Сабақты бекіту:
1.Изотоп дегеніміз не?
2. Табиғатта калий үш түрлі изотоптпн ттұрады 39К, 40К, 41К. Табиғи калиден 39К – 93,04% ,40К -0,012% , 41К – 91% . Табиғи калидің салыстырмалы атомдық массасын табындар.
3. Табиғи көміртек екі түрлі изотоптан тұрады 12С – 98,9% ,13С – 1,1 %тұрады . Табиғи көміртектің орташа салыстырмалы атомдық массасын анықта.
4. Табиғи неонның салыстырмалы атомдық массасы 20,179%. неон екі түрлі изотоптан тұрады 20Ne, 22Ne .Табиғи неондағы әрбір изотоптың молдік үлесін есепте.
Үйге тапсырма
1.Кремнийдің үш изотопы берілген. Олардың 28Si – 92,3%, 29Si – 4,7%, 30Si – 3% молярлы үлесі белгілі болса, кремний элементінің салыстырмалы атомдық массасын тап.
2.Оттегінің 16О, 17О, 18О үш изотопымен көміртегінің 12С изотопынан көміртек (IV) оксидінің неше түрлі молекуласы болады? Барлық оксидтерінің формуласын жазып, мольдік массасын есепте. (6 түрлі молекула)
3 - сабақ
Сабақтың тақырыбы: Күрделі заттардағы элемент атомдарының массалық үлестерін және массалық үлестері бойынша заттың формуласын табуға есептер шығару .
Сабақтың мақсаты: Типтік есептер шығару үшін оқушылардың теориялық білімдерінің негізінде күрделендірілген есептерді логикалық әдістер бойынша есептеуге үйрету және есеп шығарудың әр түрлі тәсілдерін меңгерту.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
Химиялық қосылыстардың формулаларына байланысты негізінен екі түрлі есептеулер жүргізуге болады. Егер, химиялық қосылыстың формуласы белгілі болса, онда оның құрамына кіретін әр атомның массалық үлесін табуға болады. Қосылыс құрамына кіретін элементтердің моль сандарының ең кіші қатынасын көрсететін ең қарапайым формуласын табуға болады. Заттың молекулалық формуласын табу үшін химиялық анализ мәліметіне қоса оның буының тығыздығы арқылы эмпирикалық формуланы нағыз химиялық формулаға ауыстыруға болады.
1-мысал: Құрамында 42,1% натрийй, 39,0% оттек және 18,9% фосфоры бар белгісіз заттың ең қарапайым формуласын табу керек.
Шешуі; Берілген заттағы әр элементтің моль сандарының ең кіші қатынасын табуымыз керек. Белгісіз заттың массасын 100г деп аламыз. Сонда белгісіз заттың 100 грамында 42,1г натрий, 39,0 г оттек, 18,9г фосфор болғаны. Әр элементтің моль санын табу үшін
; бұдан химиялық формуласын пайдаланамыз.
Бұл сандардың қатынасын бүтін сандарға сәйкес келтіру үшін математикалық әдіс қолданады. Ең кіші мәнді (0,61) анықтап, табылған мәндердің әрқайсысын осы ең кіші мәнге бөледі.
Сонда
х:у:z=3:1:4 орнына қойсақ Na3PO4 болады
Заттың берілген үлгісіндегі әр элемент атомдарының бойындағы заряд сол элементтің атомдарының зат мөлшеріне (моль) тура пропорционал. Оны табу үшін белгісіз заттың 100г массасын қарастырады. Сонда заттың 100г үлгісіндегі әр элементтің массасы сан жағынан сол элементтің берілген заттың құрамындағы проценттік мөлшеріне тең. Табылған әр элементтің массаларын олардың атомдарының мольдік массасына бөлсек, зат мөлшері анықталады.
Электробейтараптық принципінің теңдеуі.
Мұнда; n(Э1) – бірінші элементтің тотығу дәрежесі.
m(Э1) – заттың 100г үлесіндегі бірінші элементтің массасы.
M(Э1) – бірінші элемент атомының мольдік массасы.
2- мысал Белгісіз тұздың құрамында 31,8% калий, 39,2% оттек бар, қалғаны қышқыл түзетін бір элемент. Тұздың формуласын табу керек.
Шешуі:
Калийдің сыртқы қабатында 1 электрон ғана бар яғни, оң тотығу (+1) дәрежесін көрсетеді, ал оттек тұздардың құрамында (-2) тотығу дәрежесін көрсетеді.
Электробейтараптық теңдеуін құрсақ.
Оны шешу жолы:
Аr = 18096n/2549 = 7,1n Аr = 7,1n
Енді n – нің (тотығу дәрежесі) мүмкін болатын мәндерін қойып, оған сәйкес шығатын Ar мәнінің мағынасын салыстырсақ,
n=1 Ar=7,1 литий қышқыл түзбейді азотқа жақын (+2)-де азот
n=2 Ar=14,2 қышқыл түзе алмайды.
n=3 Ar=21,3 бұл неон, натрий қышқыл түзбейді. Бұл кремний (+4) те қышқыл түзеді. Оған K2SiO3 – сәйкес келеді. Бұл
n=4 Ar=28,4 жерде W(K)=51% есеп шартында W(K)=31,8%
n=5 Ar=35,5 бұл хлор хлор қышқыл түзсе HClO3 – оған КClO3 –
сәйкес келеді ж/е есептеу бойынша W(K)=31,8% ―
бұл есептің бойынша шешуі бола алады.
n=6 Ar=42,6 ― элемент жоқ.
n=7 Ar=49,6 титан мен ванадийге жақын, бірақ олар+7 тотығу дә-
режесін көрсетпейді.
n=8 Ar=56,7 бұл темірге жақын, темірдің мұндай қосылысы
әзірге табылған жоқ.
Олай болса, есептің жауабы КClO3
3- мысал: Тұрақсыз анорганикалық қышқылдың құрамында сутек, оттек және күкірт бар. Ондағы күкірттің массалық үлесі 56,14%. Қышқылдың формуласын табу керек.
Шешуі:
Заттың құрамына кіретін элементтер түрі белгілі. Қышқыл құрамына кіретін сутектің тотығу дәрежесі +1, оттектікі -2, ал күкірттің тотығу дәрежесі айнымалы болғандықтан оны “n” деп белгілейік.
Электробейтараптық теңдеуін құру үшін тағы бір элементтің массалық үлесін білуіміз керек. Сутектің массалық үлесін – “х” десек, онда оттектің массалық үлесі W(O)=100 – 5614-x=43.86x болады.
Электробейтараптық теңдеуін жазсақ,
[Ar(H)=1 Ar(S)=32 Ar(O)=16]
өрнекті ықшамдаймыз
32х+56,4n – 175,44+4х=0
36х=175,44 – 56,4n
х=4,87 – 1,56n.
Қоспадағы сутектің массалық үлесі теріс сан болуы мүмкін емес. Күкірттің тотығу дәрежесі +1, +3 болуы керек.
n=2 болса, онда сутектің массалық үлесі ал оттектің мссалық үлесі 4386 – х=42,1
Яғни, массаларының қатынасы
Енді зат мөлшерлерінің қатынасын табайық.
ең кішісіне бөлсек
1 : 1 : 1,5 екі еселесек,
2 : 2 : 3 H2S2O3 - тиокүкірт қышқылы.
4 – Мысал.
Белгісіз зат оттектен, азоттан, фосфордан және сутектен тұрады. Оның құрамындағы оттектің массалық үлесі 52,83%. Оның формуласындағы азот пен фосфор атомдарының саны бірдей, ал сутек атомдарының саны азот пен фосфор атомдарының сандарының қосындысынан 2,5 есе көп. Заттың 1 молінің массасы 150г мен 300г аралығында. Белгісіз заттың формуласын табу керек.
Шешуі:
Белгісіз заттың формуласын NxHYPzOk деп белгілеп, оның 100г үлгісін қарастырайық. Ондағы оттектің массасы сан жағынан проценттік мөлшеріне тең яғни, 52,83г. Оның зат мөлшері.
Басқа элементтердің массаларының қосындысы
100 – 52,83=47,17г
Есеп шарты бойынша
Осы жағдайда есекере отырып, теңдеу құрсақ,
Енді ν(Н) пен ν(Р) мәндерін ν(N) арқылы өрнектейік.
бұдан, ν(N)=0,94=ν(P).
ν(Н)=2,5[ν(N)+ν(P)]=2,5·2·0,94=4,72
одан. х:у:z:k=0,94:4,72:0,94:3,3=1:5:1:3,5=2:10:2:7
яғни, іздеп отырған формуламыз
N2Н10Р2О7
M=212г/моль есеп шартына сай келеді. Бұл заттың аты аммоний дигидродифосфаты (NH4)2Н2Р2О7
Достарыңызбен бөлісу: |