Эпитеттің және бір түрі – тұрақты эпитет


Теңеудің ішінде болымсыз теңеу



бет2/6
Дата15.12.2023
өлшемі96,54 Kb.
#138663
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
поэзия теория

Теңеудің ішінде болымсыз теңеу дейтін болады. Бұнда бір затты екінші затқа теңегенде болымсыз мағына шығарады, мысалы: «Ол онша әдемі жігіт емес. Дегенмен бір көруге сиықсыз адам сықылды да емес. Денесі томардай жуан да емес. Тал шыбықтай жіңішке де емес», т.б.
Бала – жүрек ортасы.
Бала– ананың қолқасы.
Бала – бауыр, бал бауыр,
Бала, ана – зор бауыр.
(Жақан Сыздықов)
Бұл үзінділерде екі нәрсені бір-біріне тікелей балайды, бірақ метафора ылғи бұлай бола бермейді. Кейде метафора едім, едің деген сөздер арқылы да жасалуы мүмкін. Мысалы, Махамбеттің:
Мен, мен едім, мен едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім...
Метафораның бір алуаны: -мын, -бын, -пын, -сың, жіктік жалғаулары не -м, -ң, -ы (сы) тәуелдік жалғауларының көмегімен жасалынады. Мысалы:
Сен – бұзау терісі шөніксің
Мен – өгіз терісі талыспын…
Метафора кейде бейне, бейне бір (тең) деген сөздердің көмегімен де жасалады.
Пайдасы мол жігіттер,
Дария шалқар көлмен тең.
Өз басынан пайдасы аспаған
Ел қонбаған шөлмен тең.
Метафораның жай түрі және ұлғайған түрі болады. Жай түрінде бір нәрсе екінші нәрсеге ғана баланады. Мысалы:
Сұлу аттың көркі – жал,
Адамзаттың көркі – мал.
«Дем алысы – үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды». Бұл үзінді де «дем алыс» үш нәрсеге баланып отыр: үскірік, аяз, қар, сондықтан бұл метафораның күрделі түріне жатады.
Метонимия (грекше – metonymia – алмастырып атау). Шындық өмірдің әртүрлі құбылысы жалаң нәрсе емес, бір-бірімен байланысып, ұштасып жатады. Осы құбылыстың түрлі жақтарынан не тек қана бір жағын алып, не атын айтып көрсету күнделік сөзде де, әдебиетте де жиі кездеседі.
Кейде қалпағы бар біреуге: «Ей, қалпақ!» – дей саламыз. Мұнда адамның орнына оның киген киімін, қалпағын, айтамыз. «Ол үйдің адамдары көңілді екен» деудің орнына, «көңілді үй екен» дейміз.
«Ол нанды қаламымен табады»
Көк темірді киініп
Шықты батыр жекеге.
(Батырлар жыры)
Синекдоха (грекше – synekdoche – меңзеу). Троптың өзгеше бөлінетін түрі синекдоха деп аталады. Бүтіннің орнына бөлшекті, бөлшектің орнына бүтінді қолданған сықылды, көпшенің орнына жекешені, жекешенің орнына көпшені қолдану да синекдоха болады.
Бұл бүтін нәрсенің орнына оның бөлшегін (басың нешеу?); бөлшектің орнына бүтінді (жұрттың қалай екенін ұқпадым) қолдану. Біреуге: «Басың нешеу?» дегенде оның басын сұрап отырғанымыз жоқ, неше адамы бар екенін сұрап отырмыз. Сол үйдің адамдарының орнына тек қана бастарын аламыз. «Жұрттың қалай екенін ұқпадым!» дегенде барлық жұртты айтып отырған жоқ, біреуді айтып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет