Әр тарау есеп шығаруға қажетті теориялық кіріспеден басталады



бет10/94
Дата04.12.2023
өлшемі2,14 Mb.
#134247
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   94
Тотығу-тотықсыздану реакциясы кезінде тотықтырғыштың қосып алған электрондарының саны тотықсыздандырғыштың берген электрон санына тең болуы керек.
Маңызды тотықсыздандырғыштар: металдардың бейтарап атомдары, әсіресе сілтілік және сілтілік – жер металдар, Al, Fe, Zn, Sn, кейбір бейметалдардың бейтарап атомдары көміртек пен сутек, бейметалдардың теріс зарядталған иондары (S2-, Se 2-, I-, Br -) және өзінің тотығу дәрежесін әліде болса көтере алатын металл катиондары, (Sn+2, Fe2+, Cr2+, Mn2+ және SO32-)
Маңызды тотықтырғыштар:
Бейметалдардың бейтарап атомдары мен молекулалары (F2, Cl2, O2, Br2, S, I2) және металдардың тотығу дәрежесі жоғары иондары. Мысалы: (Fe3+, Ge4+, Cu2+, Sn4+)
Құрамында элементтің тотығу дәрежесі жоғары атомдары бар күрделі иондар мен малекулалар (KMnO4, K2Cl2O7, K2CrO4, Pb(CH3COO)4, HАuCl4 ) және оттекті қышқылдар, олардың ангидриттері мен тұздары HСlO3, H2SO4, H2O2, KClO3, PbO2, MnO2, K3[Fe(CN)6]
Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлері:

  1. Молекулааралық – (әртүрлі бөлшектердің арасында электрон алмасуы)

  2. Диспропорциялау – бір заттың әр түрлі молекулалары бір мезгілде әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш болып әрекеттесетін реакциялар.

Молекула ішіндегі тотығу-тотықсыздану реакциялары – бір заттың молекуласының құрамына кіретін әртүрлі элементтердің арасындағы тотығу-тотықсыздану реакциясы. Тотығу дәрежесі жоғары элемент атомдары тотығу дәрежесі төмен элемент атомдарын
Әуелі бинарлы қосылыстардағы AI2+3O3-2 тотығу дәрежесін анықтауды одан соң күрделі заттағы H2+1C+4O3-2 элементтің тотығу дәрежелерін анықтауға жаттығу жасайды.
Қандай жағдайда химиялық элементтер оң, теріс, нөл тотығу дәрежесін көрсетеді? Тотығу кезінде бөлшектің тотығу дәрежесі артады. Мысалы, атом электронын берсе, оң зарядты ионға; теріс зарядты ион электрон берсе бейтарап атомға, оң зарядты ионға айналады; оң зарядты ион электрон берсе, оның оң заряды берген электрон санына сәйкес өседі
Реакциялардың бәрі ТТР-на жатпайды, тек теңдеуде тотығу дәрежелері өзгеретін элемент атомдары болса, ондай теңдеулер ТТР – на жатады. Енді оны заттың құрылысы тұрғысынан қарастыру қажет. Магнийдің күкіртпен әрекеттесуін қарастырамыз: Mg0 + S0 = Mg+2S-2
ЭБТ құру арқылы теңдеуді теңестіру: Mg0 – 2е = Mg+2 тотығады
S0 + 2е = S-2 тотықсызданады
Mg-тотықсыздандырғыш, S –тотықтырғыш, Магний сульфидіндегі +2,-2 тотығу дәрежесінің мәні айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет