«Әпке» драмасы. Дулат Исабеков Қатысушылар


Темірбек. Қырсық. Нәзила



бет13/20
Дата02.12.2023
өлшемі54,96 Kb.
#132544
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
Әпке драмасы ориг

Темірбек. Қырсық.
Нәзила. (Артынан айқайлап) Үстіндегі көйлегі әдемі екен. Біздің атымыздан құтты болсын айтып бар.
(Темірбек үйден шығып кеткеннен кейін)
Нәзила. Бүгінгі күн қандай тамаша! Әпкешка, бізбен бірге қыдырсаң қайтеді а? Бүгін институтта кеш өткелі жатыр. Алматы теле студиясы арнайы хабар жүргізеді.
Гауһар. Иә...
Нәзила. Айтпақшы бар ғой иә, сонда бір теле комментатор жігіт бар екен. Сол біздің Гауһарға ғашық болып қалды. (Күліп)
Қамажай. Бір-ақ күнде ме?
Нәзила. Жоооқ. Он бес минуттың ішінде.
Гауһар. Иә. Рас, рас. Тіпті хабар жүргізгенде көбірек көрсетем деп уәде берді. Иә. Әпке егер сіз бізбен бірге барсаңыз, сізде біздің арқамызда бүкіл халыққа көрінесіз. Жүріңіз әпке.
Қамажай. Солай дейсіңдер ме? Нешеде қайтасыңдар?
Гауһар. Түнгі оннан қалмаймыз.
Қамажай. Мен, мен бармай-ақ қояйыншы.
Нәзила. Неге?
Қамажай. Комментаторларыңы ұнамай қалсам, сендерді де көрсетпей қалып жүрер.
Гауһар. Ұнайсыз.
Қамажай. Мен үйде қалайын. Бармай-ақ қояйын.
(Бет сүйісіп, олар шығып кетіп бара жатып)
Нәзила. Ааа Әпкешка, сен ренжіп тұрған жоқсың ба?
Қамажай. (Нәзиланы құшақтап) Ойбау-ау несіне ренжимін, ренжіген жоқпын. Жаным сол.
Нәзила. Алтын әпкемнен сол.
Қамажай. Жақсы, жақсы.

5-көрініс
(Қамажай стол басын реттеп, тазалап жатады)
Ермек. Ма-маа, ма-мааа!
Қамажай. Ермекжан-ау, Ермекжан не болды?
Ермек. Марат ұрды.
Қамажай. Ол сені неге ұрады?
Ермек. Ол айтады. Менің папам, әскери ұшқыш дейді.
Қамажай. Енді оның, оның папасының әскери ұшқыш екені рас.
Ермек. Менде айттым, менің де папам әскери ұшқыш деп.
Қамажай. Олда, олда әскери ұшқыш. Бірақ ол Мараттың папасындай әскери ұшқыш емес қой жаным.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет