Буферлік сыйымдылық-буферлік әсердің өлшемі.
Буферлік сыйымдылық буферлік жүйелердің маңызды сипаттамасы болып есептеледі. Ортаның реакциясын ығыстыруға қарсы жасайтын буферлік жүйенің әсері буферлік сиымдылық деп аталады. Буферлік сыйымдылық 1л буферлік ерітіндіге оның рН-ын 1-ге өзгерту үшін қосылатын күшті қышқылдың немесе сілтінің 1моль эквивалент мөлшерімен өлшенеді.
Қышқылдық және сілтілік буферлік сиымдылықтар болады.
В = С/рН2 - рН1; моль/л
Буферлік сиымдылық буферлік жүйедегі компоненттердің концентрацияларының абсолюттік шамасына тәуелді болады. Компоненттердің концентрациялары неғұрлым жоғары болса,қышқыл немесе сілті қосқанда рН өзгерісі соғұрлым аз болады. Буферлік жүйедегі компоненттердің қатынасы 1-ге тең болғанда,буферлік сиымдылық ең жоғарғы шегіне жетеді. Буферлік сиымдылық ерітіндіні сұйылтқанда төмендейді,себебі ол компаненттердің концентрациясына тәуелді болады.
ІІІ Сабақты бекіту:
Буферлік ерітінділерге қандай ерітінділер жатады?
Буферлік ерітінділердің адам ағзасындағы қызметін
3. Ерітіндінің 100мл көлемінде 1 Na OH, болса нормальдық концентрациясы неге тең ?
4. Тығыздығы 1,53 1 М тұз қышқылының проценттік концентрациясы қандай ?
5. Массасы 345г 10% - ті ерітіндісіне 150мл су қосылды. Түзілген ерітіндідегі тұздың массалық үлесі қандай?
Үйге тапсырма
1. Тығыздығы 0,88 1 М күкірт қышқылының проценттік концентрациясы қандай ?
3. Массасы 450г 12% - ті ерітіндісіне 75мл су қосылды. Түзілген ерітіндідегі тұздың массалық үлесі қандай?
23 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ерітінділердің сутектік көрсеткішін (рН) анықтау
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сутектік көрсеткіш мәні рН анықтау әдіс- тісілдері мен таныстыру.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ жаңа материалды меңгерту
Ерітінділердің химиясында Н + және ОН – иондарының шамасы жиі кездеседі, сондықтан қолайлы болу үшін сутектік көрсеткіш туралы ұғым енгізілген. Кері таңбамен алынған сутек ионының молярлық концентрациясының ондық логарифмі сутектік көрсеткіш деп аталады және рН таңбасымен белгіленеді:
рН = -lg [H+]
рН-ты өлшеудің әртүрлі әдістері бар. рН-тың жуықталған мәнін қышқылдық-негіздік индикаторлар көмегімен анықтауға болады, себебі түсі сутек және гидроксид-иондарының концентрациясына байланысты өзгереді. Ең көп таралған қыщқылдық-негіздік индикаторлар лакмус, фенолфталеин және метилоранж болып табылады.
1 3 5 9 11 13
рН
Қызғылт Қызыл сары метило-
ранж
Қызыл Көк Лакмус
Түссіз Таңқурай Фенол-
түсті фталеин
Бірқатар индикаторларды таңдап рН мәндерінің бүкіл шкаласын қамтуға болады. Ғылыми лабороторияларда және өндірістік жағдайларда рН-ты арнаулы аспаптар – рН-метр және шыны электродты әмбебап иономерелр көмегімен анықтайды.
Көптеген химиялық және биологиялық процестер үшін рН мәні маңызды рөл атқарады. Көбірек белгілі ерітінділердің кейбіреулерінің рН -мәнін келтіреміз және оларға тән ортананың реакциясын көрсетеміз: асқазан шырыны – рН 1,7(күшті қышқылдық реакция), шым тезек суы – рН (әлсіз қышқылдық), жаңбыр суы рН 6 (әлсіз қышқылдық), құбыр суы – рН 7,5 (әлсіз сілтілік), қан - рН 7,4 (әлсіз сілтілік), сілекей – рН 6,9 (әлсіз қышқылдық), көз жасы – рН 7 (бейтараптық).
Топырақ ерітіндісінің рН мәніне сай топырақ күшті қышқылдық (рН 3-4),
қышқылдық (рН 4-5), әлсіз қышқылдық (рН 5-6), бейтарапты (рН 6-7), әлсіз сілтілік (рН 7-8), сілтілік (рН 8-9) және күшті сілтілік (рН 9-11) деп бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |