Ауыз әдебиетінде: Мысалы: Жоғары ерні көк тіреп,
Төменгі ерні жер тіреп...
...Асқар төбе бел еді,
Аса шауып жөнеді...
Көлденең жатқан көк тасты,
Тіктеп тиген тұяғы,
Саз балшықтай иледі.
... Қарсы келген қабақтан
Қарғып асып жөнелді.
Зеңгір-зеңгір таулардан
Секіріп асып жөнелді.... (“ Қобыланды батыр” жырынан).
... Аққан жасы сел болған,
Етегі толып көл болған...
Тарихи әдебиетте: Біздің анау Нарында
Бір төбелер бар еді,
Айналасы ат шаптырса жеткісіз.
Қиқулап ұшқан қырғауыл
Күнінде құлай да басып өткісіз. ( Махамбет ).
Тастан сарай салдырды,
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып-жұмғанша жылдам,
Жылдам хабар алғызды. ( Ы.Алтынсарин).
...Аспанға алты жерден тіреу қойдым,
Той қылып, мың масаны сонда сойдым.
Жүрегін біреуінің төрт бөліп жеп,
Нансаңыз өмірімде бір-ақ тойдым.
Аталған шумақта әсірелеу мен литота қатар жүр. Мұндай жайлар кездесе береді.
Әсірелеудің осындай түрлерінің ауыз әдебиетінде және тарихи әдебиет туындыларынан кездесуі заңды құбылыс деп білуге болады. Бұл шығармалар негізінен тыңдаушы жұртқа тосын әсер туғызу, оларды қызықтыру,сөйтіп,суреттеліп отырған образды шындықты көңілге ұялату мақсатында қолданылады.
Бұлайша суреттеу кейде нақты өмір шындығынан, образдан алшақтауға әкеліп соғатындықтан кейінгі ақындар, қаламгерлер аса қажет болмаса, көп қолдана бермейді.
Сонымен, көркем шығармада құбылысты немесе затты, кейіпкерді дағдылы қалыптан тыс асыра бейнелеу арқылы суреттеу әсірелеу (гипербола) деп аталады.
ЛИТОТА (грекше- lіtotes-қарапайымдық). Әсірелеу мен литота бір нәрсенің екі жағы тәрізді. Екеуінің айырмасы : әсірелеу бір құбылысты өте үлғайта суреттесе, литота бір құбылысты өте кішірейтіп суреттейді.
Қиял –ғажайып ертегілерінде мынандай жолдар кездеседі:
Мысалы: “ Темір етіктен теңгедей, темір таяқтан тебендей қалғанда, өлдім-талдым, өштім-жандым дегенде ”.
Осының өзінен-ақ ертегі кейіпкерінің өз мақсатына жету үшін қаншама қиыншылықты басынан кешіргенін және қанша уақыт өткенін
Мысалы: Етектейін ерінннен
Екі елісі қалыпты.
Қиған қамыс құлақтан
Бір тұтамы қалыпты.
Жалбыраған жалынан
Жалғыз қарыс қалыпты.... ( “Ер Тарғын ” жырынан ).
Литотаның қолданылуы автордың айтайын деген ойына тығыз байланысты және жағдайға, суреттелетін өмір құбылысына лайықты таңдалынып алынады.
Махамбет өзінің бір өлеңінде:
Таудай болған талаптың
Назары қайтқан күн болған...
Телегей теңіз шалқыған
Қоғалы көлдер суалып
Тізеге жетер-жетпес күн болған.
Жапанға біткен бәйтерек
Жапырағынан айрылып,
Қу түбір болған күн болған,-дейді.
Бұл халық көтерілісінің жеңіліске ұшырап, Исатай батыр өлгеннен кейін шығарылған өлең. Көтерілісшілердің басындағы ауыр халді айқынырақ етіп суреттеу үшін ақын өмірдің әр алуан құбылысын өте кішірейтіп көрсетеді.
“Көлдер тізеге жетер-жетпес”, “Бәйтерек - қу түбір” т.б. осылардың барлығы да өлеңдегі ойдың негізгі қазығы. Көтерілістен кейінгі қаралы күндерді оқушылардың ой-сезіміне әсерлі, күшті етіп жеткізу үшін қолданылып отыр.
Әсірелеу мен литота өмір құбылысын суреттеде көркем тілдердің негізгі түрлерінің бірінен саналады. Бұлар ауыз әдебиетінде, әсіресе эпостық поэмаларда, көп кездеседі.
ФИГУРА ( Латынша - fіgura - келбет, бейне ).
Әдебиетте сөз өткір, тартымды, әсерлі болуы үшін, сөз таңдау, ауыстырып айтудан басқа да әдістер қолданылады. Жазушы,ақындар кейде дағдыдағы синтаксисті аттап өтіп, синтаксистің өзгешелеу түрін жасайды. Сөйлемді айтылып жүрген қалпынан өзгертіп құрады. Бұл алтыға бөлінеді:
Арнау, 2) Қайталау, 3) Шендестіру (антитеза),