2.2.
Оқушы _____________________________ 20___ 20___ оқу
жылдарына:
а) МББС-ына сәйкес келетін жалпы білім
беру бағдарламасы және ПМПК
ұсыныстарын есепке ала отырып, мектептік психологиялық-медициналық-
педагогикалық консилиум (ПМПк) әзірлеген түзете дамыту жұмысының жеке
бағдарламасы бойынша жеке психологиялық-педагогикалық қолдаумен
_______ инклюзивтік сыныпқа;
б) МББС-ының негізінде құрылған арнайы (бейімделген)
бағдарлама және
ПМПК ұсыныстарын есепке ала отырып, мектептік психологиялық-
медициналық-педагогикалық консилиум (ПМПк) әзірлеген түзете
дамыту
жұмысының жеке бағдарламасы бойынша жеке психологиялық-педагогикалық
қолдаумен _______ арнайы сыныпқа қабылданады.
2.3
.№ ... ОБМ-і және ата-аналар психологиялық-педагогикалық қолдау
қызметінің мамандарының оқушыны психологиялық-медициналық-
педагогикалық кешенді түрде тексеру негізінде құрастырылған жеке түзете
дамыту
жұмысының бағдарламасымен, сондай-ақ мамандармен сабақ
кестесімен өзара келіседі.
2.4. № ... ОБМ-і әрекеттегі заңнамаға сәйкес білім беру үдерісінің
нәтижелерін бағалайды, аттестация нәтижелері
бойынша оның тиімділігі
туралы шешім қабылдайды.
3. № ... ОБМ-і нің құқығы мен міндеттемесі
3.1. № ... ОБМ-інің құқықтары
3.1.1.
Оқушыны мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау түрін
бұл жұмысты ПМПК ұсыныстарына сәйкес және оқушының мүмкіндігі мен
қажеттілігін психологиялық-педагогикалық кешенді түрде тексеру негізінде
мамандар анықтайды.
3.1.2.
Сабақты ұйымдастырудың түрлерін, педагогикалық технологияны,
оқыту
әдістемесін, тәрбиелеу мен түзете дамыту жұмысын баланың
мүмкіндігін есепке ала отырып, ата-аналарының
келісімімен өздігінен
әзірлейді, таңдайды және қолданады.
3.1.3.
Оқушылардың түзете дамыту сабақтарына баруының жеке кестесін
оқушының ата-анасының келісімімен және № ... ОБМ-інің ПМПк ұсыныстары
бойынша құрады және өзгертеді.
3.1.4.
Баланы жанұяда тәрбиелеу мен оқыту, рухани және дене
тұрғысынан жетілдіру
бойынша ұсыныстар ендіреді, сонымен бірге ата-
аналарға емдік-сауықтыру мекемелеріне баруды ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: