олай  дейтініміз,  қазақ  әдет  -  ғұрып  нормалары  жүйесінің 
құрылымдық  ерекшілігін  анықтауда,  оның  астарында  жатқан  кӛзқарастардың 
қағида  принциптердің  туындау,  қалыптасу  беку,  ауысу  жолын  ашып  кӛрсету 
шешуші рол атқаратындығында. Айталық, қылмыстық құқық саласындағы қанды 
кек  қағидасының  бірте-бірте  шектеліп,  кейін  оның  құн  тӛлеу  приципімен  орын 
алмастыру барысында кешірімді болу принципі басты рухани орын алды. Ол жаңа 
құқықтық  түсініктер,  нормалар  енгізу  қажеттілігі  туындаған  кезде  немесе  жаңа 
құқықтық бастамаға жол ашу үшін қолданылып отырған басты рухани механизм 
болды.  Сондай-ақ,  жер  дауы,  мал  дауы,  жан  дауы  салаларындағы  құқықтық 
қағида  нормалардың  ӛсіп-ӛніп,  рухани  тұрғыдан  нәрленуі  құқықтық  ӛмірдің 
басты  қағдиғасының  іске  асуын  қамтамасыз  етуге  бағыттау  болып  табылды. 
Мәселен,  қазақ  даласында  құқықтық  неке  саласында  ―жеті  атаға  дейін  қыз 
алыспау‖  принцип  -  қағидасы  жетекші  рол  болды.      Сот  процесі  саласының 
негізінде ―Дау мұраты - бітім‖ қағдиғасы болды. Қылмыс пен жаза қатынастарын 
реттеуде  ―Қанға-қан,жанға-жан‖,  ―Құн  тӛлеу‖  сияты  әрекеттерде  әр  қайсысы 
тарихтың  әр  дәуірінде  әр  түрлі  жетекшілік  мәнге  ие  болғандығын  байқаймыз. 
Құқықтық  әдет-ғұрып    нормалары  адам  тәрбиесіне,  іс-қимылына  ерекше  әсер 
етуін  қамтамасыз  етті.  Сол  себебті  де,  билікке  ұмтыламын  деп  бойындағы 
адамгершілік  қасиеттерден  айырылып  қалма  деп  үнемі  уағыздап  отырған. 
Мәселен, қазақ елі ел билеуде ең басты құндылықтар ар, ұят, намыс, имандылық, 
әділеттілік қасиеттерді атаған. Сондықтан жер қатынастарын, мүлік қатынастарды 
реттеуде құқықтық әдет-ғұрып нормалары негізгі бағыт беруші қызметін атқарды. 
Осының  нәтижесінде  құқық  әдет-ғұрып  нормалары  адам  болмысына  әсер  ету 
мүмкіндігіне  ие  болуы  мен  үлкен  эмоционалдық  ықпал  жасауға  жол  ашты. 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
123 
Адамның  тек  қана  ақылына  емес,  оның  сезіміне  жүрегіне  бүкіл  ӛн-бойына  әсер 
етті.  Тағы  да  айта  кетер  жәйт,  қазақ  даласында  құқықтық  әдет-ғұрып 
нормаларының іске асуының басты мақсаты, қоғамдағы  талас тартыстарды, дау-
дамайларды  шешу  еді.    Тарихи  тұрғыдан  алғанда,  оның  ең  алғашқы  және  басты 
мақсаты,  дау-дамайларды  алдын  алу,  оларды  болдыртпауға  әрекет  жасау,  ал 
талас-тартыс  туындап  жатса,  қоғамда  қалыптасқан  әділдік,  теңдік  ұғымдар  мен 
принциптерді  қолдана отырып   уақытысында  жылдам шешу  еді. Ал,мемлекеттік 
билік  барысында  құқықтық  әдет-ғұрып  нормаларының  іске  асуы,    қоғамдық 
қатынастарды реттеу, елді басқару мақсатында қолданылуы болып табылады.  
Қазақ  даласында  әдет-ғұрып  нормалары  ел  басқаруда  бидің  билігі,  ханның 
жарлығы,  жол  жарғы,  ережелер  сияқты  құқықтық  нормалардың  ресми  түрде 
дамуына  жол  салды.  Тарихта  құқықтық  мәнге  ие  хан  жарлықтары    алым  салық 
тӛлеу,  әскер  істер  мәселелерін  реттеу  салаларында  біршама  орын  алды.  Қазақ 
даласында  құқықтық  әдет-ғұрып    нормаларының  тарихи  бір  үйлестігі 
―Қасымханның қасқа жолы‖ болса, ―Есім ханның ескі жолы‖  қоғамдағы орталық 
мемлекеттік  биліктің  жекедара  дербестенуінің  бір  кӛрнісі  болды.  Қасымхан  мен 
Есімханның  жинақтарында    қомақты  орын    әскери  және  елшілік  нормалар 
берілген.  Онда    ішкі  қатынастарды  реттеу,  ең  алдымен  елдің  бірлігін  сақтауға 
арналған, оның тыныштығын қорғайтын ел, халық болса, ел арасы бүлінген кезде 
жедел  түрде    келісім-ымыраға    бастайтын  әдет-ғұрып    нормаларына  аса  кӛңіл 
бӛлінді. Мұның ӛзі  заманға сай құқықтық мәдениеті мемлекетті қалыптастыруда 
үлкен бір таптырмас құбылыс болып табылды. 
Қазақ  қоғамында  құқықтық  әдет-ғұрып  нормалары  жүйесінің    ең  жетілген 
түрі-жарғы болды. Ол билер  биліктерінің, хан жарлықтарының  даму тарихының 
тікелей  жалғасы,  олардың  қоғамдағы  орнын  толығырақ  ашып  кӛрсетуге  жағдай 
жасаған  Тәуке  хан  тұсында    қабылданған  ―Жеті  жарығы  ‖болды.  Мұнда  қазақ 
қоғамының  ішкі    мәселелеріне  кӛбірек  кӛңіл  бӛлінген.  Бұл  қазақ  халқының  
аумақтың, этикалық, әлеуметтік тұрғыдан алғанда  толысып, саяси-экономикалық 
жүйесі  тұрақтанып,  ӛз  дамуының    келелі  бір  кезеңін    әдет-ғұрып  нормалардың  
белгілі  бір  бӛліктері  сұрыпталып,  кейбір    жерлері  ӛңделіп,  жаңа  нормалар 
енгізгенін кӛреміз. 
Құқықтық  әдет-ғұрып  нормаларының    бірден  бір    қайнар  кӛздері  билердің 
билігі, хандардың  жарлығы,  ережелері  болды.  Әдет-ғұрып  норамалары    кӛшпелі 
қазақ  қоғамының  құқықтық  ӛмірінде    үлкен  рол  атқарды.  Бірақ,  қазақ  
сахарасындағы  құқық,  мәдениет  құқықтық  нормалар  жүйесі  мен  ғана 
шектелмейтін,  тек  соларға  ғана  тән    мән-мазмұн  әлдеқайда  кең  кӛлемде,  сан-
саналы және терең болатын. Әдет-ғұрып  нормалар осы күрделі құбылыстың тек 
бір  жағы  мен  қыры  ғана  еді.  Оның  үстіне  олардың  құқықтық  саладағы  салмағы 
маңызды  болып  халқымызға  таралған.  Кӛшпелілер  қоғамында  құқықтық  әдеп-
ғұрып  нормаларының іске асу орны, мемлекеттік биліктің, оның ішінде орталық 
хандық  биліктің  күшейген  тұстарында  арта  түскенді.  Қазақ  мемлекетінің  ең 
күшейген, кемелденген дәуірлерінің туындысы, әрі кӛрнісі болып, Қасым ханның, 
Есімханның  және  Тәуке  ханның    заң  кодекстерінің  пайда  болуы  еді.  Қазақ 
қоғамында  құқықтық  әдет-ғұрып  нормаларының  іске  асу  орны  әсіресе,  Ресей 
мемлекетінің  ықпалы  күшейіп,  оның  ӛкімет  билігінің  беделі  арта  бастаған  кезде 
қайта  жоғарлады.  Қазақ  құқықтық  әдет-ғұрып  нормаларының  пайда  болуы  кіші 
заң  жинақтары  ―Ережелердің‖  даму  кезеңдеріне  сай  келді.  Осы  тұста 
кӛшпенділердің  ішкі  ӛмірін  реттеп,  олардың  дау-дамайларын  шешуде,  патша 
ӛкіметі құқықтық әдет-ғұрып нормаларының  дәстүрлі нормаларына арқа сүйеді. 
Осындай  жайттар  Кеңес  ӛкіметі  кезінде  де,  кӛңіл  бӛлінген  еді.  Құқықтық  әдет-
ғұрып  нормаларының  іске  асу  ролі  дәстүрлі  қазақ  қоғамында  мемлекеттік 
фактордың  күшейе  бастаған  дәуірінде  арта  түсеті.  Мұндай  кездері  оларға  деген 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
124 
сұраныс,  оларды  іс    жүзінде  қолдауға  деген  қажеттілік  жалпы  мемлекеттік 
дәрежеге    кӛтерілетін  де,  қоғамдық  ӛмірдің  айшықты  сипаттарының    біріне 
айналатын.  Дегенмен  де,    әдет-ғұрып  нормаларының  іске  асуы  негізінде, 
халқымыздың құқықтық саладағы ұғым - түсініктері мақсат, мүдделері, сезімдері 
мен  принциптері  жатқанын  естен  шығармауымыз  керекті.  Қазақ  даласында 
құқықтық  әдеп-ғұрып  нормалардың  іске  асуы,  құқықтық  ұғым    түсініктері  мен 
принциптердің аумағында қызмет етумен, бақылауда болуы. Сондықтан да,  Қазақ 
даласында    құқықтық  әдет-ғұрып  нормаларының  іске  асуының  алатын  орны 
ерекше.  Олай  болса,  құқықтық  әдеп-ғұрып  нормаларының  объективті  мазмұны 
және шынайы келбетін ұғыну да, мәдени рухани ұғым кӛлемін  биіктікте  қарау 
керектігін қажет етеді. Әсіресе,ол кӛшпелілердің рухани ӛмірінің бастаулары мен 
ерекшіліктерін,  жеткен  ӛрісі  мен  мұраттары  аясында  ашып  кӛрсетуге  ұмтылыс 
жасауының  басты  ролі,  ол  рухани    принциптер  мен  бағыт-бағдарлардың    ӛмір 
сүрудегі адами принциптері мен заңдардың қалыптасу құбылысы болды. Осының 
салдарынан  қазақ  даласында  құқықтық  әдет-ғұрып  нормаларының  іске  асу 
заңдылықтарын  танып  білуде,  мемлекет  мәселелері  шешіліп  отырды.  Дегенмен 
де,  тарихта  құқықтық  әдет-ғұрып  нормаларының  іске  асуының  басты  ролі, 
қоғамдық  қатынастарды  реттеуде,  басты  тұғыры  халық  екендігін  кӛрсететін 
ұғымның кӛрнісі екенін білдіреді.  Осыдан құқықтық әдеп-ғұрып нормаларының 
іске асуы барысы дүниеге бірден ―құқықтық шындық‖ болып енген білеміз. Яғни, 
қазақ  даласындағы  құқықтық  әдет-ғұрып  нормаларының  іске  асуы,  қазақ 
қоғамындағы  әдеп-ғұрып  нормаларының  негізінде  жатқан  басты  рухани 
принциптердің  бағыт-бағдарлары  мен  кӛрістер  болып  табылады.  Осындай 
ерекшіліктерімен  құқықтық  әдеп-ғұрып    нормалары,    халқымыздың  басынан 
ӛткен  қиын  да,  қилы  заманның  куәгері,  дауласушылар  мен  таласқандар  үшін 
шындыққа  жету  құралы,  билер  мен  сот  жүйесі  үшін  даналық  пен  білім  бұлағы, 
қалың кӛпшілік қауым үшін,  бостандықтары мен құқықтарын, дүние-мүлкін, ар-
ожданың  қорғаушы  құжат  -  заңы  екенін  кӛрсетеді.  Сондықтан    құқықтық    әдеп-
ғұрып  нормаларының  іске  асу  негізі,  мемлекет  басқарудың  тұрақтылығын, 
мызғымас  беріктігін    қамтамасыз  етудің  бірден  бір  жолы  әдісі  айқындалынып,  
әдет-ғұрып  нормалары  барысында,  бүкіл  құқық  жүйесінің    біркелкігін,  әрі 
тұрақтылығын қамтамасыз ету мүмкіндіктерін ашып береді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Кенжалиев  З.Ж.  Кӛшпелі  қазақ  қоғамындағы  дәстүрлі  құқытық  мәдениет.-
Алматы: Жеті Жарығы,1997. 
2.
 
Қазақтың  ата  заңдары  :  Құжаттар,  деректер  және  зерттеулер  10  томдық  / 
Бағдарлама  жетекшісі    С.З.  Зиманов  .-Алматы:  Жеті  Жарғы,2005.-Т.5.-б.118, 
154. 
3.
 
Қазақ    әдет-ғұрып  құқығының  материалдары  /Құр.:  З.Кенжалиеа  және  т.б.-
Алматы,1996.- б.176. 
4.
 
Маймақов  Ғ.  Қазақстан  Республикасының  саяси    құқықтық  тарихы.-Алматы, 
2000. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
 
Мақалада  қазақ  құқықтық  әдеп-ғұрып  нормаларының  іске  асу  мәселелері 
қарастырылған. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассатриваются  проблемы  реализации  казахских  обычных 
правовых норм. 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
125 
ӘОК 371.331.864 
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ОҚУШЫЛАРҒА ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ 
МАҢЫЗЫ 
 
Нұрланова В.С. - аға оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)  
 
Тұлғаның ӛздігінен дамуына ықпал ететін оқушылардың ӛз күшімен негізін 
құрған қоғамдық ұйымдар болып табылады.  
Бүгінгі  қоғамдағы  болып  жатқан  қайшылықтар,  тәрбие  жұмысының 
әлсіреуіде,  мектептегі  тәрбиенің  негізгі    ұйтқысы  -  қоғамдық  ұйымдардың 
таратылып,  жүйелі  жұмыс  істемеуінде  болып  отыр.  Оқушы-жастарға  қосымша 
білім  беретін  мекемелердің  күрт  тӛмендеуі  де  тәрбие  жұмысын  жүргізуге  кері 
әсерін  тигізіп  отырғаны  сӛзсіз.  Білім    беру  жүйесі  бойынша  жүргізілген  ұлттық 
есепте 1992-1993 оқу жылы қосымша білім беретін - 1727 мекеме  болса, ал 1998-
99 оқу жылы – 804  дейін тӛмендегені туралы мәлімет бар.  
Сонымен  қатар,  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  жайлаған  еріктен  тыс 
насихат, зорлық-зомбылық жастар тіршілігіне үлкен әсер етіп отыр. Қазіргі таңда 
мектеп алдында болашақ ұрпақты қоғамда болып  жатқан әртүрлі келеңсіз істерге 
қарсы  тұра  алатындай  жігерлі,  батыл,  интеллектуалды  қасиеті  жоғары  азамат 
тәрбиелеу    міндеті  қойылып  отыр.  Бұған  бүкіл  қауым  –  ата-ана,  қоғам,  зиялы 
қауым ӛкілдері болып ат салысқан жағдайда ӛз шешімін табуы сӛзсіз. Сондықтан 
да  қазіргі  таңда  оқушының  шығармашылық  іс-әрекетін,  жеке  басылық  қасиетін, 
саяси  кӛзқарастарын  қалыптастыруда  қоғамдық  ұйымдар  негізгі  орын  алады. 
Әрбір  жас  қоғамдық  қатынастарға  түсу  барысында  аға  ұрпақ  салған  ізгі 
мұраларды бойына сіңіреді. 
Н.Назарбаевтың  халыққа  жолдаған  ―Қазақстан-2030‖  стратегиялық 
бағдарламасында  барлық  Қазақстандықтардың  ӛсіп  ӛркендеуі,  қауіпсіздігі  және 
әл-ауқатының  артуы  жӛніндегі  қазақстан  халқына    жолдауында  негізгі 
стратегиялық    бағыт  ‖халықтың  кӛптеген  топтарының  бірлігі,  жекешіл  және 
қоғамдық  негіздері  салиқалы  үйлестіру,  мұның  ӛзі  қоғамымыздың  жарасымды 
сатылы  дәстүрлерін    толықтыра  түседі‖  деуінің  ӛзі  қоғамдық  ұйым, 
бірлестіктердің  құрылып,  дамуына  мүмкіндік  ашып  отыр  (1).  Сонымен  қатар, 
президенттің  Ақмола  қаласындағы  /1997  ж./  жастармен    кездесуі  кезіндегі 
сӛйлеген  сӛзінде  және  Қазақстан  Республикасы  студенттері  мен  Жастар 
ұйымдары  ӛкілдерінің  съезіне  жолдауында  жас  ұрпақ  тәрбиесіне  зор 
жауапкершілікпен қарай отырып, қоғамдық ұйымдардың жұмысын жандандыруға 
аса  мән  береді.  Олай  болса  жастардың  білім,  білік,  дағдыларын  қоғамдық  іске 
бейімдейтін, саясаттан тысқары ерікті қоғамын құрудың мектептердегі оқу-тәрбие 
ісін  бір  жүйеге  келтіруде  белгілі  ықпал  ететіні  сӛзсіз.  Қоғамдық  ұйымдар 
қосымша  білім  беру  жүйесінің  негізін  құрайды.  Қосымша  білім  беру  – 
оқушылардың  алған  білім,  білік,  дағдыларын  дамыта  отырып,  оқушының  
жекелей  қызығушылығын  қанағаттандыру  үшін  және  тұлғалық  қасиетін  дамыту 
үшін ұйымдастырылатын жүйе. Жалпы, қосымша білім беру жүйесіне сыныптан 
тыс,  мектеп  ішіндегі  (үйірмелер,  мектеп  музейі,  қоғамдық  ұйымдар, 
оқушылардың  ӛзін-ӛзі  басқаруы,  музыка,  компьютерге  байланысты  қосымша 
білім  беру  т.б.),  мектептен  тыс  оқушылар  сарайы,    балалар  шығармашылығына 
байланысты  орталықтар  мен  үйлер,  туристік  базалар,  балалардың  музыкалық, 
кӛркемдік, эстетикалық секциялары, музейлер, кітапханалар, театрлар т.б.. 
Бүгінгі  таңда    Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігі 
ұсынып  отырған  оқушылар  ұйымының  үлгі  Ережесі  және  оқушы-жастардың 
белсене  ӛз  кӛзқарастары  негізінде  құрылып  жатқан  ерікті  қоғамдық  ұйымдар 
оқушының тұлғалық қасиетін айқындауға ықпал етеді. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
126 
Жастарды  бір  бағытқа  бейімдеп,  олардың  іскерлік  қабілетін  тәрбиелеп 
жетілдіретін  ерікті    қоғамдардың  бүгінде  ТМД  елдерінде,  Америка,  Англия, 
Франция, Прибалтика сияқты ӛркениетті елдерде де ӛмір сүріп отырғанын жақсы 
білеміз. 
Қазіргі    таңда  мектептерде  оқушылардың  қоғамдық  ұйымы,  оқушылар 
қозғалысы, оқушылар бірлестігі, оқушылар клубтары құрылып, жұмыс істеуде. 
Қосымша  білім  беру,  оның  ішінде  қоғамдық  ұйымдардың  дамып, 
қалыптасуынан  байланысты  алыс,  жақын  шет  елдерде  З.Каргина,  В.А.Безерин, 
М.Н.Поволяева,  С.К.Никулин,  Ю.Колчеев,    С.Рыбаков,  С.Каблукова,  И.Ветров, 
К.Латифуллинна  т.б. еңбектерінде негізгі орын алады.  
Қазақстанда  қоғамдық  ұйымдар  мәселесі    Қазақстан  Республикасы 

Білім

 
заңында(2)  және  Қазақстан  Республикасы  білім  жүйесіндегі  тәрбиенің  кешенді  
бағдарламасында(3)  жан-жақты  қамтылады.  Қоғамдық  ұйымдардың  құрылымы 
және  ондағы  тәрбие  мәселесі  С.Калиев,  С.Иманбаева,  Б.Каиров,  Б.Нуртелеуов, 
С.Хасенов,  М.Курсабаев т.б. еңбектерінде негізгі орын алады. 
Оқушы-жастарды  әлеуметтендіру  мәселесі  қазіргі  таңда  ӛзекті,  екі  жақты 
мәселе  болып  отыр.  Себебі,  оқушы  әлеуметтік  ортаға  еркін  араласу  оның  осы 
уақытқа  дейін  қабылдаған  әлеуметтік  іс-тәжірибесінің  негізінде  іске  асады  және 
де әлеуметтік  байланыс жүйесі арқылы ортаға белсене араласу мүмкіндігі туады. 
Әлеуметтендіру  жүйесінде  оқушы  тек  ӛзін-ӛзі  жетілдіріп  қоймайды,  сонымен 
қатар тұлға ретінде қалыптасуына да игі ықпал етеді. 
Ресейдегі  ―Жас  Россия‖  (Юная  Россия)  балалар  ұйымының  Федерациясы 
құрылғанына 10 жылдам астам  уақыт болды. Кезінде Ресей президенті Б.Ельцин 
қолдау  кӛрсетіп,  алғашқы  балалар  мен  жастар  ұйымын  құруға  қол  қойған 
мемлекеттік құжат осы ―Жас Россия‖ балалар ұйымының федерациясы болатын. 
Федерацияға  147-ден  астам  балалар  мен  жастар  қозғалыстары,  ұйымдары 
тіркеліп,  бағыт-бағдар  беретін  бір  ғылыми-әдістемелік  орталық  құрылды. 
Алғашқы  кездері  федерация  жұмысын    ―Жаңару‖(Возрождение)  (жоғары  сынып 
үшін),  ―Мен  ӛзім‖(Я  сам)  (орта  буын),  ‖Тӛрт  қосу  үш‖  (―Четыре  плюс  три‖) 
(бастауыш сынып үшін) балалар мен жастардың іс-әрекетін біріктіретін аталмыш 
бағдарламамен  жұмыс  істегені  белгілі.  Іс-тәжірибелердің  дамуы,  қоғамдағы 
әлеуметтік ӛзгерістер жаңадан қозғалыстар, жаңа бағдарламалар туғызды(4). 
Сонымен  қатар,  Ресейде  оқушылардың  бастамаларымен  құрылған  балалар 
ұйымы  баршылық.  Яғни,  олар  ―Алға  бір  адым‖  (―Шаг  на  встречу‖),  ―Балалар 
мейрімділігінің  белгісі‖  (―Детский  орден  милосердия),  ―Жас  парламенттер 
қозғалысы‖ (―Движение юных парламентариев‖), ―Ӛмір діңгегі‖(―Древо жизни‖), 
―Ӛз  дауысым‖(―Свой  голос‖),  ―Ойын  күрделі  іс‖  (Игра-дело  серьезное‖), 
―Мәдениет  пен  спорттың  салауатты  ӛмір  салтына‖  (―От  культуры  и  спорта  к 
здоровому образу жизни‖ және т.б.. 
Мәселен,  ―Шаг  на  встречу‖  (детдомовцы-это  тоже  мы)  балалар  үйіндегі 
тәрбиеленушілердің  ұйым  құрудағы  негізгі  мақсаты:  әке-шешесі  бар  балалармен 
тең құқықта,  бірдей қарым-қатынаста болу; ары мен адами  қасиетін қорғай білу; 
балалар үйінен шыққаннан кейінгі олардың күрделі ӛмір тіршілігі мен күнделікті 
ӛмірде  кездесетін  қиыншылықтарына  қолдау  кӛрсету;  ӛз  талантын  ашуға, 
қоғамдық қатынасқа еркін араласуына мүмкіндік туғызу(5). 
Оқушы-жастардың  әскери-патриоттық  бірлестігіне  Ресей  Федерациясы 
үкіметі мен   Ресей  білім министрлігінің қолдауы бұл ұйымның  мемлекет үшін 
аса маңыздыдылығын кӛрсетеді. 
Бірлестіктің алдына қойған міндеттері: 
-
 
әскери-патриоттық  және  азаматтық  тәрбиеге  байланысты  мемлекет 
саясатын іске асыруға ат салысу

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
127 
-
 
жастардың Отанға деген патриоттық сезімін тәрбиелеу және оны қорғауға  
деген сүйіспеншілігін қалыптастыру; 
-
 
Отан тарихын мен мәдениетін оқып, үйрену; 
-
 
Отанды қорғаушыларға арнап шаралар ұйымдастыру
-
 
әскер тарихындағы құндылықтарды тарату; 
-
 
оқушы-жастардың  дене мәдениетін қалыптастыру; 
-
 
оқушы-жастармен әскери дайындық жұмыстарын жүргізу(5). 
Ресей  Федерациясының  әр  регионында    5-50-ге  дейін  қоғамдық  ұйымдар, 
бірлестіктер,  қозғалыстар    бар.    Бірақ,  жоғарыдағы  бірлестіктерге,  ұйымдарға, 
қозғалыстарға оқушы-жастардың  10 пайызы ғана қатысады. Мұның себебін Ресей 
ғалымдары  былай деп түсіндіреді: оқушы-жастардың адамгершілік ориентирінің 
жеткіліксіздігі;  идеологиялық  ниглизм;  әртүрлі  кездесетін  күрделі    жағдайларға 
қарсы тұра алмаушылық т.б..                         
Қоғамдық  ұйымдар  мен  қозғалыстарды  құру  және  олардың  мазмұндық 
жағынан  аталмыш  мәселе  Прибалтикада  жақсы  жолға  қойылған.  Мәселен, 
Литвада  20-ға  жуық  балалар  қозғалысы  мен  ұйымдары  бар,  олар  екі  бағытта 
жұмыс  жүргізеді.  Бірінші  бағытта,  ―Атейтиникай‖  –  дінге  сенуші  оқушыларды 
қамтиды.  Негізгі  мақсаты  –  бір-біріне  рухани  және  материалдық  тұрғыда  кӛмек 
ету. Ал, екінші бағытта – ―Яунойн Летува‖ (Жас Литва). Мақсаты: халық бірлігін 
сақтау, ұлттық мәдениетті дамыту, қоғамға лайықты жеке тұлғаны қалыптастыру. 
Ұйымға  тек  литвалықтар  мүше  бола  алады.  Ал,  ‖Ауширина‖  атты  оқушылар  
бірлестігі бар. Бірлестікке 15 жастан жоғары оқушылар қабылданады. Бірлестіктің  
алдына  қойған  негізгі  қағидасы  еркіндік,  бірлік,  достық  және  әрбір  оқушы 
жеке,дара тұлға ретінде  дамуы кӛзделеді(5). 
―Кудирковцы‖-  Литваның  қайта  жаңғыруына  байланысты  құрылған 
оқушылардың ұйымы. ―Кудирковцы‖ деп аталу себебебі 1858-1899 жылдары ӛмір 
сүрген,  Литваның  азаттығы  үшін  күрескен      ақын,  әрі  жазушы  Виулса  Кудирки 
есімімен  байланысты.    Оқушылар  ұйымының  алдына  қойған  мақсаты  -  ӛз 
ұлтының  тарихын,  әдебиетін  меңгеру,  В.Кудирики  шығармашылығын 
насихаттайды және ғылымның рухани жаңғыруы үшін күреседі. 
―Саюдис‖  -      арнаулы  орта  оқу  орындарының    және  жоғары    оқу 
орындарының студенттерін, оқушыларды қамтыған  ірі қозғалыстардың бірі. Бұл 
қозғалыстың  бір  ерекшелігі  үлкендер  құрған  ―Саюдис‖  қозғалысының 
платформасында құрылып, солардың бағдарламасының бір бағыты негізінде ӛз іс-
шараларын жалғастырады. Бұл  қозғалыстың ерекшелігі - үлкендер негізін салған 
қозғалыстың  жалғасы ретінде іске асады. 
―Гедиминовичи‖  –  Вильнюс  қаласының  негізін  салушы,  литва  халқының 
ұлттық  батыры  ретінде  құрметтелетін  княздың  ұрпақтары  құрған  қозғалыс. 
Қозғалыстың  алдына  қойған  негізгі  мақсаты  -  ӛз  халқының  тарихын  меңгеру, 
тарихи  ескерткіш  мұраларды  қорғау,  тарих  арқылы  ұлттық  сананы 
қалыптастыру(5). 
Украинада  құрылған  оқушы-жастардың  ―Пласт‖  ұйымы    скауттардың 
жүйесі мен ұстанымы бойынша құрылған. ―Пласт‖ халықаралық ұйымының негізі 
1989  жылдары  қаланған.  Украинадағы  ―Пласт‖  ұйымына  материалдық  кӛмек  
жоғарыда  аты  аталған  халықаралық  ұйым  әдебиеттермен,  атрибуттармен 
қамтамасыз  етіп  отырады.  Ұйым  ата-аналарды  белсенді  түрде  ұйым  жұмысына 
тартады. Ұйым балалардың діни сенім бостандығы мен  құқығын қорғайды. 
Қазіргі  таңда  ТМД  елдерінде  саяси  және  қоғамдық  саяси  ұйымдар  мен 
бірлестіктер құрылуда. (―Союз несовершеннолетних граждан‖) (Украина), ―Саяси 
лицей‖  (―Политический  лицей)    (Москва  қаласы),  қоғамдық-саяси  орталық  ― 
Невада-Семей‖, жас парламентарий клубы (Москва қаласы) 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
128 
Қоғамдық  ұйым,  бірлестіктер,  қозғалыстардың  материалдық  кӛмек 
тӛмендегі кӛмек кӛздері арқылы жинақталған: 
-
 
балалардың қол-ӛнер  және техникалық шеберліктерінен түскен қаржылар; 
еңбек кооперативтерінде істеген жұмыстары үшін алған ақылары; 
-
 
ӛздері шығарған газет-журналдарды сатудан түскен қаржылар; 
-
 
мүшелік жарнадан (ұйым мен бірлестік мүшелерінің еңбекке жарамдылары 
тӛлейтін    міндетті  жарна,  ал  оқушы  мен  ата-аналар  ӛз  еріктерімен  тӛлеген 
жарнадан түскен қаржы); 
-
 
Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардан түскен қаржылай кӛмек. 
Кӛптеген  елдердегі  қоғамдық  ұйымдар  мен  қозғалыстарға  ғылыми-
теориялық  тұрғыда  талдау  жасау  барысында  түйгеніміз,  қоғамдық  ұйымдар 
оқушы-жастардың  жеке  тұлға  ретінде  дамуына,  ӛз  ойын  еркін  айта  білуіне, 
қоғамдық қатынаста әртүрлі жағдайлардан шыға білуге баулитынын байқадық. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет