3 –мысал: Натрий мен калий хлоридтерінің 0,325г қоспасын суда еріткен. Сол ерітіндіге күміс нитраты ерітіндісінің артық мөлшерін құйғанда жалпы массасы 0,717грамм күміс хлоридінің тұнбасы түзілген. Бастапқы қоспадағы әр тұздың массалық үлесін есепте.
Шешуі;
Химиялық реакция теңдеуін жазайық.
(1)
(2)
Қоспадағы NaCl – нің массасын – хг
KCl – нің массасын – (0,325 – х)г болады.
№1реакция бойынша түзілген AgCl массасы – уг
№2 реакция бойынша түзілген AgCl(0,717 – у)г болады.
№1және №2 реакция бойынша, белгісіз заттың (х) екінші белгісіз зат (у) арқылы өрнектейміз. Ол үшін, 1реакция бойынша
хг – уг
58,5г – 143,5г
у=2,44х
№2реакция бойынша
(0,325г)-хг – (0,717-у)г
74,5г – 143,5г
осы жерде у-тің орнына мәнін қойсақ
(0,717-2,44х)·74,5=(0,325-х)·143,5
53,42 – 181,2х=46,64 – 143,5х
өрнекті ықшамдасақ
53,42 – 46,64= 181,2х – 143,5х
6,75=37,7х
х=6,75: 37,7
х=0,179
х=mNaCl=0,179г ал KCl – дің табу үшін 0,325 – 0,179=0,146г
4 – мысал: Массасы 50г кальций фосфаты, кальций карбонаты, аммоний карбонатынан тұратын қоспаны кептіргенде, 25,2г қатты қалдық алынды, оған су қосып, артық мөлшерде көмірқышқыл газын жіберді. Ерімей қалған массасы 14 г.
Бастапқы қоспадағы аммоний карбонатының массасын анықта.
Қоспа құрамындағы әр заттың ерекше қасиетін есепке алу керек.
Кальций фосфаты Ca3(PO4)2 қыздырғанда төзімді, суда ерімейді. Аммоний карбонаты қыздыруға тұрақсыз. Кальций карбонатын қыздырғанда айырылады.
Шешуі: Химиялық реакция теңдеулерін жазайық.
Кальций карбонатынан қалған қатты қалдық суда еріп, көмір қышқыл газының артық мөлшерімен әрекеттесіп, ерімтал кальций гидрокорбанаты түзіледі.
(2)
(3)
Қоспаны кептіргеннен кейінгі қалған қалдық кальций фосфатынан кальций оксидінен тұрады.
m(CaO)+m[Ca3(PO4)2]=25,2г
ал ерімей қалған қалдық – кальций фосфаты m [Ca3(PO4)2]=14г
m(CaO)=25,2-14=11,2
№2 реакциядан ν(CaO)=ν(CaCO3)=0,2моль болса
m(CaCO3)=M(CaCO3)·ν(CaCO3)=100г/моль·0,2моль=20г
олай болса
m[(NH4)2CO3]=m(қоспа) - [m(CaCO3+m(Ca3(PO4)2]=50г - (20г+14г)=16г
демек, (NH4)2CO3 массасы – 16г
Достарыңызбен бөлісу: |