«Әпке» драмасы. Дулат Исабеков Қатысушылар


Темірбек. Тағы да ақша құртады ма? Қамажай



бет12/20
Дата02.12.2023
өлшемі54,96 Kb.
#132544
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Темірбек. Тағы да ақша құртады ма?
Қамажай. Енді.. Өз степендиясы өзіне жетедіғой.
Темірбек. Жарайды, баруына жетеді, ал содан соң не істемек?
Қамажай. Бір мәнісі табылар. Диссертациясын абыроймен қорғап шықса...
Темірбек. Мамуля. Көп болдығой соның сандалғанына. Не, Плутон боламын деп жүр ме?
Қамажай. Платон болмаса да, азамат болар... Ағаң ғой әйтеуір.
Темірбек. Мамуля. Кешкісін мен бір досымның үйіне баруым келіп еді. Қолың тисе, костьюмді үтіктеп қойшы.
Қамажай. Ааа иә, иә. Ұмытып кетіппінғой.
Темірбек. Көшеге киетін жөнді туфлиімде жоқ екен ғой.
Қамажай. Несі бар, ертеңгі айлығыңа ал. Жақсысын таңдап.
Темірбек. (Қыпылықтап) Ммм неғой. Айлығымды.... Ертеңгі айлығымды.... қарызға беремін.
Қамажай. (Таңырқап) Қарыз? Қарызы нес? Оны неге алып жүрсің?
Темірбек. Жәй, бір шаруаға қажет болып қалған. Сол...
Қамажай. Бір шаруаға. Омар Москваға жүргелі жатыр.
Темірбек. Енді, жүрсе қайтпек. Естідім ғой, естідім ғой. Неге қайталай бересің? Неменеге қайталай бересің? (Ашуланып) Барсын...
Қамажай. Барадығой, барад. Неге зіркілдейсің? Не болған саған? Бұрын мұндай мінезің жоқ еді ғой.
(Осы кезде Нәзила мен Гауһар кіріп келе жатады)
Нәзила. (Тимурға қарап) Мәәә. Сен үйде ме едің? Жұмысыңнан қашып жүрмісің?
Темірбек. Иә, қашып жүрмін.
Нәзила. Ааа, ал сыртта анау күнгі бас ауырған қыз күтіп отыр.
Темірбек. Мені кім күтіп отырғанында сенің шаруаң болмасын.
(Нәзила алдына жүгіріп барып, бөгеп)
Нәзила. Тоқта. Үстіндегі көйлегі ғажап екен. Біздің атымыздан құтты болсын айта бар. Байлық не дегізбейді? Жоқшылық не жегізбейді деген осы да.
Темірбек. Иә, солай.
Нәзила. Мә. Сіріңке ала кет.
Темірбек. Оны қайтем?
Нәзила. Бізді әуелгіде танымай қалып, темекі тұтату үшін сіріңке сұраған.
(Темірбек сіріңкені алуға келіп қолын соза бергенде, Нәзила сіріңкені жерге тастап жібереді)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет