САРКАЗМ ( грекше – sarkasmus - қинау, sar- дене).
Қазақша айтқанда мысқыл, зілді кекесін. Сарказм- иронияның ұлғайған түрі делінеді. Екеуінің де негізі – күлкі. Жазушы ирония арқылы не адамды, не бір нәрсені шенемек, ажуалап, күлкі етпек болса, сөз, сөйлемнің ішкі мазмұны кекесін, шенеу, ажуалау болғанмен, олардың айтылу түрі мақтаған тәрізді, бүркемеленеді.
Ал сарказмда ондай бүркемелеу жоқ. Кімді немесе нені шенемек, мысқылдамақ болса, ашықтан-ашық шенейді . Сарказм иронияға қарағанда анағұрлым өткір, улы.
Баймағамбет Шернияз ақынға ханымды жамандашы дегенде,
Шернияз: Бай-еке, заманыңда тасуың-ай,
Шеріңнің сөйлер сөзге асуын-ай.
Ханымның бой аласа, мұрны қайқы,
Тап мінген мегежіннің қашырындай,- дейді
Сарказмның өткір түріне мысалды Абайдың “ Дүтбайға ” деген өлеңінен алуға болады.
Жылуы жоқ бойының, Мұңды жылмаң пішінін,
Жылмиғаны не еткені ? Кезек киіп, ел жиып.
Құбылуы ойының Болыс болса түсінің,
Кетпей құйтың еткені ! Түксігін салар тырсиып....
Бұл өлең түгелдей сарказммен жазылған. Бақ құмар, мансапшыл, екі жүзді болыстың образын көрсету үшін және оны жексұрын етіп суреттеу үшін, Абай ең мысқыл,ең кекесін сөздерді таңдап алады. Бір жағынан күлкілі етіп, екінші жағынан шеней суреттейді. Бұл жердегі күлкі жай күлкі емес, зілді, ызалы күлкі. Ирония мен сарказм өлең-жырларда, прозалық , дрматургиялық шығармаларда кездесе береді.
ӘСІРЕЛЕУ ( грекше - hуperbole – үлкейту ).
Шындық болмыс пен адамның арасындағы қатынасты көрсететін көркемдеп суреттеу құралының бірі - әсірелеу. Әсірелеу - әр түрлі құбылысты өте асырып айту. Құбылысты жай қалпынан өте асырып көрсету арқасында суреттелген құбылыс, адамның ой сезіміне тез әсер еткіш келеді. Ол жай сөзде де, поэзияда да көптеп кездеседі. Қазақтың мақалдарында : “ Көп түкірсе, көл болар ”, “ Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар ”, “ Көзінің жасы көл болды ”, - дейтін сөздер бар. Осында айтылғандардың бәрі де ауыспалы мағынада берілген, шындығына келгенде осындай болуы мүмкін емес. Бірақ автор оқырманға айтар ойының салмағын, идеясын жеткізуде осы әдісті таңдап алуының себебі көркемдік шындыққа негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |