ІV Сабақты бекіту:
Қандай реакцияларды гидролиз дейміз?
Калий цианиді KCN қалай гидролизденеді
Мыс (II) хлоридінің гидролизі қалай жүреді.
Төменде жазылған молекулалық түрдегі теңдеуді ион – молекулалық түрге келтір. ZnCl2 +H2O = ZnOHCl +HCl
ZnOHCl + HOH =====Zn(OH)2 +HCl
Zn +HOH--------ZnOH + H
ZnOH+ HOH==== Zn(OH)2 +H
Формулалары мынандай тұздардың гидролизі кезінде қандай орта пайда болады FeSO4, Na2S, AlPO4, NaNO3, KCl
FeSO4 + 4H2O= Fe(OH)2 +H2SO4
Na2S +2H2O = 2NaOH +H2S
Үйге тапсырма:
Төмендегі тұздардың қайсысы гидролизденеді. Мүмкін болатын гидролиз теңдеуің жазып , берілген ерітіндінің ортасын анықта.SnCl2, CH3COONa, K2S
SnCl2 – тұзы гидролиз кезінде қышқылдық ортаны көрсетеді CH3COONa- тұзы гидролиз кезінде негіздік ортаны көрсетеді. K2S- тұзы гидролиз кезінде орта негіздік болады
Құрамында NH4Cl бар сулы ерітінді қайнатқанда , ол бұрынғыдан иқышқылданады. Мұны қалай түсіндіруге болады.
NH4Cl+H2O=NH4OH+HCl
12 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция теңдеуі бойынша есептеулер
Сабақтың мақсаты: Химиялық реакция теңдеулері бойынша есер шығару біліктілігін тереңдету. Күрделенген есептерді оңайлатылған алгебралық әдістерді пайдалана отырып, әрі заттардың химиялық қасиеттерін, химиялық реакцияның жүру заңдылықтарын ескере отырып, жүзеге асыра білу.
Сбақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
ІІІ жаңа материалды меңгерту
Химиялық реакция теңдеулері бойынша жүргізілетін есептеулердің негізгі, әрекеттеуші және түзілген заттардың қасиетіне, стехиометриялық коэфиценттеріне заттың көптеген қасиеттерін (зат мөлшері) молекула саны ескеріліп, есептеу жүргізіледі. Есеп шығарудың ең оңай жолы – есеп шартында берілген заттың зат мөлшерін тауып алу керек, сонан соң, реакция теңдеуі бойынша қажетті заттың зат мөлшерін табу керек, Басқа шамаларды (масса, көлем т.б) табу жеңіл болады.
Практикада әрекеттесуші реагенттердің бірі немесе бірнешеуі артық мөлшерде болуы мүмкін. Реакция өнімдерінің зат мөлшерін реакция кезіндегі толық пайдаланған реагент бойынша есептеу керек.Оны шектеуші реагент деп атайды. Әрекеттесуші реагенттердің зат мөлшерін салыстыру арқылы шектеуші реагентті тауып алу керек.
Тізбектес реакциялар теңдеулері бойынша есептеулер.
Өндірістік үрдістерде өнім алу кезінде бастапқы заттан кейін бірнеше аралық өнімдер түзіледі. Өнім массасын анықтаудың соңғы кезде оңай жолы анықталды Аралық өнімдердің массаларын есептемей-ақ арнайы формуламен анықтауға болады.
1 – мысал: Құрамы 80% магнитті темірден тұратын әрбір тонна темір рудасынан құрамында 95% Ғе бар 570кг шойын алуға болады. Теориямен салыстырғанда шыққан темірдің массалық үлесінің шығымын анықтаңдар.
Есеп талқыланғаннан кейін, оның шарты жазылады. Жоспар құрылады.
Берілгені: Есепті шығару үшін шығымға байланысты
m (руда) =1т анықтамаларды еске түсіреді. Оны анықтайтын
m (шойын) = 570кг формуланы жазады.
ω(Ғе) = 0,95
ω(Ғе3О4) = 0,8 η = mпрак(Ғе) / mтеор (Ғе)
η(Ғе)-?
Практика жүзінде алынған темірдің массасын шойынның массасы мен
ондағы темірдің проценттік мөлшерімен анықтайды. Сонан кейін бір тонна рудадағы темірдің массасын табу үшін алдымен бір тоннадағы Ғе3О4 массасын табады. Сосын химиялық формула арқылы Ғе3О4 және оның молярлық массасы арқылы рудадағы Ғе массасын табуға болады. Осындай талқылаудан кейін барып,есептің шығару жоспары құрылады.
Шойындағы темірдің массасын табу.
m = 570 · 0,95 = 541,5 кг.
Бір тонна рудадағы Ғе3О4 массасын табу.
m (Ғе3О3) = 0,8· 1000 кг = 800 кг
Ғе3О4 құрамындағы темірдің массасын табу.(теориялық масса)
800 ----------------------- х
232 ----------------------- 168
х = 800 ·168 / 232 = 579
4.Темірдің массалық үлесінің шығымын анықтау.
η = mпрак(Ғе) / mтеор (Ғе) = 541,5 / 579 = 0,94 = 94 %
Достарыңызбен бөлісу: |