Эпитет (грекше- epithetion-қосымша)



бет12/17
Дата22.09.2023
өлшемі177,5 Kb.
#109824
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
doc1545587499

1) Арнау. Жазушы не өзіне, не біреуге, не көпшілікке арнай тіл қатуы, олармен іштей кеңесуін арнау дейді. Арнауды А. Байтұрсынов әуелден үш түрге бөлген:
жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау.
А) Жарлай арнау: Мұнда ақын жеке адамға емес, жалпы жұртқа қайырыла сөйлеп, жеке адаммен оңаша емес, жалпы жұртпен жария кеңеседі.
Мысалы : Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың... (Абай ).
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңдар, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар... (Ыбырай).
Ә) Сұрай арнау: Жазушы немесе ақын және олар жырға қосып отырған адам өз ойын өзгеге арнап сөйлесе және сол сұрағына жауап күтсе, сұрай арнау дейді.
Мысалы: Өн бойымды күш қысып, Жас іркіліп мөлтілдеп,
Қаным неге қайнайды ? Көзім неге жайнайды?...
Ащы тілім ашынып, Ақын неге қайғырып,
Неменеге сайрайды ? Терең ойға бойлайды ?
(Ә.Есмамбетов).
Сұрай арнаудың бір түрі - риторикалық арнау. Ондағы өзгешелік арнауда қойылған сұрақққа жауап күтпейді, өйткені олар ешқандай жауапсыз-ақ түсінікті. Сұрай арнаудың мұндай түрлерін шешендік немесе риторикалық айшық деп те атайды.
Мысалы : Орай да борай қар жауса, Туырлығы жоқ тұл үйге
Қалыңға боран борар ма ? Ту байласаң тоңар ма ?
Қаптай соққан боранда Ту түбіне тұлпар жығылса
Қаптама киген тоңар ма? Шаппаған нәмарт оңар ма ?
(Махамбет).
...Балалық өлді,білдің бе ? Кім біледі сен кәпір
Жігіттікке келдің бе ? Баяндыдан сөндің бе ?
Жігіттік өтті көрдің бе ? Баянсызға төндің бе ?...
Кәрілікке көндің бе ? ...Қорадан шықпай өлдің бе ?
(Абай ).

Қызғалдақтай қызық өмір Тасқан қайтып, толған солып,


Күні келсе солмай ма ? Сарғайтпай ма сондай да ?
Еркін жүрген ерке көңіл Алтын жастық жалған
Қайғы -зарға толмай ма ? Аһ ұрар күн болмай ма ?
(Б.Күлеев).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет