Эпитеттің және бір түрі – тұрақты эпитет



бет4/6
Дата15.12.2023
өлшемі96,54 Kb.
#138663
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
поэзия теория

Бунақ дегеніміз өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының соқпа-соқпасының арасы. Дауыстың соқпа-соқпасының арасын сызықпен белгілеп, бір-екі мысал келтірелік:
1 2 3
/Майдалай/ /соқса майдың/ /қоңыр лебі,/
/Балауса/ /балбырайды/ /жер желегі
/Тау қалғып,/ /құз құлазып,/ /орман тынып,/
/Шомғандай/ /терең ойға/ /бәрі тегі/
Білімдіден /шыққан сөз
Талаптыға /болсын кез.
Түрін, сырын/ көруге
Көкірегінде/ болсын көз.
(Абай)
Үш бунақты тармақ
Атадан/ /Біржан сал боп/ /тудым артық./
/Ұраным/ /Ер Қарқабат,/ /Алтай-Қарпық,/
/Аққумен/ /аспандағы/ /ән қосамын,/
/Шығарсам/ /ащы күйді/ /түптен тартып./
(Біржан сал)
Фабула! Мұның не нәрсе екені баяғы Аристотель заманынан бері жұрттың бәріне мәлім: бұл (латынша fabula – әңгімелеу, баяндау, тарихты айтып беру) – көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу, мазмұндау. Б.Майлиннің «Шұғаның белгісін» алсақ, фабуласы шамамен мынау ғана: «Кедейден шыққан Әбдірахман деген мұғалім жігіт Есімбек байдың Шұға деген сұлу қызына ғашық болады. Жігітті қыз да сүйеді. Бұл әрине, байларға ұнамайды. Олар жала жауып, Әбдірахманды айдатып жібереді
Бұған күйзелген Шұға айықпас дертке ұшырайды. Қызының халіне қиналған Есімбек болысқа айтып, Әбдірахманды амалсыз босаттырады. Әбдірахман алып-ұшып, сүйікті Шұғасын көруге асығып келсе, қайран ару жарық дүниемен біржола қоштасқан екен, оның өзіне жазып қалдырған хатын оқып, көз жасы көл болады».
Сюжет (французша sujet – зат) – көркем шығарманың мазмұнын ашып, мазмұнды пішінге көшірудің негізгі түрі, жолы немесе тәсілі. Егер көркем шығарманың мазмұны түрліше мінездер мен типтердің өзара қарым-қатынасынан туған шындық, өмірлік оқиғалар тізбегі десек, осының өзі сюжетте адамдар мен заттардың тұтасқан ішкі-сыртқы қимыл-әрекет жүйесі ретінде, кәдімгідей қозғалыс, белгілі бір даму үстінде көрінеді.
Шағын эпостың әңгімеге жақын тұрған бір түрі – очерк. Бұл да қысқа көлемді көркем шығарма. Мұнда да үлкен шындықтың кішкене бір бөлігі, адам өмірінің аздаған эпизоды нәрлі тілмен, әрлі суреттер арқылы шебер, тартымды бейнеленуге тиіс. Бірақ очерктің әңгімеден бірнеше өзгешелігі бар. Ең бастысы: очеркте суреттелетін шындық – ойдан шығарылған нәрсе емес, өмірде болған не бар адам. Содан соң очерк өткен шақтың көне шындығынан емес, осы шақтың жаңа шындығынан ғана туады.
Эпостың шағын түріне жататын очерк секілді аралық жанрдың бірі – фельетон (французша feuilleton – парақ); бұл да әрі әдеби жанр, әрі газет жанры. Өлеңмен де, қара сөзбен де жазыла береді. Мұның әдеби қасиеті мол жақсы үлгілерінде кәдімгідей көркем бейнелер, қызық мінездер, сатиралық типтер жасалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет