Әр тарау есеп шығаруға қажетті теориялық кіріспеден басталады


Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі



бет47/94
Дата04.12.2023
өлшемі2,14 Mb.
#134247
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   94
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ жаңа материалды меңгерту
Өндіріске байланысты есептерде көбінесе берілген шикізаттардың құрамында қоспасы болып келетін мәліметтер болады. Бұл қоспалар өндірістік үрдіс кезінде тиісті өнімге айнала алмайды. Сондықтан да тиісті өнімге айналатын таза заттың массасын анықтау қажет болады. Оны формула арқылы анықтауға болады.
ω (таза зат) = m (таза зат) / m (қоспа)
m (таза зат) = m (қоспа) · ω (таза зат)
1- мысал: Құрамында 35% породасы бар 50т фосфорит заводқа әкелінді. Таза кальций фосфатының салмағын табу.
Шешуі:
Рудадағы таза кальций фосфатының мөлшері 65% (100% -35%) , ал бос порода ω (бос порода) = 0,35, ω (Са3(РО4)2) = 0,65
m ( Са3(РО4)2 ) = 50т · 0,65 = 32,5 т
немесе m ( қоспа ) = 50т · 0,35 = 17,5 т осыдан
m ( Са3(РО4)2 ) = 50т - 17,5 = 32,5 т


Жауабы: m ( Са3(РО4)2 ) = 32,5 т


2- мысал: Құрамында 92% кальций карбонаты бар (СаСО3) бар 500 кг известняктен қанша көлем көмір қышқыл газын алуға болады және сөңдірілген әктінің массасын табу.
Ш ешуі:
m(СаСО3) = 500кг Кальций корбанаты СаСО3 массасын табу:
ω (СаСО3 ) = 0,92 m (СаСО3 ) = 500 кг · 0,92 = 460 кг
V(СО2)-? m(СаО)-? Кальций корбанатының айырылу реакциясын жазамыз:
СаСО3 = СаО + СО2
Химиялық теңдеу бойынша m (СаСО3 ) = 100 кг
m (СаО) = 56 кг
V(СО2) = 22,4 м3
Есепті шығару үшін массаларын салыстыру әдісін қолданамыз.
460 кг > 100 кг (4,6 есе) олай болса V(СО2) және m (СаО) да 4,6 есе көп болады.
V(СО2) = 22,4 м3 · 4,6 = 103 м3
M (СаО) = 56 кг · 4,6 = 257,6 кг
Жауабы: Кальций корбанаты өртегенде 257,6 кг СаО және 103 м3 СО2 алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет