«Әпке» драмасы. Дулат Исабеков Қатысушылар


Қамажай. Не болды, не болды жарығым! Ермек



бет20/20
Дата02.12.2023
өлшемі54,96 Kb.
#132544
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Қамажай. Не болды, не болды жарығым!
Ермек. Мамаааа!
Қамажай. Бұл немене?
Ермек. Бұл телеграмма. Екееу!
Қамажай. Телеграммааааа? Ойбай-ау жүрегім бір нәрсені сезгендей болған еді. Кәнекей, кенекей....
Хат. Мамуля. Бригаданың жылдық жоспарының орындалуы жайлы өндірістік басқарма алдында ертең есеп беруіме байланысты бара алмайтын болдым. Ол үшін бәрінен мың мәрте кешірім сұраймын. Тимур.
(Қамажай екінші хатты оқиды)
Мамуля кешір. Ғылыми комунизмнің теориялық мәселелері бойынша Москвада өтетін халықаралық жиынға шұғыл аттанып бара жатырмын. Қайтар жолда міндетті түрде соғамын. Өзіңді құшақтап сүюші Омар.
Қамажай. Сөйтіп бұларда келмейтін болды.
Ермек. Енді олар келмей ме?
Қамажай. Оларды жұмыстарынан босатпай жатыр. Қолдары тимей жатыр.
Ермек. Бұрын мына жерде Омар ағам отыратын, мына жерде Тимур ағам отыратын, Мына жерде Нәзила әпкем. Енді олар сағынбайд.
Қамажай. Неге? Неге? Олар сағынады. Сағынад. Олар жұмыстан қолдары тимей жатыр. Қолдары тиген кезде келеді. Бара ғой, бара ғой. Сен ішке кіріп, жуынып кел. Содан кейін тамақ ішеміз. Бара ғой, бара ғой.
Ермек. Олар бізді сағынады ғой ия.
Қамажай. Сағынады, сағынады. Келеді олар.
Қамажай қолына бокалды алып, соғыстырып шығады.
Қамажайдың құрбысы. Келіп құшақтасады. Жаным-ау ешкім әлі келмеген бе?
Қамажай. Олар, жұмыстарынан шыға алмады, келе алмай жатыр. Кешірім сұрапты. Нәзила да телефон соғып келем деп еді. Олда келмей жатыр.
Қамажайдың құрбысы. Келеді. Менің шалым да келед қазір.
Қамажай. Бүгін той, бүгін ән салатын күн. Бүгін би билейтін күн. Тойды өзіміз-ақ өткіземіз. Ашшы, ашшы ана шампанды, Құй, құй. Өзіңе де маған да. Бүгін, бүгін той. Тойды өзіміз-ақ өткіземіз. Өзіміз-ақ, өзіміз-ақ өткіземіз!

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет