Әр тарау есеп шығаруға қажетті теориялық кіріспеден басталады



бет8/94
Дата04.12.2023
өлшемі2,14 Mb.
#134247
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   94
ІІІ Сабақты бекіту:
1.Газ тәрізді заттың буының тығыздығы бойынша оның формуласын табу.
Құрамында 54,55% көміртек (С) 9,09%, сутек (Н) және 36,36%, оттек (О) бар белгісіз заттың сутек бойынша тығыздығы 22. Ол зат күміс оксидін оңай тотықсыздандырып, қышқылға айналады. Белгісіз заттың құрылымдық формуласын табу керек.
2.Алюминий сульфидінде Al= 36% . Сульфидтің қарапайым химиялық формуласын тап
3. Газ құрамында С- 80%, Н – 20%. Мольдік массасы 30 г/ моль. Газдың малекулалық формуласын табыңдар.
4. Газ құрамында С -85,7% ,Н – 14,3%. Газдың Р = 1025г/л «қ.ж). Газдың малекулалық формуласын табыңдар.
5. Массасы 20г натрий , 23,5г сумен әрекеттескенде неше грамм натрий гидроксиді түзіледі.
Үйге тапсырма:
1. Массасы 56г калий сумен әрекеттескенде нешелитр (қ.ж) сутек бөлінеді
2. Массасмы 45г кальций хлориді күміс нитратымен әрекеттескенде 15г күміс хлориді тұмбаға түсті. Зат шығымының теориямен салыстырғандағы шығымын есепте.

4 -сабақ
Сабақтың тақырыбы: Жағуға жұмсалған оттек бойынша жанған заттың формуласын табу.
Сабақтың мақсаты : Оқушыларға жағуға жұмсалған оттек бойынша жанған заттың формуласын табуға және есептеуге үйрету.
Сабақтың барысы:І Ұйымдастыру кезеңі
ІІжаңа материалды меңгерту

  1. Мысал: Массасы 4,4 грамм көмірсутекті жақанда 13,2 грамм көмірқышқыл газы түзілді . Көмірсутектің қалыпты жағдайдағы тығыздығы 1,96 г/л . Көмірсутектің малекулалық формуласын есепте.

Шешуі:
Берілген көмірсутектің мольдік массасын есептейік .
М(СХНУ)= 1,96 г/л * 22,4 л/ моль = 44 г/ моль
Түзілген көмірқышқыл газының массасы бойынша көмірсутек құрамындағы көміртектің массасын табамыз .
М(СО2) = 44 г/ моль
М(С) = 12 г/ моль
44 г/ моль ---- 12 г / моль
13,2 г ----- х
Х = 13,2г * 12 г/ моль / 44 г/ моль = 3,6 г
C = 3.6/ 12 = 0.3 Жауабы: С3 Н 8
Тексереміз: Мr (С3 Н 8) = 12 * 3 +1*8 = 44



  1. мысал: Белгісіз алканды жағу үшін осы көмірсутек буының көлемінен көлемі 8 есе артық оттек қажет. Осы алканның малекулалық формуласын есептеп табыңдар.

Шешуі: Көмірсутектің алкандардың жалпы формуласы бойынша өрнектеп , есептің шартында берілген оттектің коэффициентін қойып, оның жану реакциясының теңдеуін жазамыз.

Cn H2n + 2 + 8O2 = n CO2 + ( n + 1 ) H2O


Реакцияға түсетін оттек атомдарының саны мен реакция өнімдері құрамындағы оттек атомдарының саны өзара тең болулары керек , олай болса:

8*2 = 2n +n + 1


Теңдікті шешіп n -нің мәнін табамыз:
16 = 3n + 1
n = 5
алкандардың жалпы формуласына C n H2n +2 қойып есептесек пентан C5H12 шығады.
3- мысал: Массасы 9,2 органикалық затты жаққанда 10,8 г су және 8,9 л (қ.ж) көмірқышқыл газы түзілді . Зат буының хлормен салыстырғандағы тығыздығы 0,6447 – ге тең . Қосылыстың малекулалық формуласын тап.
Шешуі: 1. Қосылыстың құрамындағы көміртектің массасын есептейміз.
С → СО2
12г----22,4л/моль
Х -----8,9л
Х = 4,76 г
2. Қосылыс құрамындағы сутектің массасын есептейміз:
2Н → Н2О
2г------18 г/ моль
У------10,8 г
У= 1,2 г
3.Қосылыс құрамындағы көміртек пен сутектің массалары арқылы бастапқы заттың құрамындағы оттекті табамыз.
m (C) + m (H) = 4.76г +1.2г = 5.96г
4. Қосылыстағы оттектің массасын табамыз:
9.2г – 5.96г = 3.24 г
5. Зат құрамындағы әр элементтің мольдік қатынасын табамыз:
V(С):V(Н):V(О) = 4,76/12:1,2/1:3,24/16 = 0,397:1,2:0,2 =2:6:1 Жауабы : С2Н5ОН




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет