Әр тарау есеп шығаруға қажетті теориялық кіріспеден басталады


Солдан оңға қарай ТД өсетін болса,элемент атомдары тотықсыздандырғыш (ТСШ) қасиет көрсетеді: -4, -3, -2, -1 ,0, +1, +2, +3, +4, +5,+6



бет11/94
Дата04.12.2023
өлшемі2,14 Mb.
#134247
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   94
Солдан оңға қарай ТД өсетін болса,элемент атомдары тотықсыздандырғыш (ТСШ) қасиет көрсетеді: -4, -3, -2, -1 ,0, +1, +2, +3, +4, +5,+6
Оңнан солға қарай ТД кемитін болса, элемент атомдары тотықтырғыш (ТТШ) қасиет көрсетеді:
Оқушыларға тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш ұғымдарының анықтама сын,тотығу-тотықсыздану реакциясының мәнін түсіндіру. Тотығу-тотықсыздану реакциясының теңдеуін құру алгоритмі берілген кесте ілініп, оқушылар жаттығу жұмысын орындайды. Алгоритмі:

  1. Химиялық теңдеуді құру.

  2. Теңдеудің оң және сол бөлігіндегі барлық элементтердің тотығу дәрежесін анықтап, оны жазу.

  3. Тотығу дәрежесі өзгерген элементті табу.

  4. Электрондық баланс теңдеуін құру.

  5. Химиялық теңдеуге коэффициенттерін қою.

  6. Теңдеудің оң және сол бөлігіндегі оттегінің саны бойынша коэффициенттің дұрыс қойылғандығын тексеру.

  7. Тотықтырғышты, тотықсыздандырғышты, тотығу – тотықсыздандыру процесін анықтау.

ІІІ Сабақты бекіту
1. Төменде көрсетілген қосылыстардың тотығу дәрежесіне сәйкес структуралық формуласын жазындар.
MnCI2, MgSO4,SiO2, CuO, HMnO4, K2Cr2O7
2.Мына қосылыстардағы: SO2, CaCI2, AI2O3, CuCI, FeS, Br2 элемент атомдарының тотығу дәрежесін анықта, атомдар арасындағы байланыс түрлері қандай?
3. Мына элементтер:Br0,Br -,N0,N3+атомдардан иондарға айналады,олардың түзілу процесін қалай бейнелеуге болады?
4. Төмендегі реакция теңдеуін тотығу – тотықсыздану реакциясы тұрғысынан теңестіріңдер.
K + CI2 = KCI
Fe + CI2 = FeCI2
Mg + O2 = MgO
5.Төмендегі реакция теңдеулерін тотығу – тотықсыздану реакциясы тұрғысынан теңестіріңдер.
HNO3 + Cu = Cu(NO3)2 + NO2 + H2O;

Na + H2O = NaOH + H2


Үйге тапсырма
1.Мына элементтер: AI0, AI3+, CI0, CI - атомдардан иондарға айналады, олардың түзілу процесін қалай бейнелеуге болады?

2. Төмендегі реакция теңдеулерін тотығу – тотықсыздану реакциясы тұрғысынан теңестіріңдер. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықтаңдар.


AI + O2 = AI2O3
H2 + FeO = Fe + H2O
3.. Массасы 6,2 грамм фосфор жанғанда түзілген фосфор (V) оксидінің (P2O5) массасын және зат мөлшерін есепте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет