Әок 371. 3 Тiгiн машинасының инесi және оның классификациясы


ҚАЗАҚ  ХАЛҚЫНЫҢ  ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ



Pdf көрінісі
бет27/27
Дата03.03.2017
өлшемі2,59 Mb.
#5903
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

ҚАЗАҚ  ХАЛҚЫНЫҢ  ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ, 
ОНЫҢ ОҚУШЫЛАРҒА БЕРЕТІН ТӘРБИЕЛІК МӘНІ 
 
Мұратқызы Г. - 1 курс магистранты (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 Асқарова Ж.А. - п.ғ.к., доцент (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Ертеден-ақ  кәсіп  игеру  мен  білімнің  қадірін  білген  қазақтар  жастарға  ел 
арасына белгілі кәсіп игертіп, ӛнер шеберлерінен тәлім алғызды. Қазақ баласының 
кәсіби білім алуы отбасындағы тәрбиемен басталып, қоғамдық сипат алады. Кәсіп 
иегерлері жастарды ағаш және темір ұстасына , қол ӛнерінің ӛру, тігу, тоқу, илеу, 
шеку,  құю,  иіру,  мүсіндеу,  ӛрнектеу,  кестелеу  сияқты  тәсілдеріне  баулыды. 
Отбасындағы данагӛй қариялар жас ұрпаққа ата-баба дәстүрін, қасиетті танымдары 
мен  сенімдерін,  әдет-ғұрпын,  салт-ырымдарын  үйретсе,  ру  кӛсемдері  халық 
шежіресін баян етті /2/. 
Қазақтар  айналысқан    кәсіптің  барлық  түрлері,  оларды  игерудегі  ізденістер 
жастарды  еңбексүйгіштікке  тәрбиелеу,  кәсіпке  баулу  ісімен  тығыз  байланысып 
отырады.  Әсіресе  кедей  шаруаның  балалары  тұрмыс  тауқыметінің  салдарынан 
еңбекке  ерте  араласып,  байлардың  жұмысын  істеп,  малын  күтіп,  отын-суын 
дайындап, материялдық байлығын млайтып отырды. Тері мен шұғаға, киімге кесте 
тігу  ісімерлігімен  танылған  кедей  әйелдері  бай  қазақтың  киіз  үйін  безендіруге 
пайдаланылды.  Отбасы  мүшелерінің  ынтымағына  құрылған  ұжымдық  еңбек 
нәтижесінде  қазақ  балалары  ӛмірге  бейімделді,  табиғат  және  оның  құбылыстары, 
жануарлар  мен  аң-құстар  әлемі  туралы  жалпы  ұғым  қалыптасып,  рақымшылық 
сезімі оянды, ақыл-ойы жетілді /2/.  
Халқымыздың ұлттық қолӛнерінің ішіндегі кӛрнекті  ӛнерінің  бірі-кесте  тігу  
ӛнері. Бұл ерте заманнан келе жатқан ӛнер  мұрасы. Кестелеп  тігу  ӛнерінің  мәні  
зор  болған. Себебі: күнделікті тұрмыста кестемен тігілген  заттарды кезіктірмеуің 
мүмкін  емес,  ең  қарапайым  мысал  күнделікті  киетін  киім  кешектен  бастап  
тұтқышқа  дейін. Кестенің бір неше түрі болады олардың тігілу әдіс- тәсілдері  де  
әртүрлі.  Кестені  тігетін  құралына  қарай  бізбен  тігілген  кесте,  машина    арқылы  
тігілетін сәнді  тігістер және ине арқылы тігілген кесте деп үшке бӛлінген. Ал біз 
арқылы  тігілген кестені  шым  кесте  және  бастырма  кесте  деп  бӛлуге  болады.  Ине 
арқылы тігілетін тігістерді бастырма кесте, ине орап тігу, шыраштап тігу, тышқан 
ізбен тігу деп бӛлуге болады /6/.  
Қазақ  халқының  қолӛнер  саласында  кесте  тігу  ісі  ғасырлар  бойы  атадан- 
балаға  мирас  қылып  келе  жатқан  ұлттық  ӛнері  болып  табылады.  Кесте  тігу  ӛнері 
қазақтың  қолӛнер  саласындағы  ұлттық  ӛнердің  ерекше  бір  түрі.  Осы  ӛнер  кәзір 
қарқынды  даму  үстінде.  Біздің  қолӛнер  шеберлері  ӛзінің  ойын  халыққа  кестемен 
сурет  салу  арқылы  терең  жеткізе  білуде.  Сондықтан  осы  ӛнерді  арықарай  еркін 
дамыту  үшін  орта  мектептерде  оқылатын  технология  пәнінің  бағдарламасына 
енгізсе  артық  болмас  еді.  Орта  мектептерде  ӛнердің  осы  саласын  оқыту  үшін 
алдымен осы пәннен оқушыларға дәріс беретін біздің студенттерімізді баулу керек 
деп ойлаймын. Себебі: біздің халықтық қолӛнерді насихаттаушы және осы ӛнерді 
қазіргі  заманның  талабына  сай  жетілдіріп,  арықарай  дамытып  жанашыр  болып, 
келер  ұрпаққа  жеткізу  міндет  барлық  ұстаздардың  соның  ішінде  технология 
пәнінің ұстаздарының алдына қойылған кешіктірмес мақсаттарының ең  оғарғысы  
деп  ойлаймын.  Себебі:  басқа  пәндер  мысалы  тарих  пәні  осы  қолӛнердің  даму 
тарихын,  бейнелеу  ӛнерінен  оның  сұлбаларын  оқушыларға  түсіндіретін  болса 
технология  пәнінен  осы  ӛнерді  қолма-қол  жасатып,  қолмен  ұстатып,  кӛзбен 
кӛрсетіп  оқушыларға  игертіу  мүмкіндігі  орасан  зор.  Жоғарғы  оқу  орнында  бұл 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
239 
ӛнерді түбегейлі толық меңгермеген мұғалім оқуын бітірген соң игереді деп  айтыу 
қиынырақ  болады.  Мен  бұл  жерде  барлық  студенттерімізді  қаралап  отырғаным 
емес.  Себебі:  біздің  «Кәсіптік  оқыту»  мамандығына  қабылданатын  кейбір  жастар 
әйтеуір  мемлекеттік  грантқа  ие  болып,  оқуымызды  бітіріп  қолымызға  диплом 
алсақ болды деген ойда екенін жасыра алмаймыз. Мұндай ойдағы жастарымыз ата- 
бабамыздан  мирас  болып  жалғасып  келе  жатқан  қолӛнерімізге  қамқоршы  болып 
ары  қарай  дамытады  деп айту  қиын /5/. 
Қолӛнер – халқымыздың ұлттық мұрасы. Қазақтың ұлттық қолданбалы ӛнер 
тарихы  кӛшпелі  ӛмірдің  салт-дәстүрімен  тығыз  байланысты.  Халық  шеберлері 
ұлттық  қолӛнер  мұраларын  ӛмірге  әкелді.  Яғни,  ұста,  ағаш  шебері,  зергер, 
ісмерлердің  тынымсыз  еңбегі  арқылы  қазақ  қолӛнерінің  кӛркем  туындылары 
пайда болды. Атап айтатын болсақ , ұсталар: найза, айбалта, семсер сияқты қару-
жарақ  түрлерін  әзірлеген.  Ал  ағаш  шеберлері  киіз  үйдің  сүйегінен  бастап,  үй 
мүліктері: сандық, кебеже, асадал , тостаған, ожау, асау және музыка аспаптары: 
домбыра,  қобыз,  шертер  ,  т.б.  даярлаған.  Зергерлер  сәндік  әшекей  бұйымдар: 
сырға, білезік, алқа, ӛңіржиек, бойтұмар, шашбау, т.б. жасаған. Ісмерлер тоқыма, 
киіз басу, киім тігу ӛнерін дамытқан. Сонымен қатар халықтың арасынан шыққан 
шеберлер  тобы  қолӛнерді  дамытуға  қомақты  үлес  қосып,  технологиялық 
тәсілдерді  де  терең  меңгерген.  Мысалы,  ер-тұрман  жасау  ӛнері  үлкен  шеберлік 
пен  әр алуан материялды ӛңдей білуді қажет етеді. Ершілер ер-тоқымды келісті 
етіп ойып, әшекейлеп, ӛрнек-нақыштармен кӛркемдеген /3/.  
Адамзат XXI ғасырға қадам басып дүниежүзілік ғылымдану процесін бастан 
кешіруде.  Заман  талабына  сай  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 
стандартын  енгізу  соған  сәйкес  кәсіби  шеберлігі  дамыған  ӛркениетті  ғылыми 
әдістемелік  бағытқа  ынталандыру  жаңа  бизнестік  оқу  жоспары  мен  орта  кәсіптік 
білімді ақпараттандыру жұмыстары кезек күттірмейтін ауқымды істер болып отыр. 
Әр  мамлекеттің  интеллектуалдық,  экономикалық,  парасаттылық,  және  мәдени 
құралы  білім  саласының  жай-  жапсарына  және  оның  прогрессивті  даму  
мүмкіндіктеріне  тікелей  байланысты.  Осынау  ақиқатты  терең  сезінгендіктен  де 
Қазақстан  Республикасы дамуының 2030 жылға дейін  межелеген  стратегиясында 
білім  саласына  айрықша  басымдықпен  мемлекеттік  мән  берілген.  Сондықтан  
адамдардың алдына  жаңа  функционалдық  талаптар  қойыла  бастады.  Жұмыскер  
тек  қана  ӛндірістік  мектептерді  жақсы  атқарып  қана  қоймай,  оған  қосымша  
жобалай  білу,  шешім қебылдау  және  шығармашылық  жұмыстарды  да  орындай  
білуі  керек.  Осы  қабілеттер  мен  біліктер  баланың  жас  кезінен  қалыптасуы,  
оқу  және  еңбек  әрекеттерін  орындау  кездерінде  одан  ары  қарай  дамуы  қажет 
/1/. 
Технология  білім  саласының  басты  мақсаты  оқушыларды ӛздігінен  еңбек  
етуге    дайындау,    бұқаралық    кәсіпті    меңгеруге    кӛмек    ету,    оқушының  
бойындағы    шығармашылық    қабілеттерін    дамыту,  ұлттық    қолӛнерді    үйретуде  
оқушылардың    ӛндірістік    үрдістері    туралы    политехникалық    түсінігін  
қалыптастыру  үшін  оларға  жалпы  технология  негіздері  туралы  түсінік  беру. 
- Әрбір оқушының психологиясының ерекшеліктерін зерттей  отырып  сәндік  
қолданбалы  ӛнермен  таныстырып,  білім,  шеберлігін  қалыптастыру;   
-  Халық    ӛнерін  игеру  –  оқыушыны  еңбек-  сүйгіштікке,  әсемдікке  
талаптандырып,  хал қының тарихын  біліп, мәдени  мұрасын  қадірлеп,  дәстүрін  
жалғастыра  білуге  баулу;  
Міне,  сол  себептіде  мектепте  еңбек  сабағын  халықтық  педагогикамен  
ұштастырудың  маңызы  зор.  Еңбек  оқушылардың  ең  бірінші  ӛмірлік  қажетіне  
айналу  үшін, еңбек ету талабын адамның бойына сіңіре тәрбиелеудің зор  маңызы 
бар. Бұл міндет адам ӛзі ынта қойған еңбекпен  шұғылданып,  оның  бейімділігмен  
мүддесіне  сай келетін және моральдық қанағаттану  беретін  іспен  шұғылданған  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
240 
жағдайда    ғана  жүзеге  асырылады.  Сандықтан  бұл  міндеттерді  шешу    еңбекті  
дұрыс таңдап  алумен аса тығыз  байланысты.  Еңбекке  тек  творчествомен  қарау  
ғана  еңбекті тек жасау мен материалдық игілік  алудың  құралынан,  ортақ  руқани  
және ең алдымен адамның  адамгершілік  дамуының  құралына  айналдыра  алады.   
XX    ғасырдың  бас    кезінде  қазақ  халқының  қолӛнері  жетіліп  дами  түсті. 
Халықтың мәдени дәрежесі ӛскен  сайын  тұтыну  бұйымдары  мен  жабдықтардың  
сапасы арта түседі. Халықтық  қолданбалы  қолӛнерінің  бай  мұраларын  жинақтап  
сұрыптай  отырып  заманымызға  сай  лайықты  сапа,  түр  беру,  әдісімен  оларды  
ары қарай дамыту мектептегі  еңбекке  баулу  пәнінің  кешіктірмес  мақсаттарының  
бірі  болып  табылады.   
Халықтық  қолӛнерінің  негізгі  мазмұны  тӛмендегі  эстетикалық  мәні  бар  
мәселелерді  қамтиды:  
- оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;  
- ұлттық  қолӛнермен  танысу; 
-  ұлттық    қолӛнер    туындыларына    негізделген    түрлі  бұйымдар    жасатып  
үйрету 
- бұйымдарды  әшекейлеп,  безендіруге  баулу; 
- табиғи  материалдардан  бұйымдар  жасаудың  әдістерін  үйрету; 
-  балалар    пайдаланатын    бұйымдар    мен    ұлттық    стильде    орындалатын  
сыйлық  заттарын  жасату  арқылы  шығармашылыққа  баулу. 
Кӛне  заманнан  басталып  бүгінге  дейін  жалғасып  мәні  мен  мағанасын  
жоғалтпай келе жатқан  ұлттық  қолданбалы  қолӛнерді  бүгінгі  талаппен  талғамға  
сай етіп ары  қарай  дамыту ,  оқушылардың  кәсіби  шеберлігін  дамытып  шыңдау,   
шығармашылық қабілетін дамыту,  қолӛнерге  деген  кӛзқарастарын  қалыптастыру  
ендігі  жас  шеберлердің  қасиетті  борышы  болып  табылады /4/. 
«Ұяда  не  кӛрсең  ұшқанда  соны  ілесің»  және  «Атаға  қарап    ұл  ,  анаға  қарап 
қыз  ӛседі»  деген  қанатты  сӛздер  бар.  Жалпы  адам  ӛмірінде  отбасы  басты  роль 
атқарады. Бала бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп, адам етіп, тәрбиелейтін отбасы 
ата-ана  болса  екінші  орта  ол  білім  нәрінен  сусындайтын  мектеп,  ЖОО.  Қазақ 
халқы  қашанда  ӛнерлі  халық  болған.  Сондықтан  да  кәсіп  ұғымы  сонау  заманнан 
қалыптасып, қазіргі күнде де жалғасын тауып келе жатқан термин. Қазақ кәсіптік 
мектебі  халық  кәсіпшілігінің  түрлерін  сақтап,  жетілдіріп,  ұлттық  ӛнерімізді 
дамытуға  үлес  қосты.  Материялдық  және  рухани  мәдениетіміздің  мұрагерлерін 
үздіксіз  дайындап  отырды.  Қазақ  кәсіптік  мектебі  қазақ  даласында  туып  қанат 
жайған  мәдениет  үлгілерін  аналық  қамқорлықпен  ғасырлар  бойы  туған 
топырағында  тербеп,  жетілдірген,  ұстаздық  шеберлікпен  аялап,  мұрагерлеріне 
жеткізіп  берген  алтын  бесік  болды  дейміз.  Ұстаз  мақтанышы  білімді,  дарынды, 
сауатты    оқушы  болашақ  маман.  Ӛз  ұлтын,  туған  жерін,  салт  дәстүрін, 
экономикасын, әлеуметтік жағдайын, тілін, дінін, мәдениетін жақсы білген оқушы 
ұлттық  ӛнермен  білімді  ұштастыра  біледі,  болашаққа  нық  сеніммен  қадам  баса 
алады. Ал сондай мамандарды даярлау қазіргі студенттер, болашақ мамандар мына 
біздің міндетіміз.  
Кӛптеген  халық  шеберлерінің  аттары  белгісіз  болып  қалғанымен  олардың  
асқан дарынды, үлкен  ӛнер  иелері  болғаны  анық.  Ол  шеберлер  ғасырлар  бойы  
үй  тұрмысында  қолданылатын  әртүрлі   бұйымдар  жасап  оларды  кӛркемдеп,  
сәндеумен  болған.  Ол  бұйымдардың  әдемілігіне, шебер жасалғандығына қазір де 
қарап  кӛз  тоймайды.  Халық  ӛнерінің  шығармаларын    жинап,    зерттеуде,    оларды 
насихаттауда  Қазақстанның  музейлерінің  де  еңбегі  зор.  Мұражайдың 
археологиялық  жинағындағы  кӛркем  заттарерте  заманда  Қазақстан  жерінде 
мекендеген тайпалардың мәдениетін, тұрмыс – салтын сипаттайды,  ал ол тайпалар  
қазақ жұртының қалыптасуына негіз болғаны белгілі. Археологтар  республикалық  

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
241 
түпкір  –  түпкірінен  тастан  және  сүйектен,  қола  мен  алтыннан  оюлап,  ӛте  сәндеп 
жасалған талай бұйымдар тапты., бұлар  андронов керамикасы  деген  атпен  кӛпке  
мәлім  болды.  Міне,  осының  бәрі  қазақ  халқының  мәдениеті  ӛз    алдына    ӛзіндік  
ӛзгешеліктері бар мәдениет болып қалыптасып, кейінгі замандарда толықтырылып,  
ӛркендетілген  дәуірімізге  және  қазақтың  ерте  замандағы мәдениеті  мен  халық  
ӛнерінің  сабақтас  екендігін  байқауға  мүмкіндік  береді.  Міне,  осындай  құнды  
мұраларымызды  сақтап,  оны  ары қарай  дамыту  бүгінгі  күннің  еншісіне  берілді 
Елбасының  ӛзінің  Қазақстан  халқына  Жолдауында  «Бәсекеге  қабілетті 
Қазақстан  үшін,  бәсекеге  қабілетті  халық  үшін»  және  «Ұлттық  бәсекелестік 
қабілеті  бірінші  кезекте  оның  білімділік  денгейін    мен  айқындалады»  деп  атап 
ӛткен сенімін ақтауымыз керек.  
Халқымыздың  маңдайына  біткен  ұлттық  құндылықтарымызды,  сонау  ӛткен 
ғасырлардан  ӛшпес  мұра  болып  қалыптасып  келе  жатқан  дархан  халқымыздың 
таратқан  үлгі  насихаты  асыл  мұраларымызды  ӛзіміздің  талмай,    қажымай  еткен 
еңбектеріміздің  арқасында  дарынды  да  тәрбиелі  оқушылардың  бойына  сіңіріп 
ұлттық  мәдениетімізді  әлемдік  денгейдегі  мәдениетке  жеткізіп  сақтауға  деген 
патриоттық  сезімді  қалыптастыру  біздің  отан  алдындағы  борышымыз  деп 
санаймыз.  
  
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
«Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  Қазақстан  Республикасының  Елбасының  
жолдауы. Астана 2007 ж. 
2.
 
Т.Қоңыратбай «Кәсіп және мәдениет» 2000 ж. 
3.
 
«Қазақ халқының жұмысы мен мәдениеті»  2006ж.  
4.
 
С.Қасиманов   «Қазақ халқының қолӛнері» 1969ж. Алматы   «Қазақстан» 
5.
 
С.Қалиев, М.Оразаев, М.Смаилова – «Қазақ халқының салт – дәстүрі»  Алматы 
«Рауан» 1994ж. 
6.
 
 «Қазақ  дәстүрлі  мәдениеті  анықтамалығы»  -  Алматы  қ.,  «Сӛздік  –  словарь» 
баспасы 1998 ж. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  қазақ  халқының  қолӛнері  және  оның  жастарға  беретін  тәлім-
тәрбиесі қарастырылған. 
РЕЗЮМЕ 
В статье рассматриваются истории казахского декоративного искусства и ее 
роль в воспитании молодежи
 
 
 
 
ӘОК 373.60 
ҰЛТТЫҚ ШАПАНҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОЮ-ӨРНЕКТЕРДІ ЗЕРТТЕУ  
 
Қыдырбекова  И.Т. - магистрант (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
Рысқұлова  Б.Р. - т.ғ.д., профессор (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Ұлттық  мәдениет  халықтың  ежелден  келе  жатқан  ӛзіне  тән  ӛнері,  салт-
дәстүрі,  әдет-ғұрпы  есебінде  жетілетіні  белгілі.  Халық  салт  дәстүрін  меңгерген 
жаны да, тәні де сұлу адам тәрбиелеуге, жалпы  ұлттық, сана-сезіммен  ұлтаралық 
қатынас  мәдениеттің  биік  деңгейіне  жете  алатындай  білім  беру  жүйесінің  бірі  – 
халық  қолӛнері,  оның  ішінде  ою-ӛрнек  ӛнерінің  ұлттық  киімдерге 
қолданылуының мәні ӛте зор. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
242 
Қазақтың  ою-ӛрнек  тарихы  сақ  Андронов  мәдениетінен  басталады. 
Андронов  мәдениеті  екі  мың  жылдықтың  соңғы  жартысынан  және  бір  мың 
жылдықтың басында Батыс Сібір мен Қазақстанды мекендеген тайплар мәдениеті 
/1/.  
Қазақ  халқының  ою-ӛрнек  ӛнері  байырғы  ұлттық  ӛнерлердің  ежелгісі,  әрі 
кең таралған саласы және эстетикалық мәні ӛте зор ӛнер.  
Қазіргі  уақытта  қазақтың  ежелден  келе  жатқан  атаулары  бар.  Ою-ӛрнек 
атаулары  екі  топқа  бӛлінеді.  Мұнда  бірінші  топқа  жататын  ою-ӛрнектің  тікелей 
ӛзіне,  түріне  қатысты  негізгі  атаулар,  ал  екінші  топқа  жалпы  ою-ӛрнек 
қолданылатын бұйымдардың атаулары  жатады.  
Ою-ӛрнектің  жай  немесе  күрделі  элементтері  бір  неше  қайталанса  да 
симметрия  заңы  берік  сақталады.  Барлық  ою-ӛрнек  симметриялық  заңдылығын  
берік  сақтап,  әрбір  ою-ӛрнектің  негізгі,  яғни  симметриялық  осьі  болды. 
Симметриялық  ось  табиғатта,  ӛсімдіктерде  кӛп  кездеседі.  Гүлдердің, 
ӛсімдіктердің дені симметриялық осьті білдіреді. 
Ою-ӛрнектерді  лттық киімге қолданғанын  бір неше  ғалымдар  зерттеулер  
жүргізді. 
Олар; 
С.Қасиманов, 
С.Тӛленбаев, 
Ә.Марғұлан, 
Т.Байсенов, 
М.Ш.Ӛмірбековалардың  ғылыми  еңбектері  ерекше  мәні зор.  
Компьютерлік  технологияны  қолданып  Corel  DRAW  бағдарламасында  ою-
ӛрнектің  суретін  симметриялық  осьінде  кӛрсетілген.  Түрлендіру  әдісінде 
қолданған ою-ӛрнектерді автоматы тәртіпте түр-түсі, кӛлемі, мӛлшері, түсі, киім  
бӛлшектерінің формасы және конструкциясы ерекше анықталады. Мұнда   кейбір   
кӛлемді  жазықтық  композициялық  құрлысын  түрлендіру  әдісін  ерлер  шапанына  
қошқар мүйез, ӛсімдік тектес  тағы  басқа  оюлар  қолданды. 
Қазақтың «ою» және «ӛрнек» деген екі сӛзі бірге келіп, латынша «орнамент» 
деген  ұғымды  білдіреді.  Ӛнертанушы  В.Чепелов:  «Қазақтар  тек  ою-ӛрнек 
әлемінде ӛмір сүретін сияқты», -деп  жазғын. Негізінде  қазақ  тұрмысында   ою-
ӛрнек кӛп қолданылады және кездеседі.   
Ӛнертанушы  ғалымдардың зерттеуі бойынша  қазақтың ою-ӛрнегінің  230-
дан астам түрі бар, оларды 7 топқа жіктеп, ғылыми тұрғыдан анықтама берген. 
Ою-ӛрнектің    үлгілерін  жасап,  олардыою,  жапсырмалау,    сыру    түрімен 
шұғылданатын шеберді   халық   оюшы  дейді. 
Ә.Марғұлан ӛз ғылыми жұмысында ою-ӛрнектерді тӛрт топқа бӛлген. Олар: 
аспан  әлемі  тектес,  жан-жануарлар  тектес,  ӛсімдік  тәрізді  геометриялық  
ӛрнектер.  Космогониялық  ӛрнектер  жайлы  Ә.Марғұлан  «Жұлдыз  гүл,  жұлдыз 
ӛрнек, топ жұлдыз ӛрнектерімен халқымыз сырт киімдерін әшекейлеген, ал  күн 
бейнесі ретінде салынған шеңберге адамдар тұмар ретінде табынған»-дейді. 
Ою-ӛрнектің  стильдері  де,  атаулары  да  әр  түрлі  болып  келеді.  Оңтүстік 
Қазақстанда  негізінен,  стильденген  қошқармүйіз  оюы  мен    геометриялық  
фигуралар,  Солтүстік,  Орталық  және  Шығыс  Қазақстанда  стильденген  
зооморфты оюлар ӛсімдік тектес ӛрнектермен жаңа үйлесім тапқан және ол  киім-
кешек сәндеу мен ӛрнектеуде  қолданылған. 
Ал,  жан-жануарлар  тектес  ою-ӛрнектер  туралы  Ә.Марғұлан:  «тұрмыс-
тіршілігі негізінен мал шаруашылығы болғандықтан қазақ ою-ӛрнегінің  негізілері 
жануарлар  бейнесі, малдың тұяғы, мүйізі, құстардың қанаты, іздері ұғымдарымен  
тығыз байланысты» деген. Сондықтан  арқар, киік, қасқыр, ат, түйе, бүркіт сияқты  
аң-құстар, жануарлар  бейнесі ою-ӛрнектерде жиі  кездеседі /2/. 
Қазақ халқының ою-ӛрнегі мәдени шежіре, әрі эстетикалық  тәлімі мол екені 
белгілі.  Соның  бірі  қазапқтың  ұлттық  киім  үлгілерінен  де,  ою-ӛрнек  түрлері 
жақсы  орын алады. 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (4), 2009.  
                       
243 
Ұлттық  киімге  оюларды  қолдану  кезінде,  киімнің  үлгісіне  байланысты 
болады. Балалар киімдеріне аспан әлемі сырын күн кӛзін, шұғыла, айшық, жұлдыз  
ӛрнектерін  қолданған.  Ӛсімдік,  жер,  су  бейнелі  және  геометриялық  фигуралар  
тектес    ӛрнектерді  ұлттық  киімдер  жиектеріне  қолданған  туған  жерін    аялайтын   
адал азамат болуына және дала  табиғатына   деген   сезімдерін оята білген. Қару-
құралдарға  байланысты  ӛрнектерді  ердлер  киімдеріне  батырлықты,  ержүректікті  
арттыру мақсатында қолданған Оның дәлелі  «Батырлар жырларында» кездесетін 
батырлардың киімдері. Бұл  киімдерге  олданылатын ӛрнектерінің мәнері  әшекейі 
жынысына және жас ерекшеліктеріне байланысты   болады. 
Кӛп ұлтты халықтардың  киім  үлгілеріндегі ерекшеліктері ұлттық ою-ӛрнек  
киім,  оның  алып  тӛсін  мыңдаған  ұлттар  мен  ұлыстар  мекендейді.  Сол  сан 
нәсілдегі,  тектегі  және  ұлттағы  халықтарды  бір-бірінен  ерекшелейтін  нәрсе  де 
киім. Шал, қариялар шапан, ішік, бешпент, сырма шалбар, ақ шейде, дамбал киіп, 
аяқтарына саптама етік, кебіс-мәсі киді. Ер киімдерінде кездесетін ақбӛкен құлын 
терілерінен    түсіне  қарай  іріктеп  құрастырылатын  бешпет,  кӛкірекше,  кеудеше, 
жарғақ  шалбар  аса  сыпайы  киім  үлгілері  болып  есептелген.  Шапандарын 
барқыттан, құймаланған  алтынмен  күмістен күптелген белбеу буынған.   
Этнограф С.Қасиманов қазақ киімдерін іштік, сырттық, сулық, біркиер киім 
деп атаған.  
Ұлттық  ерлер киімдерінде қолданылатын  ою-ӛрнектердің  ӛзіндік   жасалу   
принциптері бар. Қазақтың  ою-ӛрнек   шеберлері  ӛлшеп-пішпей-ақ екі   заттың   
тең  пропорциясын  жасай білген.  Қазіргі  заман  талабына  байланысты бұйым  
дайындау  үшін   мына   қағидаларды  ұстану керек: 
- бұрынғы  дәстүрмен  байланысты сақтау; 
- кӛркем  жаңа   ойларды   ӛндірісте   жылдам  іске асыру; 
- киімнің   мәдениетін, ғылым мен ӛндірістегі жетістіктеріне, сәнді  болжауға  
ғылыми  ісденістер  жасау; 
- адам аласын бейнесінің  қоршаған материалдық ортамен стильдік  бірлігі; 
- бұйым  эскизің тұрғызғандағы негізгі қағидалар – контраст және  динамика 
заңдылықтарын білу. 
Қазір  ғылым мен  техниканың дамыған  талапқа  сай ұлттық  ерлер киіміне 
және  оған  ою-ӛрнектерді    орналастыру  компьютерлік    «Corel  DRAW»,  «Paint»,  
«Photoshop»  бағдарламалары  арқылы  орындайды.  1-суретте  Corel  DRAW 
бағдарламасымен  ерлердің  ұлттық  шапанында  қолданылатын  ою-ӛрнектердің 
түрлерін жобалау кӛрсетілген.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1 сурет -  Corel DRAW бағдарламасымен жобаланған ерлердің  ұлттық  
шапанында қолданылатын ою-ӛрнектердің түрлері 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (4), 2009. 
 
244 
 
2- 
сурет – Шапанның алдыңғы бойында қолданылатын ою-ӛрнек түрлері 
Суретте  ұлттық  ерлер  киімінің  адам  мүсініне  қонымдылығы  мен 
композициялық  шешімі  және  принциптері  толық  қарастырылған.  Ұлттық 
киімдерінде  қолданылатын  ою-ӛрнектердің  ерекшелігі,  ритмдегі  симметриялық  
принциптерінің  берік  сақталып  келуі.  Ұлттық  киімдерде  қоданылатын  ою-
ӛрнектің    дәлелденгенін    және  дұрыс  шешімін  айқындайтын  композиция  болып 
табылады.  
Композицияда  таңдалған  бұйым  эскиздік  жобамен  шешіледі,  сондықтан 
пластикалық  қозғалыс  пен  ырғақ  негізі  арқылы  роль  ойнайды.  Ұлттық  киімде 
қолданылатын  ою-ӛрнектің  түсін  және  орындалу  техникасын  оған  таңдалған 
матасы    бірін-бірі  толықтырып  тұрады.  2-суретте  шапанның  алдыңғы  бойында 
қолданылатын оюлардың орналасуы Corel DRAW бағдарламасында жобаланғаны 
кӛрсетілген.  
Ою-ӛрнек бір бұйымға түсетін болса, ол үлкен де, кіші де болмай бұйымда 
жарасым табу керек. Ӛрнек жағының бірдей болуы - симметрия заңы. Симметрия  
барлық  ою-ӛрнекте    болады.  Ою-ӛрнектегі  болу  түрлерінің  үндесіп,  жарасым  
табуын «калорит» деп атайды. Калорит кӛп бояулы ою-ӛрнектерде  жиі  кездеседі. 
Ою-ӛрнекте  бір  элементтің қайталап отыруын «ырғақ»  деп атайды. 
Сонымен  қатар  негізгі  ӛңделген  шапанға  таңдалған  ою-ӛрнектің 
орналастырылуы кӛрсетілген.  
ӘДЕБИЕТТЕР  
1.
 
 Ш.М. Ӛмірбекова энциклопедия «Қазақ ою-ӛрнектері» Алматыкітап 2003ж 
284б. 
2.
 
 Есмаханов Асқар, Жангелдин Ермек «Қазақтың ұлттық киімдері». Алматы  
1998 ж. 
3.
 
 Асанова С. Сымбат. «Ұлттық киімдерді жобалау және тігу технологиясы». 
Алматы, 2008ж. 
ТҮЙІНДЕМЕ  
Мақалада ұлттық шапанға қолданылатын ою-ӛрнектер зерттелген, Corel 
DRAW бағдарламасында жобалау қарастырылған.  
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматривается  использование  орнаментов  при  изготовлении 
национальных костюмов, а также проектирование в программе Corel DRAW. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет