Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың түзете –дамыту көмегін көрсету үдерісінде атқарылатын іс-шаралар. Балаларға ерте жастан түзете –дамыту көмегін көрсету үдерісінің мазмұны мынадай іс-шаралардан тұрады:
-баланың психофизикалық даму деңгейін кешенді әлеуметтік және медициналық –педагогикалық түзету көмегінің бағыттарын анықтау мақсатында пәнаралық бағалау;
-жеке дамыту бағдарламасын құру;
-жеке дамыту бағдарламасын жүзеге асыру;
-ата –аналарды баланың дамуын бағалау мен бақылауға үйрету,үй жағдайында дамытуға бағытталған ойындар мен сабақтарды ұйымдастыруды үйрету;
-ата-аналарға әлеуметтік –психологиялық қолдау көрсету, мүмкіндіктері шектеулі балаларға мемлекет тарапынан көрсетілетін кепілденген әлеуметтік қолдаулар туралы және мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат беру;
-жеке түзете –дамыту бағдарламасының тиімділігіне мониторинг жасау (ата-анамен бірлесіп)
Түзете дамыту үдерісінің негізгі құралдары ретінде мынадай материалдар қолданады. Түзете-дамыту жұмысын ұйымдастырушы топ мамандары әр түрлі көмекші компенсаторлы –техникалық құрал –жабдықтарды, арнайы құралдар мен психофизикалық даму деңгейін бағалауға арналған компьютерлік бағдарламаларды қолданады.
Жеке дамыту бағдарламасы келесі бөлімдерден тұрады: «Әлеуметтік –психологиялық қолдау», « Түзете -дамыта оқыту» .Жеке дамыту бағдарламасын құрып, жүзеге асыру барысына жетекші маман педагог –дефектолог немесе психолог жауапты болып табылады
Әр бөлім төрт кезеңнен тұрады. Бұл кезеңдер жеке дамыту бағдарламасының бланкісінде тіркеледі.
Баланың даму жағдайы мен ерекшеліктері және қажеттіліктерін анықтау.
Баланың дамуын бақылау нәтижелері, түзете –дамыту жұмыстарының тиімділігі мен дұрыстығын бағалау және әлеуметтік құқықтық кепілдемелері мен тиесілі қызмет түрін алу барысы үш немесе алты айда (бала аңғарымына байланысты) тіркеліп отырады. Мамандар жұмыс нәтижелерін «жеке дамыту бағдарламасының тиімділігі» деген бөлімге жазып отырады.
Ата –аналарды оқыту топ мамандарының міндеті болып табылады. Ата –аналарға баланың дамуын бағалау мен бақылау туралы, бала күтіміне байланысты және қажетті құрал –жабдықтар мен ойыншықтарды қолдану туралы,үй жағдайында сабақтар өткізуге қатысты және т.б кеңестар беріледі. Ата –аналарды оқыту (кеңес беру, тренингтер, дәрістер) мамандардың оқыту жоспарына отбасына қолдау көрсету ретінде енгізіледі. Ата –аналармен жұмыс жоспарына ЖДБ –ның барлық тарауларына жататын « Ата –аналарға кеңес беру» тарауы жатады.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың төмендегідей топтары көрсетіледі:
1-топ. психикалық және дене дамуында түрлі бұзылымдары бар ба-лалар: көру, есту, сөйлеу бұзылымдары, зияты, тірек-қозғалыс аппа-раты, психикалық дамуы тежелген және эмоционалды-ерік-жігер аясы зақымдалған балалар.
2-топ. Оқытудағы ерекше қиындықтары, мінез-құлық және эмоциялық проблемалары бар балалар.зияты қалыпты балалардың ерекше қиындықтары жеке оқу дағдыларын меңгеруде байқалады: оқу, жазу және санау (дисграфия, дислексия, дис-калькулия және т.б.). бұл қиындықтар уақытша сипатқа ие және оны балаларға мамандардың тиісті көмегімен жоюға болады. мінез-құлық және эмоционалдық проблемалар ерекше психологиялық факторлар-дан (отбасында тәрбиенің бұзылуы, ата-ана мен баланың және отба-сы ішілік қатынастың бұзылуы), сонымен қатар дамуындағы ерекше проблемалардың болуынан (гипербелсенділік және толыққанды көңіл бөлмеуден, аутистикалық бұзылыстар спекторы және т.б.) құрдастарымен және мұғалімдерімен қарым-қатынас жасаудағы әртүрлі қиындықтардан (енжарлық, тұйықтық немесе жанжалдық, тіл алмаушылық, агрессивтілік) пайда болуы мүмкін.
3-топ. әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, тілдік, мәдени ерекшеліктерінен туындайтын ерекше білім беруге қажеттілігі туындай-тын балалар. бұл топқа микроәлеуметтік және педагогикалық қараусыз қалған нашар отбасынан шыққан немесе бала тәрибесіне көңіл аудармай-тын отбасылардан, әлеуметтік қатерлі топтағы отбасы балалары (ішімдікке, нашақорлыққа жақын ата-аналар), сонымен бірге жергілікті әлеуметке бейімделуде қиындықтары бар (босқындар, мигранттар, оралмандар) не-месе оқу тілін түсінбейтін және бұл тілде сөйлемейтін балалар кіргізіледі.
ҚР инклюзивті білім беру принциптерін енгізіп отырған жалпы білім беру педагогтары үшін ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушы - психикалық және дене дамуы бұзылған (мүмкіндігі шектеулі) бала ғана емес, сонымен қатар оқытуда қиындықтарға тап болған кез келген бала екенін түсінулері маңызды.психикалық және дене даму бұзылыстары жоқ екінші және үшінші топтағы балалар көбінесе психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеске жүгінбейді және ол арқылы анықталмайды. сәйкесінше, жалпы білім беретін мектеп балалардың бұл топтарын да өз назарынан қалдырмай және оны уақытында анықтап, оларға көмек көрсетуі тиіс.
Әдебиеттер тізімі
1.Проектирование корекционного обучения дошкольников с общим недоразвитием речи, М. С.Грушевская, Э.Р.Амирова, Н.Н.Досанова, Г.М.Итекова, В.И.Тутарова Н.А.Субботина,Н.В. Янова I-II часть. Алматы 2010ж
2.Арнайы мектепте математика пәні бойынша педагогикалық бақылауды ұйымдастыру. .И.Г.Елисеева Алматы, 2010ж
3.Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. В.С.Мухина, Алматы Мектеп,1981ж
4.Дефектология №2, 2014