«Әпке» драмасы. Дулат Исабеков Қатысушылар


Қамажа. Нәзила-ау қойсаңшы енді, қойсаңшы енді. Сөз таластыра бермей. Темірбек



бет9/20
Дата02.12.2023
өлшемі54,96 Kb.
#132544
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Байланысты:
Әпке драмасы ориг

Қамажа. Нәзила-ау қойсаңшы енді, қойсаңшы енді. Сөз таластыра бермей.
Темірбек. Мұндай болатынын білгенімде жолдастарымды үйге емес, кафеде күтетін едім. Енді олардың бетіне қалай қарамақпын?. (Тимур киімін киіп жатқанда)
Қамажай. Қайда бармақсың?
Темірбек.Кеттім. Әлгілерді қуып жетуім керек. (Есікті тарс жауып, кетіп қалады. Нәзила ішке кіреді)
Қамажай. Нәзила мынауың қалай а? Өз ағаң емес пе? Сонша қарсыласпасаң нетті?
Қамажай. Нәзила мынауың қалай а? Өз ағаң емес пе? Сонша қарсыласпасаң нетті?
Нәзила. Білмеймін, мен дұрыс жасамаған да шығармын. Әлгі қыздың тым еркінсіп, ұят-аятты естен шығарып бара жатқаны жыныма тиді. Я так хочу деп Тимурды құшақтап алыпты. Котёнок мой деп олда өліп бара жатыр.
Қамажай.Дегенмен, дегенмен ренжіп кетті-ау. Қазіргі жастарға ескерту айтсаң да жақпайсың. Құдайым-ау.
Гауһар. Біраз уақыт болып қалды, мен қайтайын.
Нәзила. Қона кетсеңші.
Гауһар. Басқа бір уақытта. Бір түрлі. Осының бәріне мен кінәлі сияқты сезіндім де отырдым.
Нәзила.Гауһар, бүгін бәрібір бөлмелеріңде ешкім жоққой. Екеуміз әңгімелесейік.
Гауһар. Бүгін жалғыз жатқым келіп тұр. Сау бол!
Нәзила. Гауһар?
(Қамажайдың інісі аспирант Омар кіреді. Гауһармен бас изісіп, амандасып, папкаларын қояды)
Қамажай.Тууу Омар-ау! Таңертең кеткеннен, енді келдің бе? Әбден қарның ашқан шығар... Түріңді қарашы. Жуған матадай боз-боз болып кетіпсіңғой.
Омар. Дұрыс айтасыз, таңертеңнен бері нәр татқан жоқпын. Кітапханадан шығуға мұршам болмады.
Қамажай.Ауырып қалмасаң болар еді. Қазір мен тамақ ысытайын.
Омар. Жо-жоқ! Сіз әуре болмаңыз. Маған бір стақан ыстық сүт болса да жарайды. Байқауымша бұл үйде қонақтар болып кеткен сияқты.
Нәзила. Қалай, диссертация бітуге жақын ба?
Омар.Жақын. Тіпті дайын деуге де болады. Бірақ өзге ғалымдарға ұнағанымен өз көңілім қанағаттанбайтын сияқты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет