Әок 371. 3 Тiгiн машинасының инесi және оның классификациясы



Pdf көрінісі
бет5/27
Дата03.03.2017
өлшемі2,59 Mb.
#5903
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

 
1.
 
Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйесін  дамытудың  2015  жылға 
дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. – Алматы: Ғылым,1990. 
2.
 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2005  –  2010  жылдарға 
арналған Мемлекеттік бағдарламасы //Білім әлемі газеті 30.10.2004. 
3.
 
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан - 2030 стратегиясында барлық қазақстандықтардың 
ӛсіп  ӛркендеуі,  қауіпсіздігі  және  әл-ауқатының  артуы»  -  атты  жолдауы.  - 
Алматы: ЮРИСТ, 2001. - 104 б. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
 
Мақалада  кәсіптік  білім  беру  жүйесіндегі  болашақ  мұғалімнің  кәсіби 
шеберлігін  арттыруда  жаңа  оқыту  технологиясын  меңгерту  жолдары 
қарастырылған.  
 
РЕЗЮМЕ  
 
В  статье  рассматриваются  пути  повышения  профессионального  мастерства 
будущих педагогов с использованием новых педагогических технологий.   
 
 
 
 
ӘОК 391.91 
МЕКТЕПТЕГІ СУРЕТ САБАҒЫ - ҰЛТТЫҚ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ 
БАСТАУЫ 
 
Қожайбеков Р. – оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)  
 
Ұлттық бейнелеу ӛнерінің арғы-бергі даму тарихына кӛз жіберсек, графика, 
мүсін ӛнері жарты ғасырдан аса уақыт ішінде ерекше ӛркендеп, ӛскенін кӛресің.   
Ӛнер иелері  ӛмір тынысын қылқаламмен, ұшқыр ой желісімен қағаз бетіне түсіру 
үшін  кӛп  ізденістер  жасаған.  Сӛйтіп,  Қазақстанның  бейнелеу  ӛнері  кӛп  жанрлы 
ӛнерге  айналған.  Құбылыстардың  мәнін  жинақтап,  оны  қорытып,  ирек-ирек 
иірімдерден  кӛркем  образдарға  айналдырып,  одан  соң  кӛрерменге  ұсынады  /1/. 
Егер  суретші  салған  сол  туынды  шынайы  кӛркем  шығарма  болса,  қараған 
адамның жан дүниесі мен кӛңіл-күйіне әсер етіп, әсемдікті бағалап, эстетикалық 
ләззат  алуына  мүмкіндік  береді  десек,  қылқалам  шеберлерінің  алуан  түрлі 
бояумен  салған  суреттері,  әсіресе,  тәуелсіздіктен  кейін  қайта  табысқан  ұлы 
тұлғалардың  бейнелері  қазір  кӛптің  кӛз  алдында.  Тіпті  осыдан  мыңдаған  жыл 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
41 
бұрынғы  Күлтегін  ұстын  тасында  аталатын  батыр,  бағландар  бейнесі  де  қайта 
жаңғырды.  Бірақ  сол  дүниелер  барлық  жұртқа  жете  бермейтіні  бар.  Бұқаралық 
ақпарат құралдары осы ӛнер түрінің әр қырынан келіп жазып жатса, бұл бейнелеу 
ӛнеріне  ден  қойған  жастарымыз  үшін  пайдалы  болар  еді.  Нағыз  суретшіні, 
талантымен тәнті  еткен дарынды жұрт танып білер еді. Бейнелеу ӛнерінің алуан 
қырынан мол мағлұмат алып, жұмыс істеудің әдістері мен техникасынан хабардар 
болатыны да шындық /2/. 
Бағзы  заманғы  ӛнерді  ауызға  алғанда  тамаша  туындылар  қалдырған  ата-
бабаларымыздың  қолтаңбасын  да  қалыс  қалдыруға  әсте  болмайды.  Бейнелеу 
ӛнері  арқылы  сол  кезеңдерден,  яғни  ата-бабаларымыз  ӛмір  кешкен,  бастан 
ӛткізген  уақыттарынан  кӛп  белгі  сақталған.  Ерліктері  бейнеленіп,  жаумен 
шайқасқан,  дұшпанымен  айқасқан  сәттері,  қару-жарақтары,  найза,  қылыштары 
кӛрініс  тапқан.  Оның  бәрі  бүгінде  мұражайларда  тұр.  Бұған  қоса  мыңдаған 
жылдар  бұрын  да  қазіргі  қазақ  жерінде  гүлденген  қалалар,  әсем  құрылыстар 
ансамбльдері болған. Оларға ойлы кӛзбен зерделей қарасаң, ӛнері мен мәдениеті, 
шеберлігі  ӛзіміз  аузымыздан  тастамай  жүрген  Еуропа  елдерінен  бір  де  бір  кем 
емес.  Оның  бір  дәлелі  –  саф  алтыннан  құйылған,  кӛне  Есік  қаласынан  табылған 
―Алтын  адам‖.  Бұл  тек  құнды  археологиялық  олжа  ғана  емес,  ата-
бабаларымыздың  жан-жақты  халық  болғанын  білдіріп,  тарихы,  мәдениеті  біздің 
бүгінгі 
ӛркениетті 
ӛсуіміздің 
бастауы 
деуге 
негіз 
қалайды. 
Ӛзге 
құндылықтарымыз да жетіп артылады /3/. 
Адам  баласының  рухани,  эстетикалық  байлығы  болып  саналатын  бейнелеу 
ӛнері бірнеше ӛнер саласының ӛмірге келуіне себеп болғаны да даусыз шындық. 
Бұл  адамның  айналасындағы  ортаны  тануына,  сана-сенімінің  жетілуіне, 
эстетикалық  тәрбие  алуына  ұрпақтан-ұрпаққа  асыл  мұралар  қалдыруына 
мүмкіндік берген. 
Кейінгі  кезге  дейін  кейбір  ғалымдар,  ӛнер  зерттеушілері  кӛшпелі  халықта 
мәдениет,  әсіресе,  қолтума  сурет  ӛнері  болмаған,  болса  да  жүйелі  дамымаған 
деген  сыңаржақ  пікір  айтып  келгені  бар.  Елдігімізді  танығалы  бері  бұл  пікірдің 
шындыққа  жанаспайтыны  дәйектеліп  отыр.  Дәлелі  мол  археологиялық  қазба 
жұмыстарынан табылған ӛнер туындылары оның ұшқары пікір екенін тайға таңба 
басқандай кӛрсетіп келеді. Мысалы, мыстан жасалған күнтізбенің тарихта алатын 
орны бӛлек.  Мұнда қазір  ӛзіміз қолданып жүрген қазақ күнтізбесі  айқын кӛрініс 
тапқан. 12 ай жан-жануарлар арқылы бейнеленген. Бұл ата-бабаларымыздың орта 
ғасырдағы мәдениетінен хабардар етеді. Әлемде тіршілік етіп жатқан әр халықтың 
ӛз мәдениеті, ӛнері, ғылымы ғасырлар бойы бірде ӛрлеп, бірде тоқырау дәуірлерін 
бастан кешірген. Мұндай дәуірлерді қазақ халқы да аз кӛрмеген. Құлдырауды да, 
ӛрлеуді  де  бастан  кешірген.  Ӛрлеу  дәуірінен  жеткен  ӛлмес  мұралар  бізге  жетіп 
отыр.  Ондай  құндылықтар  Тараз  бен  Сайрам,  Отырар  қалаларынан  кӛптеп 
табылды.  Тараздан  табылған  арыстанның,  Сайрамнан  табылған  тотықұстың 
суреті адам таңғаларлықтай әдемі /4/.   
Жалпы  қазақтың  бейнелеу  ӛнерінің  тарихы  сонау  неолит  дәуірінен  бастау 
алады.  Оған  Ұлытау  жартастарына  ойып  салынған  ӛшпес  бейнелер  айғақ.  Небір 
ӛнер  шеберлерінің  аттары  сақталмаса  да  қолдарынан  шыққан  құнды  дүниелері 
бізге жеткен. 
Ӛткен  ғасырда  ұлтымыздың  бейнелеу  ӛнері  жақсы  дамып,  кең  ӛріс  алды. 
Қылқаламның  құдіретін  танытқан  айтулы  тұлғалар  тӛрткүл  дүниеге  танылды. 
Олардың  қатарында  Ә.Қастеев,  Қ.Телжанов,  А.Ысмайылов,  Қ.Наурызбаев, 
М.Кенбаев,  Қ.Қожықов,  А.Ғалымбаева,  Е.Сидоркин,  А.Молдабеков,  С.Мәмбеев, 
Ж.Шарденов, Ү.Әжиев, т.б. бар. 
Ел  екенімізді,  ұлт  екенімізді  танытып,  таңғалдырар,  тамсандырар 
таланттардан  кенде  емес  екенімізді  кӛрсетіп, ешкімнің  ақылынсыз-ақ,  жетегінсіз 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
42 
сурет  ӛнерінің  саңлақтары  отандық  рәміздерімізді  жасады.  Мұны  жұрт  қуана 
қолдады.  Қазір  тӛрткүл  дүниеде  кӛк  Туымыз  желбіреп,  Елтаңбамыз  айбынды 
асырып тұр. Біз жоғарыда бейнелеу ӛнері туралы арғы-бергі тарихқа аз-кем шолу 
жасағанда осындай қарымды ұрпақтың бұрын да болғанын, осы күні де бар екенін 
аңғарту үшін айтқан едік /5/. 
Тәуелсіздік алып, ӛзіміз жеке мемлекет ретінде дами бастаған тұста ұлттық 
бейнелеу  ӛнері  қарыштап  қанатын  кеңге  жайды.  Отанымыздың  алтын  діңгегіне, 
ырыс құтына айналған Астанамыз жыл сайын ӛркендеп келеді. Жас қаламыз тек 
сәулет  жағынан  сұлуланбай,  рухани  жағынан  да  байи  түсуде.  Осының  ӛзінен 
бейнелеу ӛнерінің небір айтулы кӛріністерін кӛруге болады. 
Бұрын  санаулы  ғана  білім  орындарында  талапкерлерді  сурет  ӛнеріне 
баулитын болса, қазір аясы кеңіді. Соның бірі әрі бірегейі елордадағы Елбасының 
бастамасымен  құрылған  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті 
екені даусыз шындық. Университетте жыл сайын бір жаңалық, ӛзгерістер болып 
тұрады.  Сондай  елеулі  жаңалықтардың  бірі  –  сәулет-құрылыс  факультетінен, 
бейнелеу ӛнері және сызу мамандығы жаңа бағыт алып, бейнелеу кафедрасы бой 
тіктеді.  Бұған  оқу  орнының  ректоры  Сәрсенғали  Әбдіманапов,  аталмыш 
кафедраның  меңгерушісі,  педагогика  ғылымдарының  докторы  С.Аманжолов, 
ғылым кандидаты, доцент Т.Әлиев және басқалар ұйытқы болды. Кафедра ӛнерге, 
суретке талабы бар жастарды сан түрлі бояу мен ұшқыр ойдың үйлесім табуына 
үйретуде. Жалпы, адам бойындағы ерекше қасиетті тап басып танып, кӛзін ашып, 
буырқана аққан бұлақтай бұлқынтып шығару ұстаздар үшін қарыз да парыз. Соны 
мүлтіксіз  орындау  жолында  оқытушылар  жүйелі  жұмыстар  атқарып  келеді.  Бұл 
осы  ӛнер  саласындағы  олқы  тұстарды  болашақта  толтыруға,  жас  дарындарды 
баулуға  деген  құлшыныстан  туып  отырған  ізденістер  /6/.  Әрине,  қолда  бар 
мүмкіндікті  пайдаланып,  сапалы  білім  беру,  ӛнердің  сан  салалы  қыр-сырын 
үйретуде әлі де болса атқарылар шаруа баршылық.  
Бейнелеу ӛнері және сызу пәнінен маман жетіспейтін жерлер қалада да, елді 
мекендерде  де  аз  емес.  Егер  мектеп  қабырғасынан  суретке  қабілеті  бар 
оқушыларды  іріктеп,  талабын  ұштасақ,  жоғары  оқу  орындарына  дайын  шәкірт 
келер  еді.  Осы  жерде  толғандырып  жүрген  мәселелерге  келер  болсақ,  бейнелеу 
ӛнері  пәніне  арналған  бағдарламалар  мен  оқулықтар  әлі  күнге  бір  жүйеге  түсіп, 
арнасын  кеңейте  алмай  жүр.  Кӛп  жағдайда  оқытушылар  ӛз  тәжірибесіне, 
бұрыннан қолда бар материалдарға сүйенеді. Мектепте бейнелеу сабақтары 5, 6, 7 
сыныпта  ӛткізілсе,  8,  9  сыныпта  сызу  пәні  жүреді.  Бұдан  кейін  оқушылар  сурет 
ӛнерінен  қол  үзіп  қалады.  Бұрын  алған  білімімен,  кейінгі  дайындықтарымен 
жоғары  оқу  орындарына  түсу  үшін  сынақ  тапсырады.  Бір  сӛзбен  айтқанда, 
талапкер Құдай берген талантын сынаққа салады /7/.  Бұл бұрыннан қалыптасып, 
жалғасып  келе  жатқан  дәстүр.  Кейде  бала  кезінде  сурет  салуға  талпынып,  осы 
мамандықты  келешекте  игерсем  деген  алғашқы  арманнан  қол  үзіп кететіндер  де 
бар.  Оған  әсер  ететін  себеп  те  әртүрлі.  Мұндай  жайды  таланттың  адасуы  десек, 
артық  айтқандық  болмас.  Сондықтан  әдемілікке  құштар,  сұлулықты  сезініп 
бағалай  алатын,  эстетикалық  талғамы  жоғары,  білімге  ұмтылатын  икемді 
жастарды бейнелеу ӛнеріне мектепте іріктеп, мықты маманның қолына беріп, сол 
саладан  алыстатпаудың  жолын  ойластыру  қажет  секілді.  Ол  үшін  мектептерде 
суретке  бейім  балаларға  арналған  үйірмелер  ашып,  балалар  жасаған  жақсы 
дүниелерді  жұртқа  танытуды  қолға  алсақ,  нұр  үстіне  нұр  болар  еді.  Бұл 
оқушының  ынтасын  оятар  еді  /8/.    Осы  жерде  мына  бір  пікірімді  ортаға  сала 
кетсем  деймін.    Әр  сыныптағы  сурет  пәніне,  жоғары  оқу  орындарында  ӛтетін 
курстар  бойынша  сабақтарға  арналған  арнайы  жаңа  авторлық  бағдарламалар 
жасалып,  бұрыннан  қолда  бар  әдістемелерді  заман  талабына  сай  жетілдіріп,  осы 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
43 
саланың  білікті  мамандарының  талқысынан  ӛткізіп,  қолданысқа  енгізсек,  білім 
сапасы артып, оның оқушыға да, студентке де тигізер пайдасы орасан болар еді. 
Мұны  мен  ӛзімнің  оқытушылық  жұмысымдағы  тәжірибеме  сүйеніп  айтып 
отырмын.  Шәкірттің  білім  деңгейіне  сай  сабақ  беретін  ұстаз  кӛңілінен 
шығатындай бағдарлама жасау кезек күттірмейтін мәселе деп ойлаймын. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.«История искусств Казахстана». Очерки – 2 том. Алматы. 2004 ж.  
2.А.С.Шипанов. «Әуесқой жас суретшілер мен мүсіншілер». Алматы. 1989  ж.  
3.Үкі Әжиев. Алматы. «Ӛнер». 1984 ж. 
4.«Современное 
искусство  Казахстана:  проблема  и  поиски».  Алматы. 
«Мектеп».1989  
5.Мүсәлімов Т., Самылтыров М. «Бейнелеу ӛнерінің негіздері». Алматы. 1995 ж. 
6.Бишняков  А.Б.  Базарбаева  Д.Т.  Мұхаметжанов  Д.А.  Ли  К.В.  Кӛпбасынова  Р.Т. 
«Қазақстанның ХХғ. бейнелеу ӛнері». Алматы 
7.Кӛпбасынова Р.Т. «Қазақстанның ХХғ. бейнелеу ӛнері». Алматы. «Рауан». 1996 
ж. 
8.«Приоритеты развития на современном этапе». Алматы. 2001 ж. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Бұл  мақалада  мектептегі    сурет  сабағында    оқушыларды  ұлттық  бейнелеу 
ӛнеріне баулудың маңыздылығы мен қажетілігі қарастырылған. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  расматриваются  значение  и  необходимость  привития  интересов 
учащихся    к  национальному  изобразительному  исскусству  на    занятиях 
рисования. 
 
 
 
 
ӘОК 687.16. 
ҚАЛЫҢДЫҚТЫҢ КИІМІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУ 
 
Орымхан Ж.О. - доцент м. а. (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
Айдарова Г.-  3 курс студенті (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Қазіргі  таңда  ЖОО-ң  білім  беру  жүйесіне  байланысты  кӛкейтесті 
мәселелердің  бірі  білімнің  жаңа  инновациялық  формаларын  ғана  емес, 
студенттердің шығармашылық қабілеттерін жетілдіріп, эстетикалық талғамы мен 
тәрбиесін  қалыптастыру  десек,  осы  бағытта  ұлттық  ӛнер,  соның  ішінде  ұлттық 
киімдер  туралы  жүйелі  білім  беру  қажеттілігі  туындары  сӛзсіз.  Себебі, 
халқымыздың  қолӛнері  мен  ұлттық  киімдерінің  бай  мазмұны  мен 
ерекшеліктерінен,  даму  тарихынан  бүгінгі  жастар  хабардар  болуымен  қатар, 
әсіресе  кәсіби  білім  алып  жатқан  жас  мамандар  үшін  де  меңгеруге  тиіс  міндет 
болып табылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында 
жас  ұрпақтың  ӛмірге  дайындығы  бүгінгі  мұғалімнің  кәсіби  білімінің  мазмұнына 
байланысты екендігін айтып ӛткен. 
Сонымен, студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыруда, шеберлігін 
қалыптастыруда  ұлттық  киім  туралы  білім  берудің  маңыздылығы  жӛнінде 
пікірімізді ортаға салғымыз келеді. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
44 
Киім  –  адамзат  баласының  ӛмір  табалдырығын  аттаған  сәттен  бастап, 
жалаңаш  тәнін  жауып,  рухын,  ар-ожданын  қорғап,  күзететін,  ұлттық 
дүниетанымы мен мінез-құлық болмысының ерекшелігін қалыптастырып, әсемдік 
пен  сұлулық  табиғатын,  түр  мен  түсті  қабылдаудың  кӛркемдік-эстетикалық 
талғамын тәрбиелейтін тағылымы мол, рәміздік мәні бар атаусӛз. 
«Ең  әдемі  киім  –  ұлтыңның  киімі»,  –  деген  екен  ұлы  адамдар.  Қазақ 
халқының  ұлттық  киімдерінің  түрі  де,  үлгісі  де  еш  халықтан  кем  болған  жоқ. 
Оның  кӛркем  үлгілері  әлемнің  этнографиялық  мұражайлары  мен  кӛрмелерінен 
орын  алған.  Ұлт  мәдениетінде  бағалы  киімдер  сый-сияпат,  дипломатиялық 
қатынастарда  ескерткіш,  белгі  ретінде  жүрген,  мысалы,  ат,  шапан  сыйлау 
құрметтеудің кӛрінісі деп бағалаған. 
Ұлттық  киім  –  бай  тарихи-мәдени  мұра,  оны  зерттеу  бізді  ӛткен 
ғасырлардағы  әдет-ғұрып,  салт-дәстүр,  халықтың  хал-ахуалынан  кең  кӛлемде 
жан-жақты хабардар етеді. Қазақ  халқының киімі басқа ұлттардан ӛзгеше ӛзіндік 
қасиетке толы. Мұның басты себебі де қазақ халқының табиғат тӛсінде ӛсіп, еркін 
ғұмыр кешумен байланысты болса керек. 
Ертеде халық шеберлері қазақтың болмысына тән, кигенде ыңғайлы әр түрлі 
киім  үлгілерін  жасаған.  Соның  бірі–үйлену  тойына  киетін  киім  үлгілері.  Күйеу 
мен  қалыңдықтың  үйлену  салтанатына  киетін  киімдері  сәнімен,  әшекей 
үйлесімімен,  бояу-нақышымен  ерекшеленген.  Әсіресе,  қалыңдықтың  кестелі 
барқыт  кӛйлегі,  оқалы  қамзолы  күнделікті  тұрмысқа,  жүріп-тұруға  ыңғайсыз 
болғанымен,  асқан  ұқыптылықтың  бірден-бір  үлгісі  болып  табылатын  сәукелесі 
алтынымен  апталған,  күмісімен  күптелген  шытырлармен  безендірілген  белдігі, 
шолпы,  алқа,  тамақша,  сақина-білезігі,  таптаурын  немесе  зерлі  кебісі 
мүлтіксіздігімен  кӛз  тартатын.  Бұл  да  болса,  салтанаттық  киім  мен  күнделікті 
киім-кешектің арасында айырмашылық барын еске түсіреді. Бұл той киімдерінің 
сәндіктен басқа басты қасиеті жаңа құрылған отауды жаманшылықтан, сұқ кӛзден 
сақтап,  бақытты  ӛмір  ұрпақ,  байлық,  айналасына  деген  сүйіспеншілік  сияқты 
жақсы қасиеттерді дарыту болған. Той киімін тігуді, зергерлік заттарды жасауды 
отбасында бақытты, кӛп балалы аналар секілді шеберлерге сеніп тапсырған. 
Қазақ халқының үйлену дәстүрі негізінен құда түсіп, қалың тӛсеу жолымен 
жасалған.  Үйлену  дәстүріне  байланысты  екі  жақтың  туыстары  бір-біріне  ӛзара 
малдан  басқа  қымбат  маталар,  киімдер  сыйлаған.  Қалыңдықтың  ата-анасы 
алғашқы  келісімнен  кейін-ақ,  тойдың  ең  негізгі  бӛлігі,  қалыңдықтың  киіз  үйін, 
күймесін, сәукелесін дайындаған. Қыздың жасауына да аса зор кӛңіл бӛлгендігін 
«жасауды алты жастан жасасаң асады, жеті жастан жинасаң жетеді» деген нақыл 
сӛзден де аңғаруға болады. Жасауға жақсы дүниелермен қатар, киім-кешек, әсем 
әшекейлі тағымдар беретін болған. 
Біз  енді  ұлттық  киім  негізінде  жүретін  үйлену  салтанатында  киетін 
қалыңдықтың киіміне, соның ішінде сәукелеге ерекше тоқталып ӛтпекпіз. 
Жоғарыда айтып ӛткендей, қалыңдықтың киімі ерекше зерлі тігіспен тігіліп, 
түрлі  әшекей  заттармен  кӛмкеріліп,  асқан  ұқыптылық  пен  сұлулықтың  нышаны 
іспеттес болған. 
Қалыңдықтың  кӛйлегі  әр  түрлі  матадан  тігілетін  болған.  Егер  күнделікті 
киілетін кӛйлектердің маталары қолдан тоқылған жүн, мақта, маталар болса, той 
кӛйлектерін жұқа қымбат жібек, жартылай жібек, атлас сияқты маталардан тіккен. 
Кӛбіне кӛркем әдебиеттерде кӛйлектердің түсін қызыл етіп суреттейді, дегенмен 
де  қалыңдық  кӛйлектері  ашық  түсті  маталардан  да  тігілетін  болған.  Кӛйлектің 
етегін  сәби  кӛтеруі  жеңіл  болсын  деп  ырымдап  бүкпеген.  Жеңдері,  етегі,  кеуде 
тұсы, жағасы, кейде етек бүрмелері кестеленген. Сондай-ақ, шалбар мен дамбалы 
(ішкі  және  сыртқы)  кӛйлектен  кӛрініп  тұратын  бӛліктері  ғана  кестеленіп, 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
45 
зерленеді. Ал, ӛңір – бұл кӛйлектің тамақ астындағы ойындысын жауып тұратын 
ерекше  кестеленген  бӛлігі.  Ӛңірге  салынған  ӛрнектің  магиялық  қорғаныш  күші 
бар  деп  есептелген.  Жеңсіз,  белі  қыналған,  алды  ашық,  ұзындығы  тізеге  түсетін 
қалыңдықтың жеңіл  киімі  – қамзол бір түсті барқыттан, атластан тігілген. Оның 
алдынғы  екі  ӛңірі  мен  арқасы  кестеленіп,  ою  ӛрнек  салынады.  Қамзолға  жең 
салынса, жеңі де, жең ұшы кестеленетін болған.  
Шапан  (тон)  –  шұға,  барқыт,  парша  секілді  әдемі,  қымбат  әрі  мықты 
матадан ұзын етіп тігілген қалыңдықтың сырт киімі. Той шапанына ерекше кӛңіл 
бӛлініп,  жағасы,  ӛңірі  арқасы  әдемі  ұлттық  кӛз  тартарлық  ою  ӛрнектермен 
кестеленген.  Жиектеріне  әдемі  болуы  үшін  бағалы  аң  терісінен  басқа  қымбат 
матадан зер, бұлық немесе жұрын салынған.  
Жеңсе.  Жеңселер  кӛбінесе  Жетісу  ӛңірінде  және  қарақалпақтарда  болған. 
Қолдың  білектен  шынтаққа  дейінгі  бӛлігін  жауып  тұрған.  Той  киімі  ретінде 
тігілген  жеңселер  күнделікті  жеңселерге  қарағанда  әдемі  матадан  ою  ӛрнек 
салынып кестеленіп тігілген. 
Қалыңдықтың кестелі етігі  шоңқайма деп аталады. Шоңқайманы сәнге кию 
үшін  жәй  саптырмадан  гӛрі  әдемілеп,  ӛкшелігін,  оймасын  кестемен  ӛрнектеп 
тіккен.  
Бұлардан ең негізгі назар аударатын, кӛңіл бӛлетін қалыңдықтың бас киімі – 
сәукеле.  
«Сәукеле» сӛзінің о бастағы шығу тегі  сақ дәуіріне барып тіреледі. Атауды 
морфологиялық  жағынан  талдасақ,  екі  компоненттен  құралған:  алдынғы 
буындағы  «сәу»  байырғы  «сақ»  тайпа  атының  тілдік  ӛзгерістің  түсуінен 
қалыптасқан.  Сӛздің  екінші  бӛлігіндегі  «келе»  бас  киім  ұғымындағы  архаизм. 
Яғни,  сәукеле  этнографизмнің  мағынасын  «сақтардың  бас  киімі»  деудің 
мүмкіндігі бар. Себебі, әу бастағы «сақ келе» тұрақты тіркеске уақытпен кеңістік 
арасындағы  ұдайы  сұранысқа  орай,  белсенді  жұмыс  алудың  барысында  бірігіп, 
кірігіп,  үндестік  заңына  сәйкес,  бірінші  буындағы  «қ»  қатар  келген  «к» 
дыбысының  әсерінен  жұтылып,  соңғысына  бағынып,  сәукеле  лексикалық 
тұлғасына  айналған.  Бұл  филолог  –  ғалымдардың  пікірі.  70-ші  жылдары  кейбір 
ғалымдар, «сәукеле» сӛзін қазақтың «сау келе жатыр» деген тіркестерінен тұрған 
деседі. Себебі, қызды ұзатқанда оның дүниесіне,жасауына кӛз тіккен қарақшылар 
жолда  торуыл  жасап,  шабуылдауы  мүмкін,  сол  қиын  да  күрделі  сынақтан  аман-
есен ӛткен кӛште алыстан алдымен қалыңдықтың бас киімі кӛрінген. Сол негізде 
айтылған  «сау  келе  жатыр»  сӛзі  тіліміздің  айтылу  ыңғайына  бағынып,  тӛселіп 
«сәукеле» деп ӛзгеріске ұшыраған дейді. 
Ал  біздің  түсінігімізше  «сәукеле»  сӛзінің  шығу  тегі  «биік  бас  киім»  деген 
ұғымнан туындаған болса керек. «Сәукеле» екі түбірден тұратын түркі сӛзі. «Сау» 
деген  қазақ    тілінде  «саусы,  биік,  ұзын,  таусылмас,  шегі  жоқ»  деген  мағынаны 
білдіреді. Ал «келе» сӛзінің түп-тӛркіні «бас, ақыл-ой» дегенге саяды. Оған дәлел, 
«келелердің  тӛбесін  асыл  тастармен  безендіріп,  алтынмен  кӛмкеріп  қояды,  оның 
үстіне қарқара қадайды» /1/Ана тілінде «келе»-нің фонетикалық жанама нұсқасы 
келде.  Дәйекке  жүгінсек:  «үлкендерден  естуіміз:  қазақтар  ертеректе  (шамасы 
ХVIІІ  ғасырға  дейін  болса  керек)  намаздың  шартын,  дұғалықтарын  білмеген 
шақта,  намазға  «ақ  қойдың  келдесі  (басы),  қара  қойдың  келдесі,  мен  құдайдың 
пендесі»  деп  жығыла  берген...»  /2/.  Сондай-ақ,  әдеби  тілдік  нормамызда  бас 
лексемасының 
синонимі 
орнына 
кәллә 
нұсқасы 
жұмсала 
береді. 
Лексикографиялық іргелі еңбектерде бұл сӛз иран тілінен енген деген жаңсақтық 
жіберілген. Бәлкім, кәллә атауы қазаққа сіңген байырғы кірме соғдылардың тілдік 
артикуляциясы арқылы қалыптасқан диалектілік ерекшелік болуы да ғажап емес. 
«Әр  кәлләда  бір  қиял»,  -  деген  мақал  құрамында  кездесуі  аталған  сӛздің  жалпы 
халықтық  сипатқа  иеленгендігінің  бұлтартпас  дәлелі.  Және  «бас,  ақыл-ой» 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
46 
ұғымындағы  кәллә  сӛзі  ӛзбек  халқының  ауызекі  сӛзінде  әлі  күнге  дейін 
қолданыста келеді.  
Алтын сапты ақ берен,  
Деммен тартып тиеді. 
Кейбірінің кесіп кәлләсін, 
Кейбіреуін тіледі...» (107-б) 
«... кәлләсін кеспей қатындар 
Қырықты барып теректі /3/
 Яғни  екі  түбірден  құралған  «сәукеле»  сӛзі  «биік  бас  киім»деген  ұғымды 
білдіреді деп ойлаймыз.  
Сәукеле 2-3 қарыстай биік, ол дӛңгелек тӛбе жағына қарай жіңішкере береді. 
Сәукеленің  ӛн  бойы  қымбат  маталармен  қапталып,  оның  сыртына  алтын,  күміс, 
інжу, маржан, меруерт, ақық, лағыл сияқты асыл тастардан жасалған моншақтар 
тағылады,  түрлі-түсті  қымбат  жіптермен  тігіледі,  безендіріледі.  Бастан  қисайып 
немесе түсіп кетпеуі үшін тамақтан ӛткізілген бау тағылады.  
Сәукеленің  арнайы  күмістен  жасалған  тӛбелдірігі,  маңдайшасы,  екі  құлақ 
тұсына омырауға жететін маржаннан тізілген салпыншақ бет жақтауы болады.  
Сәукеленің арт жағына ұзындығы жерге жететіндей міндетті түрде ақ желек 
ілініп, оған үкі тағатын болған.Ол беташар айтылғанда қалыңдықтың жүзін,бүкіл 
денесін жауып, тӛгіліп тұратындықтан, қыздың дене пішімін ӛте нәзік, сымбатты 
етіп  кӛрсететін.  Біздің  пікірімізше,  үкі  тағудың  ӛзіндік  мәні  болған.  Оны  кӛз 
тимесін,  жын-періден  аулақ  болсын  деген  сенімнен,  ырымнан  бұрын,  тұрмыс, 
салт-дәстүр  негізінде  туындаған  қажеттілікке  байланысты  қолданыста  болған. 
Мысалы,  күйеу  жігіт  алғаш  ӛзінің  қайын  жұртына  барғанда,  жеңгейлері  оны 
ортаға  ап  қалжыңдап,  сұрау,  қолқа  салатын  болған.  Сонда  күйеу  жақтан  келген 
топ жігіттердің арасынан күйеуді бас киіміндегі немесе киіміндегі, аяқ киіміндегі 
үкісіне қарап таныған, ажырата білген. Мұндай белгі тағу арқылы күйеу жігіт те 
ӛзгелерден  дара  тұрған.  Тағы  бір  тарихи  деректерге  сүйенсек,  Санкт-
Петербургтегі  Эрмитаж  мұражайында  және  Мәскеудегі  Шығыс  халқының  ӛнер 
мұражайында сақталған сәукеле үлгілерінің кейбіріне үкі  қадалмаған. Сондай-ақ 
ертедегі  орыс  суретшілері  П.Кошаров,  Л.Полторацкой,  Д.Львович  сәукелені  ӛз 
шығармаларында  сипаттағанда  оның  басынан  үкіні  бейнеленбегенін  байқаймыз. 
ХІХ  ғасырдың  соңына  дейін  сәукеле  жайлы  И.Георги,  Г.И.Спасский, 
П.И.Небольсин,  Ч.Ч.Валиханов,  И.И.Ибрагимов  секілді  зерттеуші  ғалымдар 
жазса, ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басында орыс суретшілері  
С.М.  Дудин  мен  В.Н.Васильевтің,  Д.Львовичтің  салған  суреттерінде 
сәукелелердің  бейнелері  үкісіз,  тек  зергерлі,  әшекейлі  етіп  суреттелген.  Яғни, 
сәукелелер  осы  кезеңге  дейін  тек  әшекей,  асыл  тастармен,  үкісіз  безендірілсе, 
керісінше  салтанатты  кештерде  киетін  бӛрік,  тақия  секілді  бас  киімдерде  үкі 
болған. Үкі тағу кейіннен сәнге айналып, ғасырлар тоғысында ӛз жалғасын тапқан 
десек те болады.Сәукелені ӛте шебер әйелдер ғана тігеді. 
Кӛріп алсаң кӛріктіні,  
Таңдап алсаң тектіні,  
Сонда кӛңілің толмай ма? 
 – деп Абай атамыз айтқандай, тектілікке аса мән берген халқымыз қалыңдықтың 
шыққан  тегін,  дәрежесін  осы  сәукелесіне  қарап  бағалаған,  анықтаған.  Әрине, 
мұндай  бағалы  бас  киімді  халқымыз  әл-ауқатына,  жағдайына  қарай  қыздарына 
кигізе білген.  
Қызға  тӛленетін  қалың  малдың  құны  да  оның  тегіне,тәрбиесіне  қарай 
есептелген. ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында кіші жүздің Байсақал атты байы 
мен  орта  жүздің  Сапақ  байы  құда  болыпты.  Байсақал  құлдарына  қызының 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
47 
сәукелесін  жіберіп:  «Басқа  ештеңе  сұрамаймын,  тек  осы  бір  сәукеленің  бағасын 
есептеп  берсе  болды»,  -  депті.  Сонда  Кенесарының  ағасы  Саржан  тӛре  әлгі 
сәукеленің бағасы: «500 байтал екен, сондықтан қызының қалың малы 500 жылқы 
болсын», деп кескен екен. Мұның ӛзі «дос басқа дұшпан аяққа» қарайтын қазақта 
қыздың басы қаншалықты құрметтелгенін аңғартары анық. Ӛте биік бас киім оны 
киген  қызды  асқақтатып,  ӛр  етіп  кӛрсететін.  Бұл  да  болса,  отаудың  есігін  енді 
аттайтын жанды құрметке бӛлеген. Демек бұл бас киімді бабаларымыз еріккеннен 
жасай салмаған. Оны биік ету арқылы қыз атты қымбат қазынаның қол жетпейтін 
биікте тұратынын меңзеген. Дәстүр бойынша сәукеле тек ұзатылған қыздарға ғана 
кигізіледі,  оны айырбастамайды, кие тұруға да беруге болмайды. Әдет бойынша 
оң жақтағы құда түспеген қызға сәукеле кигізбейді. 
Жас  келін  түскен  жерінде  бір  жылға  дейін  желек  жамылып  жүреді.  Ойын-
тойға  барғанда  сәукелесін  де  киіп  барады.  Қазақ  әдетінде  сәукелені  ұзатылар 
кезінде ғана киеді. Келін болып түскеннен соң оны шешіп алып қояды.  
Сәукеле 
қалыңдықтың 
тек 
ӛзіне 
ғана 
тиісілі 
меншігі 
болып 
саналатындықтан,  ӛлгеннен  кейін  сәукелесі  тӛркінге  қайтарылады  немесе  оның 
сәукелесін тек балалары ғана иемдене алады. 
Ал  сәукеле  кигізу  салтының  қазақ  салт-дәстүрінің  ішіндегі  орны  бӛлек. 
Себебі  сәукеле  әйел  киімдерінің  ішіндегі  ең  асылы  ғана  емес,  оның  жұбайлық 
ӛміріндегі елеулі кезінің естен кетпес ыстық белгісі. Бұлаңдап ӛскен оң жақтағы 
және ақ босаға арасын аттар  арадағы қимас та қызықты кездің ескерткіші. Олай 
болса, келіншекке сәукеле кигізудің ӛзі бір ерекше салтанат.  
Шапан келді – сын келді,  
Қызыл тілім қимылда. 
Жүруші едім алшақтап,  
Тақия тіктім моншақтап,  
Жеңгелерім жиналып. 
Келдің бе, киім құшақтап,  
– дейді аттанайын деп отырған қалыңдық. Дәстүр бойынша қызға сәукелені, басқа 
да киімдерін әкесінің үйінде ұзатылар сәтте жеңгелері арнайы келіп, оң жақтағы 
үкілі тақиясының орнына кигізіп, енесінен байғазы алған. Сәукеле байғазысының 
бағасы  да  олқы  болмаған.  Бұған  құда-құдағилар  да  шақырылып,  олар  кӛрімдік 
атаған.  Шашылып,  ақ  бата  арналған.  Сәукелені  кигізгені  үшін  ауылдың  сыйлы 
кісісі  күйеу  жігіттен  сыйлық  алған.  Сол  күні  құдалар  үлкен  үйге  кеткенше 
келіншек  сәукеле  киіп  отырған.  Кӛрсе  кӛздің  жауын  алатын  осы  бұйым  тек 
қалыңдықтың ғана сәні емес, той салтанаты мен құдалар беделін де кӛтере түсетін 
ерекше  кӛрініс.  Жас  келін  түскен  жерінде  бір  жылға  дейін  желек  жамылып 
жүреді. 
Г.Р.Андреев ӛзінің 1915 жылдары жазған «Киргизский той» деген еңбегінде 
былайша  суреттеген:  «Киімнің  ең  жақсысы  қалыңдықтың  үстінде.  Желбіршекті 
жібек кӛйлек пен барқыт қамзолдың сыртынан кигені жібек кӛк бешпент, иығына 
жамылғаны парша шапан. Қос бұрымды сылдыраған күміс шашбау басына майда 
күміс  теңгелермен  әшекейленіп  тӛбесіне  үлбіреген  үкі  қадалған  «қыз  қалпақ». 
Қыздың  ұзатыларда  киетін  киімі  қымбат  маталардан  тігіледі.  Асыл  тастармен 
моншақталған  желегі  бар  сәукеле  қыздың  оң  жақта  отырғандағы  бас  киімі. 
Күйеуінің ауылына жеткен соң, басына жаулық салынады».  
Үйлену  тойына  бұрын  қалыңдық  сәукеленің  орнына  зерлі  қасаба  да  киген. 
Оған  дәлел,  қазақ  тілінің  лексиконында  «қасабалы  қалыңдық»,  «қасабалы 
келіншек» деген тіркестердің сақталып қалғаны. Шамасы, қазақ әйелінің осы бір 
керемет  бас  киімі  ӛзімен  аттас  кӛне  түркі  қыпшақ  бас  киімінің  негізгі 
элементтерін  бойына  сіңіріп  бізге  жеткен  болса  керек.Ӛйткені  «қасаба»  кӛне 
түрікше «алтын зерлі» деген мағына береді. Қалыңдық қасабаны жібек кӛйлектің 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
48 
үстіне қаусырынатын, шалғайына, етегіне кесте жүргізген белдемше мен қыздарға 
тән сезімтал талғамының бірден-бір нышаны іспетті нымшаға қоса киген. 
Қасаба – үшкірлеу тӛбесіне бір шоқ қауырсын қадап, маңдай тұсын түгелдей 
асыл  тас,  алтын,  күміс  әшекейлермен  безеп,  оң  жақ  самай  тұсына  5-6  қатардан 
үрмелі  моншақ  күміс  қоңыраулар,  ұзын  салпыншақты  етіп  жасаған  қыз 
тақиясының  бір  түрі.  /4/.  Қасабаны  тойдан  кейін  үкісіз,  желексіз,  ойынқысының 
сыртына жаулық  салып немесе басына орамалдың үстіне киген. Бас киімнің бұл 
үлгісіне  қарай  қалыңдыққа  арнайы  алқа,  білезік,  сырға,  жүзік,  бұрымға  тағатын 
шолпы,  бұрымның  жолаңын  ілетін  қоза  сырға,  қамзолдың  сыртынан  буынатын 
нәзік  белдік,  аяққа  киетін  мәнерлі  кебіс  дайындалатын  болған.  Қасаба  күрең 
немесе  кӛгілдір  түсті  жібек,  ши  барқыт,  пүліш,  дүрия,  шұға,  парша  секілді 
маталармен  тігіледі.  Қасаба  –  тұрпаты  дӛңгелек  желкесіне  қарай  ойынқылау 
келген,  дӛңгелек  тақияға  ұқсас  етіп  пішіледі  де,  артқы  немесе  желкесіне  қарай 
бірте-бірте ойытқы түскен құламасы болады, ұшы әйелдің арқасына қарай тӛгіліп 
жатады.  Айдыны  зерлі  жіптермен  кестеленіп,  қиылысқан  жерін  астын  жолақпен 
жауып,  зерлі  әшекеймен  безендіріледі.  Құламасына  шашақтар  тағылады. 
Шашақтың  кӛп  тағылуын  «ұрпағы  кӛбейсін»  деген  игі  тілекпен  түсіндіруге 
болады.  Қасабаның  маңдай  тұсына  түрлі  асыл  тастармен  тізілген  дӛңгелек 
табақшалармен  бекітілген  қыстырма  ілінген.  Ал  самай  тұсына  ұзынырақ  күміс 
қоңыраушалармен  ұшталған  5-6  тізбек  салпыншақ  таққан.  Бұл  келіншек  болып 
түскен  қыздың  жүйкесін  жұбатады-мыс  деген  ескі  ұғымнан  тұрған.  Тӛбесіне 
қадалған үкі кӛрік беріп тұрған.  
Қасабаның  бүгінгі  күнге  дейін  жеткізіп,  зерттеуде  мемлекет  қайраткері, 
этногроф,ғалым Ӛзбекәлі Жәнібековтің қосқан үлесі зор. Қазір қасабаның үш түрі 
бар  екендігі  мәлім.  Жәңгірханның  зайыбы  киген  қасабаның  бір  түрі  осы  кісінің 
қатысуымен  Алматыдағы  «Түскиіз»  фабрикасындағы  ӛндіріске,  екіншісі  қазақ 
театр  қоғамы  шеберханасында,  үшінші  Қаскелеңдегі  «Раушан»  фабрикасында 
қайта қалпына келтірілді.  
Жоғарыда айтып ӛткен сәукеле мен қасаба секілді ұлттық бас киімдерді ХV 
ғасырда қазақ хандығы орнаған сәттен бастап кие бастағаны белгілі. 
Дегенмен  де  сәукеле  мен  қасаба  бірте-бірте  ХІХ  ғасырдың  аяғына  қарай 
тұрмыстан шығып қалған. Әйтсе де олардың қайсыбір нұсқалары бай әулеттерде 
сақталғандықтан,  ұрпақтан  ұрпаққа  ауысып  келген.  Оларды  ұзатылатын  қызға, 
түсетін  келінге  киелі  бас  киім  ретінде  кезектесе  кигізетін  әдет  осылай  пайда 
болған. 
Біздің  сәукеле,  қасаба  секілді  бас  киімдерге  терең  тоқталып  отырғанымыз, 
осындай тамаша ұлттық киім үлгілеріне әлі  де болса, жӛнді  кӛңіл  бӛлінбей келе 
жатқанымен  байланысты.  Тіптен  тақияға  капрон  үкі  қадап  әлек  болғанша,  қазақ 
әйелінің ертеден келе жатқан қасаба, сәукеле секілді үкісіз де киюге болатын бас 
киімдерін  тұрмысқа,  концерттік  ансамблдерге  ендіре  берсек,  қазақы  киімді 
ұтымды пайдалануға қосылған үлес болар еді. 
Сондай-ақ, бүгінгі таңда халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі 
киім  түрлері  ӛзгеріске  ұшырап  отыр.  Бұл  да  болса,  зерттеуші  ғалымдардың 
ӛзіндік  пікір  ұсыныстарының  тууына  себепші  болады.  Ұлттық  дәстүрімізді 
ӛнерімізді  зерттеуде  ӛз  үлесін  қосып  келе  жатқан  зерттеуші,  ғалым  Шектібай 
Байділдәұлы  ӛз  пікірінде:  «Ұлттық  киімнің  бояуын,  түсін  ӛзгерткенмен,  түрін, 
пішінін (модасын) ӛзгерту дұрыс емес. Бұл біздің қазақ  ұлтына тән ерекшеліктегі 
ою-ӛрнек,  кие  қасиет.  Осы  киіммен,  осы  оюлармен  халқымыз  талай  тарихи 
дәуірді  бастан  ӛткерген,  досы  да,  қасы  да  таныған.  Түрін  де,  түсін  де  ӛзгертпей 
ғажайып  киімдер  жасаған»  десе,  белгілі  этнограф,  ғалым  Ӛзбекәлі  Жәнібеков: 
«соңғы  15-20  жылда  жүргізілген  этнографиялық  зерттеулерге  қарағанда,  қазіргі 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
49 
ғылыми-техникалық  прогресстің,  жаңа  моданың  әсерімен,  сол  сияқты  қазақша 
киімнен ешбір хабар жоқ, ұлттық дәстүрлерге жатпайтын жалған элементтермен 
кӛбірек  айналысатын,бірақ  ӛздерінің  «туындыларын»  кино  телевизия,  театр 
қауымы  мен  концерттік  ұйымдар  арқылы,  тіптен  жергілікті  ӛнеркәсіп  жүйесі 
арқылы  тықпалауға  мүмкіндігі  бар  кейбір  суретші  –  модельерлердің  орынсыз 
араласуынан  ұлттық  киімнің  пішімінде  немесе  тігісінде  ғана  емес,  оның 
материалында да, әшекейінде де, тіптен үкі қадауда әр қилы ӛзгерістер пайда бола 
бастағандығын аңғаруға болады. Оның барлығын былай қойғанда, біздер ғылыми 
мақсатқа  орай  немесе  музей  қорын  толықтыру  үшін  ел  арасынан  сатып  алып 
жүрген  ең  дәстүрлі  киімдердің  ӛзінен  де  аздап  та  болса  байқалатын  түр 
ӛзгерістері кӛрініп жүр.  
Ұлттық киім – кӛненің кӛзі, бізге жеткен материалдық мәдениеттің жетістігі. 
Оны  ескерткіш  ретінде  болашақ  ұрпаққа  сақтау  қажеттігін  ескерсек,  мұндай 
жағдайларға  үзілді-кесілді  тиым  салған  жӛн.  Біздің  мәселенің  бұл  жағына  баса 
назар  аударып  отырғанымыздың  бір  жағы-  уақыт  ӛткен  сайын  ұлттық  киімді 
сақтап, зерттеп білудің қиынға түсе беретіндігінде болып отыр. Мысалға ұлттық 
киімді  жалпыға    мәлім  этнографиялық  жолмен,яғни  далалық  экспедициялар 
арқылы  оның  сақталып  қалған  нұсқаларын  жинап,  хабарлаушылардың 
айтқандарын мүмкіндігі хронологиялық жағынан -50-60 жылмен ғана шектеледі. 
Ал  хабарлаушылардың  ӛз  әке-шешелерінен,  ата-әжелерінен  естігендерін 
есептегенде  тағы  да  30-40  жылды  қамтуға  болады.Сонымен  ең  тиімді  деген 
этнографиялық  әдіспен  зерттеу  мүмкіншілігінің  ӛзі  сайып  келгенде  80-100 
жылмен, 
ХІХ 
ғасырдың 
аяғы 
ХХ 
ғасырдың 
басымен 
шектеледі.Республикамыздың  музей  қорында  да  негізінен  осы  кезеңнің  киімдері 
ғана бар» деп ӛзінің ғылыми еңбегін тұжырымдайды. 
Расында  да,  кӛненің  кӛзі  ретінде  саналып  келе  жатқан  ұлттық  киімдеріміз 
бүгінгі күнде екінің бірінде бар деуге ауыз бармайды. Жоғарыда айтып ӛткен ең 
тиімді тәсіл этнографиялық жолмен мұра жинаудың ӛзі уақыт ағымына бағынып, 
ғасырға жуық кезеңді қажет етеді.  
Дей тұрғанмен, бүгінгі таңда ұлттық киімді зерттейтін, тігетін, жаңартатын, 
ғылыми орталықтар да жоқ емес. Әсіресе еліміздің беделін халықаралық деңгейде 
кӛтеріп,  ұлттық  киімдерімізді  әлемге  танытып  жүрген  «СЫМБАТ»  сән 
Академиясы мен «ЕРКЕ НҰР» фирмасында тігілетін ұлттық киімдерді халықтық 
сұранысқа ие боп жүргендігі кӛңіл қуантады. 
Алайда,  халқымыздың  ұлттық  дәстүрі  негізінде  киілетін  ұлттық 
киімдеріміздің  толыққанды  сақталып,  ұрпақтан-ұрпаққа  ел  сынын  бұзбай 
жеткізілуіне, жауапкершілігі мол мәселені шешуде бұл кәсіпорындардың атқарып 
жатқан жұмыстары жеткілікті роль атқармайды. 
Сондықтан  да  ЖОО  да,  әсіресе,  «Кәсіптік  білім»  мамандығы  аясына 
«Ұлттық  киім»  деген  пән  енгізілсе  деген  ұсынысымыз  бар.  Себебі,  біріншіден, 
бүгінгі  тұрмыстағы  ұлттық  киімнің  алар  орны  ерекше  десек,  осы  пән  арқылы 
ұлттық киім үлгілеріне сүйене отырып, сәндік, тұрмыстық, күнделікті киетін киім 
тігуіне  жақсы  мүмкіндік  болар  еді.  Әрине  адамның  қоршаған  ортасы  да  бір 
орнында  тұрмайтындығы  анық.  Уақыт  озған  сайын  адам  да  ӛз  ортасын 
қалыптастырумен  қатар  киімін  де  ӛзгертіп,  тұрмысын  жаңартып  отырады. 
Сонымен  бірге  қазақтың  дәстүрлі  киімінің  тарихи  орны  бір  бӛлек,  тұрмыстық 
орны  бір  бӛлек  болуы  шарт.  Сондықтан  да  дәстүрлі  киім  үлгілерніне  сүйене 
отырып,  бүгінгі  уақыт  сұранысына  сай,  жаңаша  киім  үлгілерін  жасап,  тігу 
қажеттілігі  туындауда.  Екіншіден,  ұлттық  негізде  пән  ӛтілетін  болса, 
студенттердің  бойына  ұлттық  құндылықтар  мен  тәрбиенің  даруына, 
қалыптасуына  бірден-бір  себеп  болар  еді.  Ал,  үшіншіден,  еліміздің  болашағы 
жастар екендігін ескерсек, еліміздің әр аймағында ЖОО-ның студенттері ұлттық 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
50 
киімді  зерттеп,  тануы,  оның  сақталуына,  келер  ғасырларға  да  қанат  жайып 
жетуіне септігін тигізсе, бір жағынан сенімімізге кепіл болар еді.  
Сондай-ақ, халқымыз ерте кезден-ақ қалыңдықтың әр жыл мезгілдеріне сай 
даярлап тігіп отырған. Қыстың күндері үйлену салтанатында қалыңдық сыртына 
«кӛк тон» деп аталатын құндыз терісінен қапталған, парша маталардан жасалған 
ішік тон кисе, күз және кӛктем айларында шұға, барқыт, парша секілді қымбат әрі 
мықты мақтадан тігілген шапан, бешпент, қамзол киген. 
Ал  қалыңдықтың  бүгінгі  киімі  қандай?  Әдетте,  осы  уақытқа  дейін  үйлену 
тойларында  қалыңдық  киімі  тек  бір  үлгіде,  яғни  қай  мезгіл  болмасын,  ақ 
кӛйлекпен  шығатынын  кӛріп  жүрміз.  Тек  оқта-текте  үйлену  тойларында 
мүмкіндігі  барлар  ғана  ұлттық  киім  үлгісінде  той  киімдерін  киеді.  Осындай 
жағдайларды  негізге  ала  отырып,  жыл  мезгіліне  сай,  қалыңдық  киімінің  тігілу 
шеңбері кеңейсе деген ұсынысымызды айтқымыз келеді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет